1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылыпты. Не үшін?
Қаланы қоқысқа толтырғаны үшін
Анекдот болсын деп...
Метро салғаны үшін
...Құдай болсам дейді
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (15888) 25 ақпан, сейсенбі 2014
25 ақпан 2014
Жырынды Жириновский қайта құтырды

Ресейдiң мемлекеттiк думасының вице-спикерi Владимир Жириновский 23 ақпан күнi Мәскеуде өткен митингiде сөйлеген сөзiнде Орталық Азия мемлекеттерiнiң тұтастығы мен бүтiндiгiне қол сұғатын, елдiгiн қорлайтын мәлiмдеме жасады. Оның жарты сағаттық сөзiн Ресейдiң мемлекеттiк “Россия 24” арнасы тiкелей эфирiнде көрсеттi.

МЕМЛЕКЕТТIЛIКТI ҚОРЛАУ
Жириновскийдiң мәлiмдемесiнiң не­гiзгi нысанасы – күнi кеше ғана прези­дентiн отставкаға кетiрген Украинаға бағытталды. Ресейдiң ЛДПР партиясының жетекшiсi шовинистiк пiкiрлерге толы лепiрме сөзiнде Украинаға ғана емес, Орта Азия республикаларына да тiл тигiзiп, оларды тәуелсiздiктен айыруға шақырды.
“Ешқандай Орта Азия республикалары жоқ. Орта Азиялық федералды аймақтың басты қаласы – Верный! Бүгiнде оның атауы бөтен – Алма-ата. Менiң туған қалам бұл. Ойлап тапқандарын қара – Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжiкстан, Түркмения, Қазақстан. Ресей үшiн Орта Азиялық федералды аймақ, Малороссия үшiн – малороссиялық федералды аймақ бұл. Ал тоғызыншы федералды аймақтың астанасы – Харьков болуы тиiс”, – дедi ол.
Жириновский Украинаның тiлi де, тарихы да жоқ, оны мемлекет еткен Ресей, Украинаның жерi де Ресейдiкi дегенге саятын сандырақ пiкiрлерiн боратты. Ақыр аяғында Украиның iсiне араласып, Харьковке ерiктiлердi жiбе­ру­ге шақырды.
“Бiздiң ОМОН Харьковке барып, жаңа Малороссия республикасының қарулы күштерiне айналады деп үмiтте­немiн. Мыңдаған азамат Украинадағы орыс бауырларға көмектесiп, азаматтардың құқының қорғалуына қол ұшын бергiсi келедi. Депутат Курдюмов ерiк­тi­лердiң бiрiншi отрядының жетекшiсi болады”, – дедi.
Митингiде украиндықтар мен өзге Орталық Азия республикаларының азаматтарын қорлаған оның сөзiне митингi­ге жиналғандардың ешқайсысы тоқтам салмады. “Россия 24” арнасы көрсеткен бейнесюжеттен керiсiнше, жинал­ған халықтың оған ара-тұра қолдау бiл­дiрiп, демеп тұрғаны анық байқалады.
“Әрi-берiден соң Украина бiздiң жерде отыр. Батыс Украина кезiнде Польшаның аумағында болатын. Кеңес жауынгерлерi қанын төгiп орта ғасырда Польша басып алған жердi азат еттi. Ал кеңес жауынгерлерiнiң басым бөлiгi орыс ұлтынан болды. Ендi осы жердi Тягнибокке беремiз бе?” – дедi.
Украиндықтарды айыптай сөйлеген Жириновский “Еуропа тарихында барлық мемлекеттердiң астаналары мойындаған Украина мемлекетi де, тiлi де бол­ған жоқ” деп қорлауын қарша боратты.
 
СIМ МӘЛIМДЕМЕ ЖАСАДЫ
Дүйсенбі күні кешкілік сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады. Министрліктің РФ Сыртқы істер министрлігі атына ресми нота әзірлегені белгілі болды. «Онда біз ресейлік тарапты Қазақстан мен Ресей арасында қалыптасқан одақтастық рух пен стратегиялық әріптестік қарым-қатынасына Жириновский мырзаның сөздері қаншалықты сәйкес келетініне ресми баға беруін сұрадық. Қазіргі таңда ҚР Сыртқы істер министрлігі Жириновский мырзаға қатысты дипломатиялық сипаттағы арнайы шараларды қолдану мүмкіндігін қарастыруда», – делінген сыртқы істер министрлігі таратқан баспасөз мәлімдемесінде.
 
ҚОҒАМ ҚАРСЫЛЫҒЫ
Ал әлеуметтiк желi қолданушыларының басым бөлiгi мен азаматтық бел­сен­дiлер бұған қатысты өз пiкiрлерiн бiлдiрiп үлгердi. Желi қолдаушыларының басым бөлiгiнiң пiкiрi “Қазақстанда хабар тарататын ресейлiк арналарды шектеу керек” дегенге тоқайласты. Ал ult.kz интернет басылымы Жириновскийден бөлек әсiреұлтшыл Э.Лимонов, А.Белов (Поткин) және таяуда Қазақстанға гастрольге келiп, жергiлiктi тiлшiлерге тiл тигiзiп, балағаттаған актер Алексей Панинге қарсы онлайн-петицияға қол жинауға кiрiстi.
Мәлiмдеменi дайындаушылар үкiмет жетекшiсi мен сыртқы iстер министрi­нен бұл тұлғалардың елiмiздiң аумағына кiруiне тыйым салуды және оларға тиiстi шара қолдануды сұрайды.
“Владимир Жириновский қатардағы бiреу емес, ол – үлкен мемлекет­тiк лауазымды қызметкер, Ресей Мем­лекеттiк Думасындағы екiншi лауазымды тұлға, үлкен бiр партияның жетек­шiсi. Олай болса, оның бұл арандатушылық пиғылдағы мәлiмдемесiн Ресей Федерациясының ресми саяси ұстанымы деп бағалауға болады”, – делiнген мәлiмде­меде.
 
Сiз не дейсiз?
Мұхтар Тайжан, азаматтық белсендi:
– Жириновскийдi де, Лимоновты да Қазақстанда нон-грант тұлғасы етiп жариялау керек. Бұл – бiр. Екiншiден, ресейлiк арналардың Қазақстанда хабар таратуын шектеу қажет. Себебi олар елiмiздiң ақпараттық қауiпсiздiгiне зиянды. Украинада iшкi дағдарыс болғанда “Россия 24” арнасы сол елдегi сепаратизмге қолдау көрсеттi. Өз ақпараттық кеңiстiгiмiздi қалыптастырып, ресейлiк арналарды ғана емес, басылымдары мен радиоларын да жабу керек.
Жириновскийдiң мәлiмдемесiне келсек, бұл – өзiмiздiң нақты емес, жұмсақ, бұрыс саясатымыздың нәтижесi. Өз мүдделерiмiзге қайшы келетiн Кедендiк одаққа кiрдiк. Еуразиялық одақа кiрмекшiмiз. Мемлекет ретiнде өзiмiздi өзiмiз құрметтемесек, айналадағылар бiздi қайтiп сыйласын?
 
Айдос Сарым, саясаттанушы:
– Ресейдiң федералдық телеарнасына ешбiр саясаткер, ешбiр қоғам қай­рат­керi Кремльдiң рұқсатынсыз шыға алмайды. Сондықтан бұл Ресейдiң Украинада опық жеп, жеңiлiс тауып, ендi қалған құзырында бар елдерге сес көрсетуi деп түсiнемiн. Екiншiден, қа­лай болғанда да ақпараттық қауiп­сiздiктi ойлау керек. Осы тұрғыдан алсақ, бұрын­ғы премьер-министр К.Мәсi­мов айтқандай, елiмiздiң кемiнде 55 пайызы Ресейдiң ақпараттық кеңiстiгiнiң аясында, соның азығын тұтып, қорек қылып отыр. Дәл осындай мәлiмдеме­лер елiмiздiң тәуелсiздiгiне, бiрлiгiне тiке­лей қауiп төндiрiп отыр. Яғни егер ресейлiк арналар Кремльдiң саясатын өткiзiп отырса, оны шектеу – бiздiң мiндетiмiз. Бұл – бiздiң Ресейге жаулығымыз емес, бұл елдi жақсы көрудiң, мемлекет ұстанымын қалыптастырудағы мiндетiмiз, атқарар қызметiмiз деп тү­сiн­ген дұрыс.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар