Қырғыз халқы Бәкиевтiң «отбасылық өкiметiн» билiктен тайдырды. Ендi Орталық Азияның қай елiнде осындай төңкерiстер қаупi зор?
Өзбекстан (23%)
Қазақстан (67.7%)
Тәжiкстан (4.1%)
Түркiменстан (1.8%)
Әзiрбайжан (3.2%)
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
«Жас Алаштың» өткен сандарында «Рух пен тiл» клубының бастамасымен, елiмiздегi бiрқатар жастар ұйымдарының жетекшiлерi, ақын, жазушылар мен журналистер және Алматы қаласы жоғары оқу орындарының студенттерi билiкке ескертпе хат жолдағаны, жас белсендiлердiң 11 сәуiр күнi жастардың алғашқы жалпыұлттық митингiсiн өткiзуге бел байлағаны туралы кеңiнен жазылды. Өткен бейсенбi күнi жастар қайта бас қосып, митингiнi ұйымдастырушы жұмысшы тобын құрды. Жиыннан кейiн Алматы қаласы әкiмшiлiгiне митингiнi өткiзуге рұқсат беру жөнiнде өтiнiш хат тапсырды. Басқосуға келген билiкке тәуелдi жастар ұйымдары өкiлдерiнiң жиынның шырқын бұзуға деген ұмтылыстарынан түк шықпады. Керiтартпа пiкiрлер жалынды жастардың қарсылығына ұшырады. Тәуелсiз жастар өз дегендерiнде қалып, қайткен күнде де 11 сәуiр күнi митингiнi өткiзетiндерiн мәлiмдедi.
Ал жастардың бұл бастамасы қоғам тарапынан үлкен қолдау тауып, әр-түрлi пiкiрлерге өзек болуда. Билiкке жолданған ескерпе хат жарияланған бiрнеше интернет басылымдарға оқырмандар қалдырған пiкiрлер саны жүздеп саналады. Назарларыңызға дуалы ауыздан айтылған бiрнеше пiкiрдi және www.zhasalash.kz, www.respublika-kz.info, www.zonakz.net сайттарында жарияланған оқырман ойларының кейбiрiн ұсынып отырмыз.
Асанәлi ӘШIМОВ,
Қазақстанның халық әртiсi:
– Жастардың мұндай бастамасын қолдаймын. Олардың елдiң қамын ойлап жатқаны қуантады. Үлкен буын ретiнде жер, тiл, доктрина мәселесiне қатысты үн көтерiп жүрмiз. Мен оппозиционер емеспiн. Бiрақ, ұлтқа, мемлекетке қауiп төнiп тұрғанда пiкiр бiлдiрудi азаматтық борышым деп бiлемiн. Әрқашан шындық жағындамын. Жастар келiп ақыл сұрап, пiкiрiмдi бiлгiсi келсе, көмегiмдi аямаймын. Бiрақ, бұл үнiмiздi ескерiп, елеп жатқан шенеунiктер, менiңше, тым аз. Қарттар болып, күйiнгендiктен «аштық жариялаймыз» деп жатып доктринаны әрең тоқтаттық. Жер мәселесiнде де «сатылмайды, берiлмейдi» деген билiктiң уәдесiн алдық, әйтеуiр. Ендi жастар өздерiнiң пiкiрiн ашық айтып жатыр. Бiздерге, үкiметке жәрдемшi болып, кемшiл тұстарды дөп басып жатыр. Сондықтан оларды қолдаймын.
Болат АТАБАЕВ, режиссер:
– Қазiр менiң көңiлiм көтерiңкi. Мағжан Жұмабаевтың: «Мен жастарға сенемiн!» деген сезiмi қазiр менде пайда болды. Жастардың бүкiл жауапкершiлiктi өз мойындарына алып, осындай бастама көтергенiн оқығанда қатты қуандым. Олардың 11 сәуiрдегi митингiсiне мiндеттi түрде келемiн. Жалғыз емес, өзiмнiң барлық жастарымды да ерте барамын. Мұндай бастама көтерген жастарға мың алғыс.
– Қазақ жастарының қазақ елi биiлiгiне қатаң талаптарын бiлдiруi, билiкке ескертпе хат жолдауы – бұның барлығы да бiздiң жастарымыздың үкiмет жұмысына араласуға даяр екенiн көрсетедi. Билiк жетi мыңнан астам студенттермен сөзсiз санасуға тиiс. Олар жай тобыр емес, зиялы топ, болашақтағы осы елдiң иелерi. Жастардың саясаттан хабары жоқ деген сауатсыз идеядан арылуымыз керек. Жастар ендi елiмiздегi барлық ұлтжанды қозғалыстармен, партиялармен, белсендi күштермен бiрлесе отырып, «Тәуелсiздiктi қорғау» қозғалысымен бiрге жұмыс iстеп, өз Отанының тағдырын шешуге атсалысулары қажет. Сөзден нақтылы iске көшетiн уақыт жеттi. 11 СӘУIРДЕГI ҰЛТТЫҚ МИТИНГI ӘР ҚАЗАҚҚА СЫН ДЕП БIЛЕМIЗ ! АЛҒА АҒАЙЫНДАР !
Жарайсыңдар жiгiттер! Шыдамның да шегi бар! Мен сендермен бiргемiн!
***
Барша қазақ бұл митингiге жиналуға тиiс. «Алматының шетiне ғана рұқсат бердi» демей, «берсе қолынан, бермесе жолынан» деп, митингiнi қазақтың қыршын қаны төгiлген Республика алаңында өткiзейiк.
***
Жиынды Республика алаңында өткiзген дұрыс, оған ешкiм де кедергi келтiрмеуге тиiстi! Белсендiлiктi бiр сәтке де бәсеңдетпей, күннен күнге бейбiт түрде арттырып отыруға тиiспiз БӘРIМIЗДЕ, барлық қазақстандықтар, оның iшiнде нағыз қазақ азаматтары, ештеңеден де жасқанудың текке қажетi жоқ!!!
***
Ұлттық саясат тұжырымдамасын, зиялылар қауымының, жастардың жоғарыға жолдаған хаттарын, «Азат» партиясының негiзгi ұстанымдарын тез арада бiр кiтапқа жинақтап 1-2 миллион таралыммен шығарып, халыққа тегiн тарату қажет. Мұны қаны қазақ қалталылар жүзеге асырса құп болар едi. Сонда 2012 жылы сайлауда қазақтың жеңiске жетерi сөзсiз.
***
2012 жылғы президенттiк сайлауда жастар кiмдi қолдайды? Осы сұрақтың жауабын бүгiннен бастап iздеген жөн сияқты. Ал қазiргi президентiмiзден сұрайтыным: Қанағат деген бар ма, әлде жоқ па? Ел басқаруда жастарға да жол бермеймiз бе?
***
Болашақ – жастардiкi. Қазiргi елде билiк қалыптастырған жағдай болашақты ойламауды бiлдiредi. 7 мың жастың хатына жауап бермеу – астамшылық. Ел жаңару үшiн билiк те коммунистердiң сарқыншағынан арылып, тазаруы тиiс. Жастарды қолдаймын. Жаңа елбасы да осы жастардың арасынан шығуы тиiс.
***
Оян қазақ, көтер қане басыңды!!!!
***
Билiк ауысып, жаңа билiк ел мүддесi және болашағы үшiн қызмет атқаруы керек!
Мен жеке басым 10-15 адам шақырамын, оларды жастардың митингiсiне алып келемiн – өзгерiс үшiн, ел үшiн.
***
Жазғандарыңның бәрi жөн-ақ. Өзгерiстер керек. Бiрақ, сөзбен емес, iспен. Бiздiң жер қойнауындағы байлықпен арабтардан кем өмiр сүрмейтiн мүмкiндiгiмiз бар едi. Бiрақ, Миттал, Ким, Машкевич сындылар ол байлықты халықтың аузынан жырып, бөлiп алды. Билiкте отырғандардың барлығы тек «ойыншықтар». Сондықтан митинг арқылы оларға талап қоюдан келер пайда аз. Отанымыздың осындай халге түскенi өкiнiштi-ақ!
***
Жарайсыңдар! Бұл тарихи оқиға болайын деп тұр. Жастар билiкке талап қойған кезде, мiндеттi түрде оның нәтижесi болады. Оған тарихта дәлел көп. Сондықтан, бұл бастамашы жастарды бәрiмiз де қолдайық!
Асанәлі ақсақалдан басқа марқасқаларымыз қайда? Әшейінде сайрағанда сондай, неге қазақ жастарына қолдау білдірмейді? Бұл қатарға Мұхтар ағаны, Шахановты қоспаймын. Ертең жалынды жастарымыз күйіп кетпесе игі еді. Сондықтан барлығымыз, тек жастар ғана емес бүкіл ел болып бас көтеру керекпіз.
Ұларбек Байтайлақ | 2 наурыз 2010 13:34
Құрметті "Жас Алаштықтар!"
Бұл митингіге Астаналық жастарды да тарту керек қой. Ел қамын ойлайтын жастар бұл қала да жетіп артылады. Кімдермен, қалай байланыс жасау керек екенін білмей жүрміз. 17 желтоқсан күні Астанадағы "От ана" ескерткіші алдында жиналып, Желтоқсан құрбандарына гүл қойған болатынбыз. Енді сол жерге Алматылық жастардың митингісін қолдап бізде шығайық.
Тек қана Алматыда болып жатқан қимылдарға билік елеңдей қоймайды. Астана жақтан да қозғау салу керек деп білем.
Бұл ойымды қолд
ШОҒЫ | 2 наурыз 2010 15:04
Міне, қазақ жұрты енді-енді оянып келеді, АЛАҚАЙ, СҮЙІНШІ!!!
Біржігіт.С | 2 наурыз 2010 15:43
Біз жас алаш газетінең тілеріміз ,11 сәуір күнгі митінгіні қадағалай отырып , үлт мүдесі жолдында күресіп жүрген азаматарды ардақтап олардан сол майданда сүкпат алып ЖАС АЛАШ бетінде жарияласаныздар екен !Ал бүғып қалған мұйізіміз қарағайдай деп жүрген қоян жүрек , табансыз зиялы сымақтарды халыққа қай қырынан көрсетесіздер ол жағы газетерініздің қүзырында .
Раке | 2 наурыз 2010 16:35
"Басқосуға келген билiкке тәуелдi жастар ұйымдары өкiлдерiнiң жиынның шырқын бұзуға деген ұмтылыстарынан түк шықпады. Керiтартпа пiкiрлер жалынды жастардың қарсылығына ұшырады."
-------------------------------------------------------------
Ол келген, билікке тәуелді жастар ұйымдарының өкілдері кімдер екен?
Тарихта қалсын, олардың аты-жөндерін жазу керек еді.
Менің шамалауымша, ол жастардың біреуі, табиғаттың жасап берген "кереметі"- Утешев Нұрлан деген де бар шығар...
Раке | 2 наурыз 2010 16:43
Ал енді "60-шы жылғылардың" балаларының саяси іс-әрекеттерін көрейік. Ұстаздарынан шәкірттері озатын шығар.
Ұйытқы | 2 наурыз 2010 16:52
Астанада да, Республиканың барлық ірі қалаларында да, аудан орталықтарында да 11-сәуір күні митнгілер ұйымдастырылғаны жөн. Оны ұйымдастыруға Азат партиясынан, Серікболсын ағаның партиясынан көмек сұраған дұрыс болады.
Ахметұлы Бейсен | 2 наурыз 2010 19:02
Жанымды жегидей жеген осы дерт кундиз есимнен, тунде тусимнен шошытып оятады. өз басым митинг тур гой согысып өлуге дайынмын!
Абылай | 2 наурыз 2010 19:24
Барлык калаларда откізілуі тиіс деп ойлаймын.
батыс жигити | 3 наурыз 2010 01:24
Алматыда окитын инишектерден..Жогаргы оку тарапынан жатакханадан 10-11-12 кундери ешкаида шыкпаисындар деп катан талап койып жатыр дейди..олардан бизди ким коргайды? Ендиги калганы оз казагымыздын колында суиретилип олу ме?! Не кылган бейшара жандар екен Жогаргы оку басшылары?! УКК -ултты курту комитети деп естип едим сол рас болып турган сиякты...Каны казак агалардан сурайтыным..жатакханаларды сол куни тегис аралап бакыласа екен..шыккысы келетин жастар оте коп!!
Батыстан | 3 наурыз 2010 14:32
Осы бастаманы көтерген жастар Қазақстанның нағыз АЗАМАТТАРЫ,анау орындығының атыны тығылып отырған бастықсымақ шіріктерден мың есе артық, ЖАРАЙСЫҢДАР ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҚТАРЫ!
БАРЛЫҚ ҚАЛАДА ӨТКІЗІЛУІ КЕРЕК
Ұлан | 3 наурыз 2010 14:32
Ояныңдар қазақ жастары! Бұл маңызды іс, барлығымыз қатысуымыз керек.
Улт | 3 наурыз 2010 18:03
жок, жиында Утешев болган жок. келгені дурыс еді, пікірлесетін
Сатиев Б. | 3 наурыз 2010 18:43
Жалгыз Алматыда емес Казакстаннын барлык калаларында митинг уиымдастырайык. Нагыз КАЗАК ултынын жастары, кашып журе бермей - митинкке косылындар...
Ардаемген | 4 наурыз 2010 09:05
Өліспей беріспейтін кез туды. Әрекетіңді қыл ҚАЗАҚ!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Ерқыран | 12 наурыз 2010 17:07
Алаңда өткізуге рұқсат етпесе, не істейміз? заңсыз митингке қатысуға бола ма, Жанболат?
Ермухамед | 15 наурыз 2010 01:03
Тагы бир биликти сескендиретин кез келди жастар! Бир тудын астына жиылайык!
көк бөрі. | 19 наурыз 2010 12:53
шыны к/к 86-да таяқ жеп қаштым,осы жолы өлсем де қалам сол жерде
Бимағанбет | 25 наурыз 2010 13:32
Бұл митингіне неге бүкіл республикалық қылып өткізбеске. Мысалы Ақтауда да.
Бұл митингіге Астаналық жастарды да тарту керек қой. Ел қамын ойлайтын жастар бұл қала да жетіп артылады. Кімдермен, қалай байланыс жасау керек екенін білмей жүрміз. 17 желтоқсан күні Астанадағы "От ана" ескерткіші алдында жиналып, Желтоқсан құрбандарына гүл қойған болатынбыз. Енді сол жерге Алматылық жастардың митингісін қолдап бізде шығайық.
Тек қана Алматыда болып жатқан қимылдарға билік елеңдей қоймайды. Астана жақтан да қозғау салу керек деп білем.
Бұл ойымды қолд
-------------------------------------------------------------
Ол келген, билікке тәуелді жастар ұйымдарының өкілдері кімдер екен?
Тарихта қалсын, олардың аты-жөндерін жазу керек еді.
Менің шамалауымша, ол жастардың біреуі, табиғаттың жасап берген "кереметі"- Утешев Нұрлан деген де бар шығар...
БАРЛЫҚ ҚАЛАДА ӨТКІЗІЛУІ КЕРЕК