1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №97 (16179) 5 желтоқсан, дүйсенбі 2016
5 желтоқсан 2016
Ескi бақталастарды жеңген ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ
Ш.Мирзияевтың таққа мiнетiнi И.Каримовтың көзi жұмыла сала-ақ аңдалып қалған. Өйткенi өлмейтiндей көрiнген өзбек басшысының оқыс қазасынан кейiн ел тiзгiнi Сенат төрағасының емес, үкiмет басшысының қолына тиген едi. Ал сайлау мерзiмi белгiленiп, үмiткерлер анықталғанда, президенттiк тақтың Мирзиявке бұйырарына ешкiмнiң күмәнi қалмады. Себебi бұл сайлаудфың өткен жылғы сайлаудан бәлендей айыр­машылығы жоқ. Бақталастардың денi – Ташкенттiң “тұра шабарлары”. Нақтырақ айтсақ, биыл додаға қосылған төртеудiң екеуi 2015 жылы өткен президенттiк сайлауда Каримовтың “көпiрден өтуiне” атсалысқан “үмiткерлер”.
 
Кеше кешкiсiн Орталық сайлау комиссиясының басшысы Мырза-Улугбек Абдусаламов Либералды-демократиялық партиясы атынан түскен Шавкат Мирзияевқа 15 млн 900 мың адамның дауыс бергенiн мәлiмдедi. Демек оған сайлаушылардың 88,61 пайызы сенiм артқан. Қалған 10 пайыздың төңiрегiндегi дауыс Сарвар Отамуратов (“Миллий тикланиш” партиясы), Хотамжон Кетмонов (халық-демократиялық партиясы) және Наримон Умаров­тар­ға (“Адолат” партиясы) тиесiлi. Былтырғы сайлауда марқұм И.Каримовтың 90,39 пайыз дауыспен кермеден жалғыз өткенi       бел­гiлi. Мiне, сол сайлауда Хатомжан Кемонов пен Нариман Ума­ровқа сайлаушылардың 2-3 пайызы ғана таңдау жасаған. Бiрiнiң мамандығы – орыс тiлi мен әдебие­тiнiң мұғалiмi, ендi бiрiнiң табиғат жанашыры екенiн ескерсеңiз, Қа­зақстандағы сайлаулардың сықпыты да көз алдыңыздан көшiп өтедi. Сайлау сайын Қазақстанда да    “ойыншық” үмiткерлер топқа қосылады. Тiптi кейбiреуi бiр емес, бiр­неше мәрте “бақ” сынайды. Және сөзсiз жеңiледi. Бiрақ ешқашан дау шығармайды. Керiсiнше, сайлаудың әдiл өткенiн айтып, прези­денттi құттықтайды. Ал мұны халық сайлау басталмай жатып бiлiп отырады. Ендеше қазақ жұрты алдын-ала сезетiн сайлау қорытындысын өзбек халқы неге сезбеуi керек? Әрине, сезедi. Мирзияев­тiң дара шабарын әйгiлеген тағы бiр себеп мынау: Ислам Каримов аяқасты төсек тартып, оның өлi-тiрi екенi бел­гiсiз болған сонау тамыз айы­ның соңында-ақ саясаткерлер “ке­лесi президент кiм болуы мүмкiн?” деген сауалға жауап iздеген. Сонда аты аталғандардың алдында Каримовтьың кiшi қызы Лола Каримова-Тилляева және оның күйеуi, кәсiпкер Тимур Тил­ляев, Өзбекстан ұлттық қауiп­сiздiк қызметiн бақандай 21 жыл басқарған Рустам Иноятов, Сенат төрағасы Нигматулла Юлдашев және осы Шавкат Мирзияев тұрған едi. Ал президенттiк сайлауға түскендердiң iшiнде осы топтан кiм бар? Жалғыз Мир­зияев қана! Олай болса, халық Мирзияв болады деп жорамал жасамағанда, Лола мен Тимурдың бiреуi болады-ау деп тон пiшуi керек пе? Екiншiден, билiктi уақытша қолына алған Ш.Мирзяев халық көңiлiнде үмiт отын жағатын бiрнеше қадам жасады. Соның бiрi – қарашаның арыз-шағымын қарайтын онлайн-желi ашқаны. Каримовтың кезiнде билiкке сөзiн жеткiзе алмаған жұрт Ташкентке қарша боратып, хат жазды. Ресми дерекке қарағанда, онлайн желiге күнiге 2-3 мың арыз-шағым түскен. Және соның бiр ширегiне жауап жазылып, арыз айтушылардың бiрқатарының арман-мұраты орындалған. Ал хаттар не дейдi? Тақырыпта шек жоқ. Тiптi отызға келгенше күйеу таба алмаған кәрi қыз да Мирзияевке мұңын шағып, кеңес сұраған...
Күлкiлi көрiнуi мүмкiн әрине, бiрақ байланыстың бұл түрi халықты билiкке бiр­шама жақындататыны анық. Тiптi ең құрғанда сайлау өт­кенге дейiн.
Мирзияев сондай-ақ, ел еңбеккерлерiнiң де құлағына жағатын сөз айтып, кәсiп­керлерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын қорғайтын орган құруға пәрмен бердi. Азаматтық туралы заңға да өзгерiс енгiздi. Осы өзгерiс бойынша ендi Өзбекстан тұрғындары шетел азаматы атана алады. Бұрын бұл мүмкiн болмаған. Мирзияевтiң тағы бiр кең­шiлiгi – “қара тiзiмге” iлiккен өнер жұлдыздары үшiн эфирге есiк ашылды. Телеарна былай тұрсын, радиоға шығудан қалған Юлдуз Усманова, Обид Асомов секiлдi әртiс­тер сахнаға қайта оралды.
Бiр қызығы, кезiнде Өз­бекстаның еңбек сiңiрген әртiсi, әншi әрi композитор Абдулазиз Каримдi бүкiл атағынан айырып, “халық жауы” деп атаған дәл осы Ш.Мирзияевтiң өзi едi. Үкiмет басшысының қырына iлiккен әншiнiң сондағы бар жазығы – Түркия азаматтығын алғандығы болатын.
Сонымен өлiара кезеңде қолына уақытша тiзгiн тиген Ш.Мирзияев ресми түрде Өзбекстан президентi атанды. Ол қандай адам, бұл қызметке қалай жеттi? Ташкент­тегi ауыл шаруашылығы институтын бiтiрген. Жасынан комсомол ұйымдарына хатшы болып, осы оқу орнының проректорына дейiн көтерiлген. Куйбышев ауданының әкiмi қызметiнен кейiнгi жолы – даң­ғыл. Жедел өсiп отырып, 2003 жылы Үкiмет басқарды. 
“Ш.Мирзияев қандай адам?” деген сауалға Өзбекстандағы ешбiр кiсiнiң шынайы жауап бере алмасы анық. Тiптi кеше де айта алмайтын. Өйткенi ол И.Каримовтың ең сенiмдi серiктерiнiң бiрi болған, бүгiн ел тiзгiнiн қолына алды. Есесiне, шетелге кеткендер­дiң арасынан айтатындар табылады. Соның бiрi – тоқсаныншы жылдары Каримовтың баспасөз хатшысы болған Шароф Убайдуллаев. Оның айтуынша, Ш.Мирзияев “еш­қашан болжап болмайтын және әрдайым өзiнiкiн дұрыс санайтын адам”. Бұл пiкiрiн ол аймақтағы шаруалардың шынайы жағдайын сөз еткен фермердi сабағанымен және мұндай оқиғалардың бiрнеше рет қайталанғанымен түсiн­дiредi.
Дегенмен Ш.Мирзияевтiң бүгiнгi кескiн-келбетiнен ондай ожарлықтың iзi де бай­қалмайды. Керiсiнше, ширек ғасыр бойы бiр адамның аузына қараған елдi алға сүйреуге ниеттi кiсiнiң пошымы аңдалады. Оның сыртқы саясатты өзгертуге, Қырғызстан, Тә­жiкстан секiлдi көршi елдермен байланысты жандандыруға қатысты ұстанымы өзбек жұртына ғана емес, көршiлес елдерге де ұнайды. Ал кәсiп­керлер мен шаруаларды қолдауға құлшынуы халық кө­ңiлiнен шықты.
Алайда оның шынайы келбетi, түпкi ниетi осы ма? Кешегi қаһарлы Каримовтың қасында момақан баладай көрiнетiн Мирзияев ертең өзгерiп кетiп жүрмей ме? Бұл ендi өзбек халқының тағдыр-тәлейiне байланысты дүние. Бүгiнгi сайлаудан шығатын қорытынды: Каримовтың ке­зiндегi қолбала үмiткер­лердiң қосыла шабуы, Мирзияевтың да Каримовтiң жетiстiгiне маңайлатып дауыс жинауы, сайлаудың дау-шарсыз тек заң аясында ғана өтуi – қазақтың “Көрген көргенiн, көсеу түрт­кенiн iстейдi” деген мақалын еске салып отыр.
Сансызбай НҰРБАБА
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар