1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Астананың Сарыарқа аудандық соты Қажымқан Мәсiмовтiң құқық қорғаушы Т.Сағымбаевтың үстiнен түсiрген шағымын қараудан бас тартты. Неге?
Ұлының премьер тағында көп отырмайтынын сезгендiктен
Әдiлдiкке бет бұра бастағандықтан
Iстi одан әрi ушықтырмауды ойлағандықтан
Үлкен Мәсiмов өнбейтiн арыздан өзi бас тартқандықтан
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (15477) 10 наурыз, сәрсенбі 2010
10 наурыз 2010

Қашқын күйеубала Рахат Әлиев-Шораз Қазақстанның Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевпен Венада кездескенiн мойындады ақыры. Австриялық «Пресс» басылымына берген сұхбатында ол былай дептi: «СIМ басшысымен кездесуiмiздi жария етпеу туралы келiсiм болған арамызда. Бiздiң әңгiмемiз бұдан әрiде қандай позиция ұстанатынымыз турасында өрбiдi. Соңғы екi жарым жылда маған түрлi кiнә артты, тiптi сыртымнан соттады. Осының бәрi — менiң көп бiлетiндiгiмнен.

4 наурыз 2010

Розлана Таукинаны көпшiлiкке таныстырып жатудың өзi артық. Журналист Розлана, қайраткер Розлана, күрескер Розлана... Жiгерi жасымайтын қайратты Розлана. Розлананың тағы бiр ерекшелiгi, ол басы дауға қалып, қиындыққа тап болғандардың бәрiне қол ұшын созуға даяр. Халық та Розлананы журналист пен қоғам қайраткерi ретiнде ғана емес, әдiлетсiздiкке кез болған журналистердiң қорғаны ретiнде таниды. «Журналистер қауiп‑қатерде» қоғамдық қорының жетекшiсi негiзсiз жала жабылып

4 наурыз 2010

«Поколение» қозғалысының жетекшiсi Ирина Савостина: «Мен — Қазақстандағы ең қыңыр апамын», — деген бiр сөзiнде. Оған «қыңыр» деп ат қойып айдар таққан — бюрократ шенеунiктер. Онда да кемсiткенi емес, Савостинаны мойындағаны бұл. Бiр орында байыз тауып отыра алмайтын, қашан көрсең кембағал қоғамдағы кедей-кепшiктiң жоғын жоқтап жүретiн Ирина Савостинаның әдiлетсiздiкке жаны төзбейдi. Әлдекiм әлсiзге күш көрсетсе, оның «қыңыр ападан» сыбағасын алатынына күмәнданбай-ақ қойыңыз.

4 наурыз 2010

Өткен сенбiде шымкенттiк шенеунiктердiң шырт ұйқысын бұзып, шыр-пыр күйге түсiрген жиын өттi. Тәуелсiздiктiң тiрегi – ұлттық мүдденi, ұлттық құндылықтарды ұлықтаудың, көздiң қарашығындай сақтаудың орнына оны “жеп, кемiрiп” келе жатқан билiктегiлердiң шектен шыққан зиянкестiгiн сынға алған жиын болды ол. “Дезинфекция” ЖШС-ның мәжiлiс залына жиналғандар сондай “кемiргiштерден” елдi тазартпа­йынша, тәуелсiздiкке төнген қатердi сейiлтудiң мүмкiн еместiгiн ашық айтты.

4 наурыз 2010

Жоғарғы билiк тарапынан қоғамның назарын өзiне аударған “Ел бiрлiгi” доктринасы ақын Мұхтар Шаханов бастаған ұлт зиялыларының, саяси партия­лар мен қоғамдық қозғалыс жетекшiлерiнiң, тәуелсiз БАҚ редакторларының тегеурiндi қарсылығына тап болды. Оның орнына “Ұлттық саясат тұжырымдамасының” жобасы дайындалып, халықтық талқылауға ұсынылды. Өзгелер сияқты мен де онымен толықтай оқып таныстым. Менiң баса көңiл аударғаным тiл саласы болды. Бұл ендiгi жерде кешеуiлдетудi күтпейтiн басы ашық өзектi мәселе болып тұр.

4 наурыз 2010

Дүйсенбiде Ақтөбедегi Дос­тық үйiнде ассамблеяның жергiлiктi бөлiмшесi мен «нұротандықтар» бiр­лесiп, ассамблеяның 15 жыл­дығын атапөттi. Мей­лi, өте берсiн. Бұрынғы пошта бастығы, облыстық мәслихаттың қазiргi хатшысы әрi «Нұр Отанның» жергiлiктi жетекшiсi Балғали Ордабаевтың диаспора­лар­ды жинап, ұлтаралық қатынасқа шоқ салып жiбер­генiн түсiн­бедiк. Осы жиында Ордабаев «бiзде халықтар достығын қамтамасыз етiп отырған – ассамблея ғана» деп мәлiм­дедi. Жылма-жыл мәдени орталықтар санының көбейiп келе жатқанына қуанышын жасырмады. Бастан аяқ орысша сөйлеген Бал­­ғабаев көп қазақтың iшiн­де қамалып отырғандай диаспора өкiлде­рiне мұңын шақты.

2 наурыз 2010

«Жас Алаштың» өткен сандарында «Рух пен тiл» клубының бастамасымен, елiмiздегi бiрқатар жастар ұйымдарының жетекшiлерi, ақын, жазушылар мен журналистер және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерi билiкке ескертпе хат жолдағаны, жас белсендi­лердiң 11 сәуiр күнi жастардың алғашқы жалпыұлттық митингiсiн өткiзуге бел байлағаны туралы кеңiнен жазылды. Өткен бейсенбi күнi жастар қайта бас қосып, митингiнi

23 ақпан 2010

Мұхтар Әблязовтiң шетелден президент отбасына ұнамсыз сәлем-сауқат жолдағаны естерiңiзде болар. Сәлем-сауқат деп отырғанымыз – Тимур Құлыбаевтың пара алғанын делелдейдi делiнген бiрқатар құжаттар. Әрине, бұлар тәуелсiз басылымдардың назарынан тыс қалған жоқ. Жарияланды. Тасқа басылды. Қалың көпшiлiкке жеттi. Бұған бұлқан-талқан болған құрығы ұзын Тимур Құлыбаев сот жүйесiн қолбалаға айналдырып, елiмiздiң бұқаралық ақпарат құралдарына қайта цензура енгiзбек болды. Мұнысын жұрт «сезiктi секiредi» дегеннiң керi дескен. Бiрақ, одан да түк шықпады. Сот шешiмiн қайтарып алуға мәжбүр болды.

23 ақпан 2010

РАХАТ ӘЛИЕВ НЕГЕ ҚҰБЫЛА ҚАЛДЫ? ОЛ «ӨКIЛ ҚАЙЫН АТАСЫМЕН» ҚАЙТА ТАТУЛАСЫП, ЕЛГЕ ҚАЙТУЫ МҮМКIН БЕ?

Африка құрлығының оңтүстiгiнде, Испанияда, Түркияда, Сирияда, Арабияда, Үндiстанда және Шри-Ланкада хамелеон деген хайуан өмiр сүредi. Хамелеон – жағдайға қарай түр-түсiн өзгерте алатын, бұтақтан-бұтаққа көшiп-қонып өмiр сүретiн өзгеше жәндiк. Аяқтары ұзын, өрмелеуге ерекше бейiмделген. Ұзын әрi күштi құйрығы да бұған жақсы көмектеседi. Бақырайған екi көзi бiрiне-бiрi бағынбайды және «құрбандығын» аңдып, үздiксiз алақ-жұлақ етiп тұрады. Бар-жоғы үш секундта тiлiмен төрт жәндiкке дейiн ұстай алады. Аристотель бұл туралы былай дептi: «Хамелеон – бiрде қолтырауынның түсiндей қап-қара болса, ендi бiрде кесiртке сияқты сұр түске енедi, тағы бiрде қабылан секiлдi теңбiл-қара түске боялады».

23 ақпан 2010

Мемлекет басшысы да, елiмiздiң лауа­зымды шенеунiктерi де бiздiң сұрақ-сауалдарымызға, талап-тiлектерiмiзге жауап қатқан жоқ. Демек, жастардың үнi мемлекет басшыларының құлағына жетпедi деп санаймыз. Осы себептен, жастардың жан айқайын, олардың қордаланған проблемаларын жоғары билiк пен қоғамға жеткiзу үшiн 11 сәуiр, 2010 жылы Алматы қаласында «Жастардың жалпыұлттық митингi­сiн» өткiзетiнi­мiз­дi мәлiмдеймiз! Шыдамның да шегi мен шетi бар. Бiздiң шыдамымыз таусылды! Әрекет ететiн, өзiмiз қимылдайтын кез келдi деп санаймыз.

18 ақпан 2010

Тiркелмеген «Алға» партиясы мен «Республика. Деловое обозрение» газетi екi соттың екеуiнде де жеңiске жеттi. Сейсенбi күнi Алматы қаласының Медеу аудандық сотында «Республика» газетiнiң шағымы қаралған едi. Естерiңiзге салсақ, 2009 жылдың қыркүйек айында Медеу соты «Республика» газетi БТА банкiне моральдық өтемақы ретiнде 60 миллион теңге төлеуi керек деген шешiм шығарған.

18 ақпан 2010

“Жас Алашта” жарияланған “Ұлтыңызды, тiлiңiздi ардақтаңыз!” атты ҚР президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазылған жастардың ашық хатына лебiз бiлдiрiп жат­қандар аз емес. (№11, 9 ақпан, 2010 жыл) Жас журналистер, ақын, жазушылар және жетi мыңға тарта студент жастар қолдаған бұл бастаманы жастардың саяси белсендiлiгiнiң артқандығына балап жатқандар да бар. Жастардың бастамасына байланысты дуалы ауыздардың айтқандарын және “Жас Алаш” сайтында

18 ақпан 2010

«Ұлт көшбасшысы» идеясын қолдаған әрi мұны заң жүзiнде бекiтудiң түрлi амал-айлаларын қоғамға ұсынған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бұрынғы бiрiншi орынбасары Дархан Қалетаевты жұртшылық ұмыта бастаған едi. Жоғары билiктiң бiр сәттiк керегiне жараған «баланың» қызметi көп ұзамай төмендеп, ол «Самұрық-Қазынадағы» көп атқарушы директордың бiрi болып тағайындалған едi. Оның мұнша төмендеуiнiң себеп-салдары жайында «Жас Алашта» бұрын да жазғанбыз.

16 ақпан 2010

«Жас Алаштың» өткен сандарының бiрiнде ұлт жанашырлары бастаған топтың «Тәуелсiздiктi қорғау» халықтық қозғалысын құрғаны туралы жария еткенбiз. Естерiңiзге салсақ, бұл қозғалыстың ұйымдастыру кеңесi бастауын американдық ұлттан алатын «қазақстандық ұлт» негiзiнде жасалған «Ел бiрлiгi» доктринасының орнына «Ұлттық саясат тұжырымдамасын» ұсынған болатын.

11 ақпан 2010

Белгiлi кәсiпкер, БТА банкiнiң бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтiң елiмiздiң құқық қорғау орындарына, ҚХР жетекшi­лерiне жазған хаты қоғамда үлкен серпiлiс туғызды. Онда М.Әблязов президенттiң ортаншы күйеу баласы Тимур Құлыбаевты шетелдiктерден аса iрi көлемде пара алды, 2 миллиард долларды қымқырды-мыс деп айыптаған. Сөзiн дәлелдеу үшiн қуғындағы оппозиция жетекшiсi жолдаған хатына тиiстi құжаттарды тiркеп жiбердi.

беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8»