1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №15 (15473) 23 ақпан, сейсенбі 2010
23 ақпан 2010
«Хамелеон»

РАХАТ ӘЛИЕВ НЕГЕ ҚҰБЫЛА ҚАЛДЫ? ОЛ «ӨКIЛ ҚАЙЫН АТАСЫМЕН» ҚАЙТА ТАТУЛАСЫП, ЕЛГЕ ҚАЙТУЫ МҮМКIН БЕ?

Африка құрлығының оңтүстiгiнде, Испанияда, Түркияда, Сирияда, Арабияда, Үндiстанда және Шри-Ланкада хамелеон деген хайуан өмiр сүредi. Хамелеон – жағдайға қарай түр-түсiн өзгерте алатын, бұтақтан-бұтаққа көшiп-қонып өмiр сүретiн өзгеше жәндiк. Аяқтары ұзын, өрмелеуге ерекше бейiмделген. Ұзын әрi күштi құйрығы да бұған жақсы көмектеседi. Бақырайған екi көзi бiрiне-бiрi бағынбайды және «құрбандығын» аңдып, үздiксiз алақ-жұлақ етiп тұрады. Бар-жоғы үш секундта тiлiмен төрт жәндiкке дейiн ұстай алады. Аристотель бұл туралы былай дептi: «Хамелеон – бiрде қолтырауынның түсiндей қап-қара болса, ендi бiрде кесiртке сияқты сұр түске енедi, тағы бiрде қабылан секiлдi теңбiл-қара түске боялады».
 
Осы бiр ерекше хайуанның тiршiлiк тәсiлiн адамдар да жақсы меңгерiп алған. Орыстың ұлы жазушысы Антон Чеховтың «Хамелеоны» есiңiзде болар?
Хофбург қамалының «тұтқыны» Рахат Әлиев жақында былай дедi: «Мен ең алдымен Әлиев тақырыбындағы алыпқашпа әңгiме­лердiң дәл осы кезде – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етiп жатқан тұста елiмнiң беделiне қосымша көлеңке түсiргенiн қаламаймын».
Қазақ елiн билеп отырғандардың «нөмiрi бiрiншi» жауы дәл осындай сөз айтады деп кiм ойлаған? «Төбесiнде тесiгi бар» саяси жауырыншылардың да үш ұйықтаса түсiне кiрмеген шығар, сiрә. Сонымен, Рахат Әлиев неге құбыла қалды? Бұрынғы қайын атасының: «Өз кiнәсiн шын мойындағандарды кешiруге дайынмын. Егер ол тиiстi жазасын алып, одан әрi елге қызмет етем десе», — деген тiкелей эфирден айтқан сөзi есiне түстi ме? Әлде билiкпен арадағы саудасы нәтиже бере бас­тады ма? Бәлкiм, жас әйелiнiң ақыл-кеңесi шығар бұл?
Қоғам екiұдай пiкiрде. Әлиевтiң бұл әрекетi бұдан он жыл бұрынғы саяси дағдарысты еске түсiрдi. Тәубесi жоқ тетiр күйеубала қайын атасынан билiктi күшпен тартып алмақ болып едi ғой сонда. Ақырында оның әрекетiн әшкерелеген азаматтарды қайын атаның өзi күйеубалаға жығып берген. Бұл жолғы жағдай да қоғамды сол сценарийге қарай сүйрелеп келе жатқандай ма, қалай?
Әлиевтi елден ит қосып қуғанда оны ұлардай шулап жамандаған депутаттар да үнсiз. Күндердiң-күнiнде елге келiп қалса, төбемiз­ге әңгiртаяқ ойнатады деп қорқа ма?
«Өкiл күйеубаланың» соңына шам алып түскен бiздiң билiк қана емес екен. Рахат Әлиевтiң ашынасы болған Анастасия Новикованың Бейрутта жұмбақ жағдайда көз жұмғанын талай рет жазғанбыз. Жақында Ливан билiгi бес жыл бұрын болған осы қазаның себеп-салдарын шұқшия зерттеуге тағы кiрiсiптi. Оның үстiне Настя әлдекiмнiң үйiнде емес, Рахат Әлиевтiң туған әпкесi Гүлшат Әлиева мен жездесi Исаама Хоранидiң үйiнде қаза болған.
Ливанның құқық қорғау органдары бұл iстi Настяның туған-туыстарының арызы бойынша өткен жылдың соңында қайта қозғапты. Естуiмiзше, қазiр iс Австрия прокурорының суырмасында жатқан көрiнедi. Жәбiрленушi жақтың адвокаттары Венада арнайы конференция өткiзiп, Әлиевтiң бұрынғы жүргiзушiсiн куәлiкке тартқан.
Сондай-ақ, Ливан би­лiгi Әлиевтiң ғана емес, оның жездесi, палестиналық Исаама Хо­рани­дiң де мәселесiн май шаммен қарамақ. Террорлық ұйымдармен астыртын байланысып, қару-жарақ сатқаны үшiн. Әлиевтiң Қазақстанда дәуiрi жүрiп тұрған кезде бұлардың бизнесi де өркендегенi белгiлi. Бәлкiм, қару-жарақ саудасы осы кезде қызған шығар? Ол тұста Рахаттың қолында бәрi болды ғой. Ендеше, Австрияға адам өлiмiне қатысы болуы мүмкiн күдiктi әрi терроршылардың сыбайласы қажет пе? Әрине, қажетi жоқ. Алғашында асығыстықпен Әлиевтi елiне қайтару жөнiндегi Қазақстанның өтiнiшiн орындамады. Ал егер осы жолы Әлиевтiң мәселесiн асықпай талқыға салса ше? Рахат Әлиевтi тәспiсiнен жаңылдырған себептердiң бiрi осы болуы мүмкiн.
Мемлекет және қоғам қай­раткерi Алтынбек Сәрсенбайұлы серiктерiмен бiрге оққа ұшқаннан кейiн Рахат Әлиев: «Менiң қолымда маңызды құжаттар бар. Қажет болса, туыс­тарына беремiн», — деп мәлiм­дедi. Бiршама уақыт үнсiздiктен кейiн: «Алтынбектiң ағасы менiң сөзiме сенген жоқ», — деп бұлт ете қалды. Мұнысы өтiрiк ендi. Өйткенi, Алтынбек Сәрсенбайұлының бауыры Рысбек Сәрсенбай бұқаралық ақпарат құралдары арқылы оған бiрнеше рет сұрау салған. Әлиевтен ешқандай жауап болмады.
Рахат Әлиевтiң қолында маңызды құжаттар болуы мүмкiн бе? Бұл туралы Алтынбек Сәрсенбайұлы атындағы қордың жетекшiсi, белгiлi саясаттанушы Айдос Сарым былай деген: «Мен оның кiтабынан түк таппадым. Егер ол уәде еткен құжаттарын берсе, тек қуанамын. Рахат Әлиев – қолында көп ақпарат бар адам. Оның себебi бәрiмiзге белгiлi. Ол күштiк құрылымды басқарып отырғанда өзiне қажеттi ақпаратты жинап алған. Австрияның сот жүйесi бiздегiдей әлсiз емес. Егер қылмыс сол елде жасалса, Австрия соты бұл мәселенi көтерер едi».
Әлиевтiң қолында маңызды құжаттар бар делiк. Ал егер бұл ауыр қылмысқа оның тiкелей немесе жанама қатысы болса ше? Егер бұған Әлиевтiң тiкелей қатысы болса, бұл мүмкiндiктi Ақорда баяғыда-ақ пайдаланар едi. «Мiне көрдiңдер ме, Әлиевтiң қандай құбыжық екенiн?!» дегендi айту үшiн. 
«Қолында түгi жоқ» деуге тағы келмейдi. 2006 жылдың 11 ақпанындағы аса ауыр қылмысты әлдебiреу Әлиевтiң қолымен iстетсе ше? Мұндай жағдайда «мистер икс» пен Әлиев бiрiн-бiрi ерiксiз байлап отырған болып шықпай ма?
«Көп бiлетiн» «Республика» басылымы жақында былай деп жазды: «Алтынбек Сәрсенбай­ұлы, Бауыржан Байбосын және Василий Журавлевтiң қазасына қатысты жайттар алдағы бiр-екi жылда әшкере болуы мүмкiн. Құқық қорғау органдарынан үнсiздiктен шаршаған адамдар бәрiбiр табылады».
Егер «бiлгiштердiң» сөзi рас болса, «үнсiздiктен шаршаған» адамдардың тосын әрекетiнен сескенген «мистер икс» пен Әлиев кеш қалмай тұрғанда бiр келiсiмге келмек болуы мүмкiн бе? Әбден мүмкiн. Әлиевтiң олай-бұлай құбылуының бiр себебiн осыдан iздеп көрсек қайтедi?
Мұның тағы бiр себебi – шетелдегi көп бiлетiн қашқындардың тiзе қосып әрекет етуiнен туған қорқыныш деуге негiз жоқ емес. Мұхтар Әблязов ортаншы күйеу бала – Тимур Құлыбаевтың жағасына мықтап жармасты. Әблязов күштiк құрылымдарда қызмет iстеген жоқ. Ендеше, оның қолына Құлыбаевқа қатысты құжаттар қайдан түстi? Әблязовтiң көлеңкесiнде Әлиев­тiң тұрғанына дәл қазiр ешкiм күдiк келтiрмейдi. Олай болса көкейдi тескен тағы бiр болжам­ға иек артып көрейiк. Ортаншы күйеубала қайын атасына «балақтан кiрген биттiң бас­қа да шығатынын» ескертiп, бұрынғы бажасымен бiр келiсiмге келу үшiн араға делдал салуды ұсынса ше?
Сыртқы iстер министрi Қанат Саудабаевтың Рахат Әлиевпен кездескенi туралы әңгiменi құлағымыз шалған. Одан берi көп уақыт өткен жоқ. Ендi мiне, Р.Әлиев елдiң беделi туралы пәлсапалық пiкiр айтып құбыла қалды. Бiздiң мемлекетте елдiң беделiнен бұрын бiр адамның беделiне алдымен көңiл бөлi­нетiнi белгiлi. Делдал Қ.Саудабаев көсемiнiң қандай кешiрiмшiл екенiне Әлиевтi сендiрiп, оның бетiн берi қаратқан шығар, бәлкiм?
Алтекең бiр сөзiнде: «Рахат Әлиевтiң елге оралуы бұл – соғыс», — деген едi. Дәл солай болды да. Қан төгiлдi, билiк абыройсыздыққа ұрынды, бiр адамның кесiрiнен саяси бағыт-бағдарымыз жүз сексен градусқа өзгердi. Алда-жалда Рахат Әлиев тағы да елге орала қалса не болмақ?
...Жер бетiнде тiршiлiк ететiн хамелеондардың iшiндегi құбылудың ең шеберi – Конго хамелеоны. Тұрқы шап-шағын бұл хайуан қауiп төнген жағдайда немесе құрбандығын аңдығанда бiрнеше сағат бойы кiрпiк қақпастан бiр орында тапжылмай тұра бередi. Қауiп сейiлгенде немесе құрбандығы жақындағанда ғана оның жапырақ немесе бұтақ емес, хамелеон екенiн байқай аласыз.
Ал бiздiң билiкте мұндай «хамелеондар» көп, тым көп...
Е.Биеке. 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (14)
Саян | 23 ақпан 2010 14:35
оны қазақ деп неге басқа шығарасыңдар, өлтіру керек мұндай шала татарды, біздің адамдарымызды өлтіріп кеткен сука.
Саян | 23 ақпан 2010 14:36
біздің екі адамымыз маңызды ма, әлде көрінгеннен туған татар маңызды ма
Әсия Өміршеқызы | 23 ақпан 2010 16:18
Хамелондар қанша көп болса да, (шет елдегі Р.Әлиев туралы жазуға батылыңыз барды екен), елдегілердің де да түрі мен түсін келтіріп айтсаңыз, жалтақтамай.
Балташы | 23 ақпан 2010 19:50
өй, елдегі хамелондар туралы қалай айта алады, құлағын тістеп, мұрнын кесіп алады ғой! Белгілі жағыдайды айттың не, айтпадың не? Оларға да, саған да бәрі бір емес пе, қарындас!
Нұрахмет | 23 ақпан 2010 21:16
Елбасының кенже қызының 2,4 млн долларға туған күніне орай екі екі ән тыңдағанын осы жерде оқи аласыз http://www.respublika-kaz.biz/news/polit_process/3825/
Айдар | 23 ақпан 2010 23:09
оны орынсыз балагаттамайык. уакыт корсетеди барин
Қазақ | 23 ақпан 2010 23:39
Жас Алаш осыдан жарты жыл бұрын ғана Рахат Әлиевті мақтап жазған өздерің емес пе еді? Сатқын, қанішер деп жатқанда одан "идол" жасап "герой" қылған өздерің еді. Енді оны "хамелеон" дейсіңдер. Әливетің Құдай сүйер қылығы жоқ. Жегенін жеп, асарын асап елді қан қақсатып шетелге тайып берді. Соны біле тұра есіне ақтағыларың келді? Бұл қылықтарың хамелеондық емес пе?
Big | 24 ақпан 2010 08:50
Aliev turmede dep kim aitty?;)) ol Almatta Dostyktyn boinda otel saldyryp jatyr goi:)
Берiк пен Серiк | 24 ақпан 2010 14:19
Ха-ха-ха! «казах» (кешiрiндер, казахша шрифт жок менде) Жас Алашты окымайды екен. «осыдан жарты жыл бурын мактап едiндер гой» дейдi. Жас Алаш Алиевтi ешкашан мактаган емес. Жас Алашты Алиевтiн иелiгiнде болган Караванмен шатастырма «шала казах»!
Zamirka-san | 24 ақпан 2010 17:48
Жас алаш-Қазақ дұрыс айтады.Жазғыш болсаңдар "Свобода слова"сияқты жазыңдаршы,
көрейін.Ертең-ақ жабылып қаласыңдар.Оппозицияны М.Әбілязев қаржыландырып келгенін білгенде /ол Әбілязевтің КНБ-нің илеуінен өткенін бәріміз білеміз/мен оппозицияның әдемі ойын ойнап жүргенін ұғынғанмын."Қасқыр да тоқ,қой да аман" деген сөздің мағынасын түсіндірші депті біреу.Сөйтсе,қасқыр қойшыны жеп қойған екен.Айналып келгенде сол қойшың қара халық болады,шырағым!
бИБІГУЛ | 25 ақпан 2010 11:03
МЫНА ЖАС АЛАШ ТА АЛЖЫДЫ, БАЯГЫ СТИЛЬ, ШЫНДЫК ЖАЗАМ ДЕП, СОНЫНДА КОРІНГЕНДІ ЖАМАНДАЙТЫН ОСЕКШІ БАСЫЛЫМГА АЙНАЛЫП КЕТКЕНІ ОКІНІШТІ.МУМКІН ЖУРНАЛШЫЛ КАУЫМЫ ДА БАКА ШАЯН КУСАГАН КУРТ КУТЫРСКАЛАР АУ, АЙТЕУІР ОСЫ ЖАСАЛАШТЫКТАР ГАНА АКЫЛДЫ ДА, БИЛІКТЕ ОТЫРГАНДАРДЫН БАРІ АКЫМАК.
БИБІГУЛ | 25 ақпан 2010 11:04
АЙ, СОРЛЫ ЖАСАЛАШТЫКТАР, БІРДЕН ЖАРИЯЛАУГА КОРКАСЫНДАР МА, ОЗДЕРІНЕ БІРДЕНЕ ТИІП КЕТЕ МА ДЕП, ТУКІРГЕНІМ БАР
Қуандық | 5 сәуір 2010 01:34
Ай Бибігул-ай тусінігің сол болса қайтейн. Билікте отқанның 85 проссенті ақымақ. Ақымақ болмаса еліміздегі байлықтың барін оздерінің қара бастарының қалталарын ойлап сатпас еді.
Арна. | 13 сәуір 2010 21:07
Бул татар бизге ешкашан жаксылык акелмейди, айтпады деме....!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар