1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №5 (16191)  19 қаңтар, бейсенбі 2017
14 маусым 2016

5 маусымда Ақтөбеде болған қанды оқиғадан бiрнеше күн өткен соң ғана экраннан көрiнген Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев оқиғаны террорлық шабуыл деп атап, оны шетелден нұсқау алған радикалды дiни ағым өкiлдерiнiң жасағанын мәлiмдедi. Назарбаевтың ойынша, олар мұны “түрлi-түстi төңкерiстi” бастау үшiн ұйымдастырған көрiнедi.

9 маусым 2016
Түрмедегi төңкерiсшiлдiң «сыбайластары» туралы бiз не бiлемiз?

Ойды ой қозғайды. Осыдан төрт жыл бұрын Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекетiнде болған оқиға ерiксiз еске түседi. Аузынан әлi ана сүтi кетпеген сарбаз Владислав Челах түсiнiксiз жағдайда өзiнiң 14 қарулас серiгiн бiр түнде жер жастандырды. Бiр солдат 14 серiгiн қырып салды дегенге сенетiндерден гөрi сенбейтiндер көп. Мынау да дәл сол сияқты. Бұзықтық жасады, тентектiкке барды дегенде, ары кетсе “разборкалардың” iшi-сыртында жүруi мүмкiн шымкенттiк кәсiпкер Тоқтар Төлешов мемлекеттiк төңкерiс жасап, билiктi басып алмақ болды деп айыпталып отыр.

7 маусым 2016
Қақтығыс артында кiм тұр?

Ақтөбедегi атыс екiншi күнге ұласқанда билiк бұл сұрақтың жауабын айтты. Қарулы қақтығыстың от көсеушiсi – Тоқтар Төлешов екен. Оның сыбайластары есебiнде бiрнеше адам қамауға алынды. Олардың арасында бұрын бiр облыстың iшкi iстер департаментiн басқарған генерал да, бас прокурордың бұрынғы орынбасары да, тiптi қазiр әскери қызметiн атқарып жүрген командирлер де бар. Бұл тiзiм әлi де жалғасуы бек мүмкiн. Қақтығыстан 21 адам көз жұмып, 38 адам жара­лан­ған. Атыс толық тоқтады деп әзiрге ешкiм

2 маусым 2016

Жерді сату және шетелдік­тер­ге жалға беру туралы мә­селе соңғы уақытта ушы­ғып, халық арасында зор толқу туғызғаны мәлім. Еліміздің әр тарапында ашынған жұрт ашық бой көтеріп, ереуілге шықты. Мұндай қадамға баруы заңды да, өйткені бұл малмен, егіншілікпен жан бағып отырған қарапайым көпшілікті күнкөрісі­нен айырумен бірдей ағаттық еді. БАҚ-да үкімет шенеуніктері 1млн 700 мың гектар алқаптың Қазақстан аза­маттарына саты­ла­тынды­ғын және шетелдіктерге 25 жылға дейін жалға берілетін­дігін мәлімде­ді.

31 мамыр 2016

Мамырдың 28-i күнi Астанада үкiмет жанынан құрылған жер комиссияның үшiншi отырысы өтiп, онда “шетел азаматтарына ауыл шаруашылығындағы жердi жалға беру қажет пе?” деген мәселе қаралып, жиынға қатысқан 62 адамның 30 шақтысы сөз сөй­ледi. Мұның алдында өткен екi отырыспен салыстырғанда бұл жолы пiкiр бiлдiргендердiң көп­шiлiгi “екi шоқып бiр қараған” сауысқанның сақтығын ұстанғандай болды.

31 мамыр 2016
Қасiреттi «қара пима» мен қасиеттi қара жер
Құқықтық мемлекет құрып жатырмыз деп ойлаушы едiм. Көңiлiм көкте екен. Жаңа­өзеннен кейiнгi жылдары жербауырлап қалды. Қанатынан қайырылып... Кейiнгi күндерi көшедегi жүргiншiден сақшылар саны көбейдi. Анағұрлым. Қара­ғұрым. Бұлар бiздi қорғап жүр ме? Кiмнен? Әлде басқаларды бiзден қорғап жүр ме? Олары кiм? Бiзден не қауiп?.. Бiраз күн бұрын бiраз жұртты қамап тастады. Iшiнде кәрi де, жас та бар. Кеше де бiраз жұртты ұстап әкетiп, бiраз әурелеп барып босатып жатты. Iшiнде кәрi де, жас та бар.
24 мамыр 2016

Сонымен, мамырдың 21-i күнi Астана мен Алматы көшелерiндегi бейбiт халықты қара “каскалы” һәм қара “маскалы” арнайы жасақ жаппай ұстап, алдын ала дайындап қойған автобустарына малша тиеп жатқанда премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың бастауымен Астанадағы ұлттық музейде жер комиссиясының екiншi отырысы ың-шыңсыз өте шықты. Комиссия төрағасы Бақытжан Сағынтаевтың

24 мамыр 2016
Жер – қазақтiкi!

“Жас Алаш” газетiнiң редак­ция­сына мұхиттың арғы бетiнен арнайы хат келдi. Хат жолдаушы– қазақ әдебиетiнiң көзi тiрi класси­гi Мұхтар Мағауин ағамыз. Мұхаң қазiр Вашингтонның iргесiндегi Роквилл кентiнде тұрып жатыр. Ең басты жаңалық, жазушы “Шыңғыс ханның” төртiншi кiтабын тәмамдапты. Төрт кiтаптан тұратын аса құнды бұл еңбектiң қазақ тарихы ғылымына зор бетбұрыс жасайтынына,

17 мамыр 2016
Жетпiстiң жетi сағаттық айтысы жер дауының оңайлықпен бiтпесiн аңғартты

Сонымен, үкiмет жанынан құрылған “жер комиссиясының” алғашқы отырысы 7 сағатқа созылып, жиынға қатысқан 70 адамның 60-ы сөз сөйлеп, “айтарларын айтып қалды”. Комиссия төрағасы, премьер-министрдiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев комиссия құрамына барлық аймақтардың өкiлдерi, парламент депутаттары, үкiмет мүшелерi, ғалымдар, ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлерi мен азаматтық белсендiлер қатысқанына ерекше

12 мамыр 2016

Біздің мемлекет сырттай қараған адамға – түбі шіріп жатқан, бірақ жапырағы жай­қа­лып тұрған әсем ағаш сияқты көрінеді. Алайда сол ағаштың түбі шіріп жатқанын көретін көз ғана көре алады. Ал жалаң ұранға еліткендер, тек сыртқы көрініс пен бүгінгі тыныштыққа тоқмейілсіп, бір күнгі тамағының тоқ болғаны­на және жеңіл жолмен ақша тапқанына мәз болғандар,

12 мамыр 2016
Зейнолла Кәкiмжанов: “Ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп өткере аламыз”
Бүгiнгi таңда төтесiнен қойылатын қабырғалы мәселе – жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру. Бұл мәселенi шешпей тұрып, жер қатынастарын реформалауға және жердi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану құқығы барларға бөлiп беруге (сату, жалға беру) болмайды.
12 мамыр 2016
Жердi жеке меншiктен мемлекет меншiгiне қайтару қажет!
Қадiрлi замандастар!
Жер мәселесi жеке меншiк объектiсi ретiнде президент Н.Назарбаев тарапынан алғаш күн тәртiбiне қойыла бастаған сонау 90 жылдардың басына бармай-ақ, 2003 жылдың 20 маусымы күнi “елбасы” халық наразылығына қарамастан Жер кодексiне қол қойған сәттен берi қарай бiздiң елiмiзде орын алған жағдайды қысқаша ғана шолып өтсек, не көремiз? Ата-бабадан бүгiнгi қазаққа мұраға қалған қасиеттi қара жердiң ең
6 мамыр 2016
Ақшаға зәрумiз
Халықаралық валюта қорының мәлiме­тiнше, қайтарылмаған несие жөнiнде Қа­зақстан бiрiншi орында екен. Таяуда ғана жерлестерiмiздiң 64 пайызы алған несие­сiн төлемей жүргенi белгiлi болды. Мұның себеп-салдары неде? Мамандардың айтуынша, бiздiң елiмiзде тұтынушылық несие әлi күнге дейiн қымбат. Ranking.kz сарапшыларының жазуына қарағанда, ең танымал несиенiң пайыздық мөлшерле­месi 30 пайыз шамасында.
6 мамыр 2016
Бельгия – бақыттылар елi
30 елге қара, өзiңе қара
Бельгия – бар болғаны 30,51 мың шаршы шақырым жердi алып жатқан Еу­ро­паның батысындағы шағын ел. Солтүстiгiнде Нидерландымен, шығысында Германиямен, оңтүстiгi мен батысында Франциямен және оңтүстiк шығысында Люксем­бург­пен шектеседi. 11 миллионнан астам тұрғыны бар бұл мемлекет халық санының аздығына қарамастан, тұрғындары ең тығыз орналасқан елдер санатына кiредi.
4 мамыр 2016
Көтеріліс тарихы сараланды
Биыл ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы. Соған орай жақында «Қазақстан­дағы 2016 жылғы көтеріліс: жаңа деректер мен зерттеу әдістері, мәселені қайта қорыту» атты дөңгелек үстел өтті.  Кеңестік кезеңде де, одан бергі уақытта да көтеріліс тарихы бойынша көптеген ғылыми зерттеу еңбектер, әдеби шығармалар жарық көрді. Дегенмен көтерілістің шығуына негіз болған мәселелер, отаршыл жүйенің көтерілісшілерге қарсы қолданған репрессиялық шаралары,
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»