1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
16 тамыз 2016
Үштiлдiлiк – үш басты аждаһадан да жаман
МҰНДАЙ КЕСIРЛI «РЕФОРМАНЫҢ» АЯҒЫ ҰЛТТЫҢ ЖОЙЫЛУЫНА ӘКЕП СОҒУЫ ӘБДЕН МҮМКIН
Республика мұғалiмдерiнiң тамыз конференциясына қатысушылар назарына
Ертең, яки 17 тамыз күнi республика мұғалiм­дерiнiң дәстүрлi тамыз конференциясы өтедi. Осы конференцияда үштiлдiлiктiң зияны мен зардаптары жөнiнде сөз қозғалуы мүмкiн бе? Әй, қайдам... Бiзге жеткен деректерге сенсек, Бiлiм және ғылым министрлiгi 5-сыныптан бастап физика, химия, информатика, математика, жалпы жаратылыстану пәндерiн жаппай ағылшынша оқытуды 2019 жылға шегерiптi. “Бұған әлi дайындығымыз аз” дептi.
11 тамыз 2016
9 тамызда Бауыржан Байбектiң Алматы қаласының әкiмi болғанына бiр жыл толды. Осы уақыт iшiнде әкесiнiң президентпен бiрге оқығанын мақтан ететiн жас әкiмнiң не тындырып үлгергенiн және қандай iсiмен есте қалғанын саралап көрейiк. Ағаттықтарын тiзуден бұрын елiмiздегi ең iрi қаланың жас әкiмi атқарған оң iстердi де айта кетейiк. Бауыржан Байбек Астанадағы жақсы тәжiрибенi өзiмен ала келдi. Бұған дейiн елiмiздiң бас қаласы
11 тамыз 2016
Путин мен Ердоған: Қақтығысқандарды мүдделер тоғысы құшақтастырды

“Халықтарымыздың жоғарғы мүдделерi мемлекетаралық қарым-қатынастарымыздың деңгейiн қалпына келтiрудi талап етедi”. Ресей президентi Владимир Путин Түркия президентi­мен бiрлесiп өткiзген баспасөз мәслихатында осылай дедi. Владимир Путиндi бес мәрте “қымбатты досы” есебiнде атаған Ережеп Ердоған: “Бүгiн мен және менiң қымбатты досым Владимир Путин қарым-қатынасымызды жақсарту мәселелерi бойынша бiрдей ұстанымда екенiмiздi көрсеттiк. Бiз екi елдiң әлеуетiн өңiрдегi тұрақтылық жолында пайдалануымыз керек” деп ағынан жарылды.

9 тамыз 2016

Тәуелсiздiкке қол жеткiзгеннен бастап ел басқару жүйесi озбырлықтарға жол берiп, конституциялық құқықтарды өрескел бұзумен, сөз бостандығын тежеумен келедi. Бұдан 5-10 жыл бұрын болған оқиғаларды еске алсақ, қоғамға шындықты жеткiзген басылымдар мен ұлт жанашырларының бәрi қуғын-сүргiндi бастан кешiрiп келедi. Ал соңғы жылдары сөз бостандығы бұрын-соңды болмаған қудалауға, қыспаққа түсiп отыр. Жуырдағы жер дауынан берi билiк репрессияға бет бұра бастады

4 тамыз 2016
КРЕМЛЬДIҢ АГРЕССИЯСЫ ҚАЗАҚСТАНҒА БАҒЫТТАЛА МА?
Cоңғы апталарда Батыс елдерiндегi жекелеген саяси орталарда аяқастынан «Ре­сей Қазақстанды басып алуы мүмкiн» деген тақырыпта пiкiрталас қызды. Ресей көршiсiнiң сол­түстiк облыстарына қарсы “Қырым сцена­рий­iн” қолдануы ғажап емес дейтiн сәуегей-сая­саткер, саясаттанушылар табылды. Әлеу­меттiк желiлерде бұл әңгiменiң желдей ескенi соншалық, ақырында Ақорда қорғаныс ми­нистрiнiң аузымен елдi сабырға шақыруға мәжбүр болды.
2 тамыз 2016
Қылыш үстiнде серт жүрмейдi

Президент Н.Назарбаев премьер-министр К.Мәсiмов­ке тамыз айының аяғына дейiн жер комиссиясы жұмысының қорытындысын жариялауды тапсырды. Әу баста билiктiң тапсырысымен құрылып, Ақорданың тiзiмiмен жасақталған бұл комиссия не тындырды? Ең бастысы, жер мәселесi қалай шешiлмек? Жер, ел үшiн алаңға шығып, Атырауда митингi ұйымдастырған белсендiлердiң тағдыры не болмақ? Бұл сұрақтарға билiктiң не айтатыны белгiлi. Ал қоғам не дейдi? Жер мәселесiнiң шешiмi қандай болуы тиiс?

26 шілде 2016
«Әскерге бала бермейміз»
БОСТАНДЫҚ ҮШІН ЖАНЫН ҚИҒАН ҚАЗЫБЕК ШОРМАНОВ КІМ?
Атамыз Қазыбек Шорманов 1916 жылғы Қарқара – Албан көтерілісін ұйымдастырушы-басшысының бірі болғандығы жөнінде 2010 жылғы Қазақстан тарихының 3-томының 643-бетінде, Т.Жұртбаевтың «Бейуақ», Т. Ілиясұлы мен      Ж.Қарабайұлының «Қарқара көтерілісі», С.Байжановтың «Архив – айғақ», С.Тәнекеевтің «1916. Қарқара – Албан көтерілісі» атты кітаптарында нақты көрсетіледі. Бұған тәубе дейміз.
26 шілде 2016
Алаш отряды. Амангелдінің жұмбақ өлімі

Газетіміздің №56 санында (14.07.2016ж.) Торғай мен оған шектес Ырғыз уездерінде ұлт-азаттық көтерілісінің қалай тұтанғанын баяндағанбыз. Күздің соңында жазалаушы отрядтармен ауыр шайқастарды өткеріп, «қазақ зеңбіректен қашып тарап кеткен соң» әскер олардың соңынан түсті. Бірақ Ресейдегі саяси бүліктің салдары қазақ даласына жеткенде көтерілісті жазалау әрекеттері саябырлады, жағдай басқаша сипат алды.

26 шілде 2016
Қызылсай қырғыны

...Шу өзенінің теріскейін бойлай, қатар жатқан Өрікті, Сары­бұлақ, Жолдысай, Жансай сағала­рында мал өсіріп, егін салып, өзі­мен өзі жатқан қазақ ауылдарын «Патша соғыстың қара жұмысына қазақтан адам алатын болыпты» деген жайсыз хабар дүр сілкінді­реді. Көп ұзамай «Өмірбайдың Көкағашы» деген жерде Сырымбет елінің Ырғайты, Қалғұты, Шөміш болыс­тықтарына қарасты елдің бірлескен жиыны өтеді. Аттарын ойқастатқан старшын, ауылнай атаулылар: «Ақ патшаға қарсы бол­маңдар,

26 шілде 2016
Бес нәрсені біліңіз
1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс қанды қырғынға, қасіретті босқындыққа ұласты...Сондықтан да бүгінгі Тәуелсіздігіміз үшін құрбан болғандарды алдымен ел болып аза тұту, сонсоң барып ұлықтау жөн деп білеміз. Мен бұл мақаламда төмендегідей шындықтарға мән бергім келді. Біріншіден, Ресей патшасының жаппай қырып-жою әрекеті – қазақ ұлтына жиырмасыншы ғасырда жасалған барлық геноцидтің басы. Неге?
26 шілде 2016
Қандастары хан көтерген...
ТҰРЛЫҚОЖА ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?
Тұрлықожа Жансеркеұлы әуелде Ресей әкімшілігіне қызмет етіп, болыс болған. Бірте-бірте орыс озбырлығын көрген. Июнь жарлығы, Ұзақтың үйіндегі бата, Айттөбедегі ереуіл, ел басына төнген қайғының қара бұлты, зорлық-зомбылық, елдің бас көтерер азаматтарының құрбан болуы, мұздай қаруланған патша әскерімен ашық соғыс – бәрін басынан кешірген ол, ақыры патша үкіметінің қас жауына айналған.
26 шілде 2016
Елiне қорған, әлсiзге пана болған
ҚОЖЕКЕ ЖАРЫЛҚАСЫНҰЛЫ ОТАРШЫЛАРМЕН, АҚ ПАТШАМЕН, АҚ ГВАРДИЯМЕН АЙҚАСТЫ.
Нарынқол топырағында 1883 жылы Үлкен Қақпақта дүниеге келiп, 1916 жылы Албан көтерiлi­сiнде қолбасшы болған менiң атам Қожеке Жарылқасынұлы да елiнiң қамын ойлаған батырдың бiрi. Қожеке Албан iшiндегi Бәймен руынан Жарылқасын деген кiсiнiң баласы. Шешесi Ұлбөбек Құрман елiнiң Елiкбай руынан шыққан батыр, әрi күйшi, сазгер
26 шілде 2016

Иманқұлдың Әбдiрахманы – Сарықопа бойындағы Майқарауды 30 жыл басқар­ған болыс, Мекке-Мәдинеге екi рет барған қажы, ақын, күллi Арқа өңiрiне абыройлы тұлға. Июнь жарлығынан кейiн Торғай дуанына келiп болыс-билермен жиналыс аш­қан генерал-губернаторға қызметтен айырыламын, айдалып кетемiн деп бүгежектемей, “Қомсынғанға Алла бар, сом темiрге балға бар, қазақты басынбаңдар” деп қарсы шапқан

26 шілде 2016
100 жыл бұрын және бүгiн
Тарихи маңызы зор осынау айтулы оқиғаны тағы бiр мәрте сараптау мақсатында бiз төмендегi­дей сауалдарға ой жүгiрткендi жөн көрдiк. Тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелдi мен жазушы Тұрсын Жұртбайдың және саясаттанушы Айдос Сарымның бұл орайдағы жауаптарын оқи аласыздар.   
 
26 шілде 2016
«Басты айыпкер – патша өкiметi!»
1916 ЖЫЛҒЫ КӨТЕРIЛIСТIҢ МЕМЛЕКЕТТIК ДУМАДА ҚАРАЛУЫ
Қазақ халқының 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерiлiсi жеңiске жеткен жоқ. Бiрақ ол барша Түркiстан өлкесiндегi көтерiлiстермен бiрге Ресей империа­лизмiнiң мызғымас қамалын бұзған, монархияның құлауына жол салған, патшалыққа қарсы жұмсалған аса зор, күштi де қуатты соққылардың бiрi болды. Сондықтан да 1916 жыл көтерiлiсiн зерттеу, оны күллi сол кездегi ауқы­мында, барша түркi халықтары iшiнде орын алған үдерiстер
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»