1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Заңгерлердiң халықаралық одағының төрағасы Андрей Требков Н.Назарбаевқа «Фемида» сыйлығын не үшiн бердi?
Қола берiп, алтын алу үшiн
Ұялсын дегенi де...
Демократияның дамуыны үлес қосқаны үшiн
Адам құқығы көп тапталатын елдiң басшысы алатын сыйлық бұл...
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №11 (15469) 9 ақпан, сейсенбі 2010
9 ақпан 2010
Асекең құдасынан да құдiреттi ме?

Президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың төңiрегiн­дегi жағдай ширығып барады. Ширықтырған — алдымен Медеу ау­дандық сотының судьясы Д.Махмедова, одан кейiн — өз әкесi Асқар Құлыбаев. Қаз ТАГ ақпарат агенттiгiне берген түсiнiк­те­месiнде ол былай дедi: «Ұлым туралы жазып жүргендер­дiң бәрi — сүмелектер (сволочи — ред.). Олар­ды қабыр­ғаға тұрғызып қойып, атып тастау керек».

Бауыр етi баласын қорғаштағанын түсiнуге болады. Адам түгiлi, хайуанда да бар инстинкт қой бұл. Алайда, сарқаптал саясаткер деп жүрген Асқар Құлыбаевтың әлгiндей шәлкем-шалыстау пiкiрiн қалай жоруға болады? Ырық бермеген ашу ма, әлде қанға сiңген әдет пе?
Нұрсұлтан Назарбаев президент болғалы оның отбасы туралы талай нәрсе айтылды да, жазылды да. Әсiресе, үлкен қызы Дариға Назарбаева туралы көп айтылды. Ортаншы қызы Динара (А.Құлыбаевтың келiнi — ред.) мен кенжесi Әлия туралы да сан-саққа жүгiрттi. Бiрақ, Назарбаев «отбасым туралы жазғандар — оңбағандар, оларды ату керек» дедi ме? Жоқ!
Бiр кездерi атынан ат үрiккен Рахат Әлиевтiң басынан бақ тайғанда әншейiнде саясатты «сасық» деп тыжырына қалатын мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының өзi оған тап-тап бердi. Әлиевтi құбыжық етуге бiр кiсiдей-ақ үлес қосты. Сонда Рахат Әлиевтiң әкесi Мұхтар Әлиев «Рахат туралы жазғандарың оңбайсыңдар, атып тастаймын» дедi ме? Жоқ!
Асқар Құлыбаев бiр нәрседен қатты шошын­ған сияқты көрiндi. Онысы мына сөзiнен байқалды: «Бiздiң басшылардың не қарап отырғанын түсiнбеймiн! Оларды (Әблязов пен Әлиевтi — ред.) баяғыда-ақ қамап тастау керек едi!
«Мен Тимурмен жарты жылда бiр-ақ рет кездесуiм мүмкiн. Мен оның басқан iзiн бағып жүрген жоқпын. Ол — жұмыстың адамы, бiрақ оған жұмыс iстеткiзбей жатыр. Ол да мен сияқты тәрбиеленген. Және де халыққа жұмыс iстейдi. Бiр жерде табан аудармай жұмыс iстеп жатқанына 20 жыл болды. Бұған қатысты қандай әңгiме болуы мүмкiн? Бұл саланы өзi көтердi. Бәрi келедi-кетедi, ал ол бiрiншi басшы емес, екiншi басшы болып жұмысын жалғастырып жатыр».
Асекеңдi шошындырған «түртiнектеген» журналистердiң кәсiби желiгi емес екенi түсiнiктi де. Оны шошындырған — Әблязов пен Әлиевтiң әрекетi. Ұлын қос өкпеден қысып жатқан да солар. Бұлар туралы былай дептi: «Әблязов пен Әлиев өздерiн Қазақстанның президенттiгiне үмiткер көредi. Олар халықтың ақшасын ұрлап, шетелге қашып кеттi. Ендi мiне, Батыста отырып алып, өздерiнiң саясатын жүргiзiп жатыр. Бұлар Тимурдың бойынан болашақ мемлекет басшысының қасиеттерiн көргендiктен осылай әрекет етiп жатыр. Оған қара күйе жақпақшы».
Асқар Құлыбаевтың мұнысы «қысыр сиырдың уызын аңсағанның» керi емес пе? Президент Н.Назарбаев баяғыда-ақ бұл мәселенiң басын ашып бердi ғой. «Өмiрлiк президенттерiң менмiн, тағымды аңсамай-ақ қойыңдар» деп. Құлыбаев бұл әрекетiмен құдасына «сенен де құдыреттiмiн» дегендi айтқысы келдi ме, қалай өзi?
Тимурдың қалай тәрбиеленгенiнде шаруамыз жоқ. Ол — отбасының мәселесi. Әзiрге әкесi сияқты «атып тастаймын!» дегенiн естiген жоқпыз, әйтеуiр. Т.Құлыбаевтың бiр жерде («майлы жiлiк» — мұнай саласында — ред.) табан аудармай қызмет етiп келе жатқаны рас. Неге? Н
Жұмысына берiлгендiк пе? Қайын атасы оған: «Құдам өкпелеп жатыр, сенi 20 жылдан берi бiр жерде отыр деп. Мен сенi бiр облыстың әкiмi етiп тағайындаймын», — десе, көнер ме едi? Әй, қайдам…
Айтпақшы, ҚазТАГ тiлшiсi Асқар Құлыбаевтан Женевадан келiн-баласы қандай ақшаға вилла сатып алғанын да сұрапты. Оған былай деп жақаурата жауап берiптi: «Бұл туралы ештеңе бiлмеймiн, қайдан алғанынан да хабарым жоқ. Мен мемлекеттен бiрде-бiр нысан алған емеспiн. Менiң ұлым да алған жоқ. Мәскеудiң мемлекеттiк университетiн бiтiрген соң Тимур бизнесте жүрдi, сол кезде де аз пайда тапқан жоқ».
А.Құлыбаев «стрелканы» басқа жаққа бұрып жiбергiсi келгендей әсер қалдырды. «Ұлым ештеңе алған жоқ, ал келiнiмдi бiлмеймiн» дегендегiсi ме мұнысы? Асекеңнiң «алибиi» жанында сияқты. Ол — келiнi Динара Нұрсұлтанқызы Назарбаева…
Ендi «қабырғаға тұрғызып, ату керек» дегенге қайта келейiк, Тимур Құлыбаев туралы жазбаса да, пiкiрiн ашық айтып жүргендер «репрессияға ұшырағандардың» қара тiзiмiне кiре ме? Ол туралы ойлайтындар ше? «Күн көзiнен» тасада жүргендi ұнататын Тимур Құлыбаев туралы жұрттың пiкiрi сан түрлi. Ендеше, Ас­қар Құлыбаев «ойы бұзықтардың» бәрiн әлгi тiзiмге кiргiзсiн де, тарихта қалсын.
ЕҚЫҰ-ға төрағамыз деп жүргенде бiр адамның кесiрiнен бар абыройдан айырыл­ған жөн бе? Т.Құлыбаев туралы тәуелсiз басылымдардың барлығы жазды. Сонда бұлардың бәрiн жауып тастау керек пе? 
Ендiгi жерде тәуелсiз басылымдардың бәрi тiзе қосып әрекет етпек. Олай етпеске шара жоқ. Және де бұл белгiлi бiр басылымдардың мәселесi ғана емес, мемлекет­тiң абыройы. Бұл iс ашумен емес, ақылмен шешiлмесе, онсыз да ышқырда жүрген абырой балаққа түспесiне ешкiм кепiл бола алмайды.
 
Е.Биеке.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (16)
Дулыга Астана | 9 ақпан 2010 11:52
мына макала жаксы талданып жазылган екен......егер Тимур президент болгысы келсе 2-3 жыл домна пеш жагып келсін....сосын 91 пайыз дауыс жинауды уйренсін..
Ұялшақ | 9 ақпан 2010 12:46
Қазақ тілін білмесе қалай президент болмақ?
Райымбек | 9 ақпан 2010 12:48
Өздерін тұқым-тұғиянымен тұрғызып қойып ату керек.
duliga almati | 9 ақпан 2010 15:36
duliga astanaga sal pal tuzetu. Timur 2-3 jil domna peshin jakpau kerek, ol merzim az, ote az. 2030 jylga deyin jagu kerek. OK.
Үлтжанды | 9 ақпан 2010 16:05
Қытайда 9 класка дейін , қытай тілінде оқымыған қадірді негізгі жүмысқа қоймайды , әрі үлт патриоты деп есептелмейді . ал қазақ мектебінін табалдырғын аттамаған бүл жігіті патриот дей аламызба ? қазыргі кездегі үлкен мәселе биілікті қазаққыландыру емес пе ? олардан қүтыла алмайотырып , тағыда дүбарә қазақтарды биілік манына жиямызба ? үлтжанды болайық !
Мухтар Аблязов | 9 ақпан 2010 16:21
Присылать информацию о зяте президента Тимуре Кулибаеве на электронный ящик muhtar.ablyazov@gmail.com предложил в обращении к бизнесменам и предпринимателям Казахстана Мухтар Аблязов. Очистим Казахстан от Крестного Зятя!
Ерлан | 9 ақпан 2010 20:20
Оларга не жетпейді екен дәмеленіп"
Нұрболат | 9 ақпан 2010 21:51
Присылать информацию о зяте президента Тимуре Кулибаеве на электронный ящик muhtar.ablyazov@gmail.com предложил в обращении к бизнесменам и предпринимателям Казахстана Мухтар Аблязов. Очистим Казахстан от Крестного Зятя!

Мынау, Әблязов мырзаның шынымен де өзі ме екен?..
Сыр қазағы | 9 ақпан 2010 22:59
Жарайсың, Мұхтар! Тек қана алға!
Асель | 10 ақпан 2010 15:28
Пштууу!!!! Балаңа президент болу қайда?! "Папа" "дем ал" дейді ғой оған. Ой, осы сүмелектердің бәрін атып тастайтын адам табылмайды-ау! Осы біздің елге әділдік қашан қонады екен?! Әйтеуір, әр мұнай құбыры "жанұяның" әрбір мүшесіне берілген. Тіпті бәрін тонап бітті ғой, жалмауыздар!
Ұлар | 10 ақпан 2010 22:15
Астапраллаааа! Мынау Асқар Құлыбаев дегенің... мұның 1937-жылы дәл осындай жағдайда болмағанына шүкірлік, егер болса, бесіктен белі шықпай жатып миллиардер
болған (әрине, қайынатасының күшімен) Тимурына "теріс" сөз айтқан жорналшыларды
шетінен атып, гәзеттерді шетінен өртеп жібереді екен, ә? О, алла, нешетүрлі пәлекеттерді жарата бересің-ау?!.
Bokky Qetay Pekyn | 11 ақпан 2010 01:48
Қытай ешкімді қысап жатқан жоқ, жоғарыдағы қазақ өтірік айтпасын, қытайдың сайасаты 2010да,2030да емес,2300жылға дейын жоспарланған.сен 9 жылды қойып,90жыл өз тілыңде оқып барсаңда, ол саған кұлып тұрып,қызмет және ұқық береды де. бұндай болса,қой ұстіне боз торғай жұмыртқаламапты деп,кім ойламай қалмайды,а
Bokky Qetay Pekyn | 11 ақпан 2010 01:49
мен әне содан қорқам, біздың қазыргы ұлттық салт-дастұр жағындағы, ана тілімізды ардақтау,сойлеу жағынан Қазақ елін алдеқайда артқа тастаймыз,бұкел мемлекетте екі теле арнадан және радиодан қабар атаратамыз...уақытша
Сақ Сардары | 11 ақпан 2010 10:54
Бізге бір нағыз ұлтшыл "Сталин" басшы керек енді. сосын мыналарды қидай сыпырып атып, моласының үстінен қала тұрғызатын.
"Бұлар Тимурдың бойынан болашақ мемлекет басшысының қасиеттерiн көргендiктен осылай әрекет етiп жатыр. Оған қара күйе жақпақшы».
Мына бишараның дәмесін қарай кор!
Ата Қазақ тірі болса атаңның көріне тығар сені де!!!
Нұрлан | 11 ақпан 2010 15:15
Бизнесте жүрді дейді, "Параграф" құқықтық базасындағы "Кімнің кім екені" деген анықтамасында ММУ бітіргеннен кейін бір күн бизнесте істегені жайлы ақпарат жок.
Ардак | 14 ақпан 2010 11:13
Мұнайдан тауып отырған ақшалары аздай енді баласын "президент" болады деген арманы күшті екен. Егер ол президент болса бір күннің ішінде-ақ Қазқстанның байлығын өзіне аударып алады. Баласының Президент болуын армандамасын Асқар Құлыбаев
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар