1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №99 (16181) 13 желтоқсан, сейсенбі 2016
13 желтоқсан 2016
Қырғызстандағы референдум: МАҚСАТЫ НЕ? ҰЙЫТҚЫСЫ КIМ?
Қырғызстанда жексенбi күнi өткен Конституцияға өзгертулер енгiзу жөнiндегi референдум заңды деп танылды. Өйткенi дауыс беруге сайлаушылар тiзiмiндегi 2,85 мил­лион адамның 42,07 пайызы қатысқан. Олардың 15,4 пайызы қарсылық танытса, Ата заңға өзгерiс енгiзудi қолдаған сайлау­шылар саны бұдан 7 есе көп – 79,56 пайыз. Қолданыстағы заң бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайызы қатысса, референдум заңды деп саналады. 
 
Жалпы, Қырғызстанның 2010 жылдан берi қолданылып келе жатқан Конституциясына өз­герiс­тер енгiзу туралы бастаманы парламент құрамындағы бiрқатар партиялардың өкiлдерi көтерген едi. Бұл бастама ел президентi Алмазбек Атамбаев тарапынан да қолдау тапты. Ұсыныс талқыға түскенде референдум тағайындау бойынша заң жобасын 120 депутаттың 90-ы қолдаған.
Ал Конституцияға өзгерiс енгiзу не үшiн керек? Ресми мәлiметтерге қарасақ, “Қырғызстан  Республикасының тәуел­сiздiгi мен егемендiгiн сондай-ақ, парламентаризмдi нығайтуға, мемлекеттiк билiктiң заңнамалық және  орындаушылық буындары арасындағы өзара қарым-қатынас қағидаларын нақ­тылауға, сот реформасы мен құқық қорғау органдары реформасының конституциялық негiзiн жетiлдiруге” бағытталған.
 
Дегенмен сарапшылар Ата заңға енуi мүмкiн өзгерiс билiктi күшейтедi, дәлiрек айтқанда, үкiмет басшысының құзыретiн кеңейтедi деп есептейдi. Егер өзгерiс заңдық күшiне енсе, үкiмет тiзгiнiн ұстаған адам министрлердi тағайындау мен қызметiнен босатуды прези­денттiң келiсiмiнсiз-ақ жүзеге асыра бермек. Тiптi жергiлiктi кенеш депутаттарының мақұлдауын да күтпейдi. Сондай-ақ бюджеттiң шығыс бөлiгiн арттыратын заң жобаларын тоқтатып, оны парламентке қайтару құқына да ие болады. Сонымен қатар, сот жүйесiн де реформалау ұсынылған. Ата заңның өзгерiс енгiзiлген жаңа нұсқасы бойынша президент Конституциялық палатаның судьясын парламент депутаттарының үштен екiсi қолдаған жағдайда тағайындауға және қызметiнен босатуға мүм­кiндiк алады.
 
Осы мәселелер саясаткер­лердi әртүрлi ойға жетелеп отыр. Мәселен, осыдан сәл iлгерiде 2010 жылы өткен Қырғыз төңкерi­сiнен кейiн уақытша үкiмет құрамына А.Атамбаевпен бiрге келген 8 адам президентке “Ашық хат” жолдаған едi. Олардың арасында “Орталық Азия елдерi арасында билiктен өз еркiмен кеткен тұңғыш президент” атанған Роза Отынбаева да бар. Олар не дейдi? “Конституцияға енетiн өзгерiстер азаматтардың бостандығы мен құқын шектейдi” дейдi. Сондықтан да олар А.Атам­баевты Ата заңға өзгерiс енгiзуге қатысты референдум өткiзу ұсынысын қабылдамауға шақырды. Бiрақ президент олардың сөзiне құлақ асқан жоқ.
Референдум өткiзудi қолдамаған тағы бiр саясаткер Атамбаевтың кәнiгi “дұшпаны” – Өмiрбек Текебаев. Оның айтуынша, 2010 жылғы төңкерiстен ке­йiн қабылданған Конституцияда негiзгi заңды 2020 жылға дейiн өзгертуге болмайтыны жазылған көрiнедi. Демек бүгiнгi өзгерiс кешегi заң талаптарына қайшы. Бұдан шығатын қорытынды: Ата заңды кез келген уақытта өзгерте беруге болады деген сөз.
 
Сонымен Конституцияға өз­герiс енгiзу ең алдымен кiм үшiн керек? Мұны “Атамбаевтың аңсарына” балайтындар бар. Себебi парламентте ұсыныс көтерген 6 партияның iшiнде “Нұр Отанның” қырғызстандық нұсқасы – “Қырғызстан социал-демократиялық партиясы” ерекше белсендiлiк танытқан. Ендеше ұсыныс неге үкiметтiң емес, президенттiң билiгiн ғана күшейтудi көзде­медi? Себебi Қырғызстанда бiр адам елдi бiр мәрте ғана (6 жыл) басқара алады. Ал үкiметтi басқарудың кесiмдi шегi жоқ. Ең қызығы, Конституцияға енген өзгерiстер 2017 жылдың желтоқсанында ғана күшiне енбек. Бұл – Атамбаевтың мерзiмi түгесiле­тiн тұс.
 
Мiне, Қырғызстандағы референдумның қарапайым халық байыбына бара бермейтiн ұң­ғыл-шұңғылына көз жiбергендер осыны көлденең тартады. Олар­ға сенсек, билiктiң дәмiн татып қалған президент алдағы уақытта құзыретi кеңейген үкiметтi бас­қарудан дәмелi. Бүгiнгi тiрлiк – ертеңнiң қамы. Әрине, бұған сену-сенбеу әркiмнiң еркiндегi дүние. Тiптi солай болған күннiң өзiнде “Атамбаевтың аңсары” тiрiсiнде тақтан айрылғысы келмейтiн әрiптестерiнiң қылығымен салыстырғанда “баланың ойыны” секiлдi көрiнедi. Ең бастысы, ол жақта кез-келген пре­зи­денттiң ойынын осып жiберетiн күш бар. Ол – халық. Халқы мықты елге ойынның қай түрi де қауiптi емес, қандай ойын болса да, қараша ұтысқа шығады.
Қ.БАЯН
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті