1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір қоғамда біз білетін байлықтың екі түрі бар: Бірі – адами байлық адам капиталы, екінші – табиғи байлық. Қарасаңыз, мұнайымыздың 80 пайызы шикізат ретінде шетел асып жатыр. Демек, қазақ байлығының 80 пайызын шетелдіктер көріп жатыр. Қазаққа бұйырып отырғаны – сарқыт, тіпті шелек түбіндегі жуынды десе де болады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №102 (16184) 21 желтоқсан, сәрсенбі 2016
21 желтоқсан 2016
Елшiге атылған оқ
Түркияда қастандықпен өлтiрiлген Ресей елшiсi Андрей Карловтың сүйегi кеше Мәскеуге жеткiзiлдi. Анкара әуежайындағы қоштасу рәсiмiне Түркия үкiмет басшысы, Iшкi iстер министрi, Анкара мэрi сынды көптеген лауазымды тұлғалар қатысты. Бұл кезде Стамбұлда болған Ережеп Эрдоған ауыр қылмысты үлкен күйзелiспен қабылдағанын тағы бiр мәрте айта келiп: “Мен оны дипломат ретiнде өте жоғары бағалаймын. Бүкiл түрiк халқы атынан қарулы шабуылды айыптай отырып, марқұмның алдында бас иемiн” дедi. Анкарадағы Ресей елшiлiгi орналасқан көшеге Андрей Карловтың есiмi берiлдi. Бұл жөнiнде Түркия сыртқы iстер министрi Мевлют Чавушоглу ресейлiк әрiптесi Сергей Лавровпен кездесуiнде мәлiмдедi.
 
Бұл қайғылы оқиға әлемдiк БАҚ-тың осы аптадағы басты тақырыбына айналды. Се­бебi жантүршiктiрер шабуылдың бейнетаспасы бiр­ден тарап кеттi. “Түрiк­тер көзқарасындағы Ресей” тақырыбымен өткен көрменiң ашылуында сөз сөйлеген елшi көптiң көзi алдында оққа ұшты. Сол көптiң арасында оның әйелi Марина Карлова да бар едi. М.Карлова сұм­дық оқиғадан кейiн ауруханаға түстi. Жараланған төрт адамның бiреуi ау­ру­ханадан шық­са, үшеуi ем қабылдап жатыр. Олардың барлығы да Түркия азаматтары.
Көп ұзамай елшiнi атқан адам да анықталды. Ол – 22 жастағы Мевлут Мерт Алтынташ. Түрiк баспасө­зiндегi мәлiмет­тер­ге қарағанда, полиция қыз­меткерлерiн дайындайтын Измир кол­леджi­нiң түлегi. Көрмеге полиция куәлiгiмен кiр­ген. Ал ештеңеден хабарсыз көпшiлiк оны күзетшiлердiң бiрi деп ойлаған. Қайғылы оқи­ға­ға байланысты Алтынташтың ата-анасы мен қарындасы және тағы бiрнеше адам қамауға алынды.
Эрдоған да, Путин де бұл қайғылы оқиға­ны Түркия мен Ресей­дiң арасына от салғысы келген әлдебiреу­лерге телi­дi. Алғаш тү­рiк басшысының аузынан шыққан бұл сөздi Кремль қожасы да қоштады. Оның тексеру iсiне Ресейлiк тергеу тобын қатыстыру ұсынысына Эрдоған қар­сы болған жоқ. Бiр шекi­сiп барып, арадағы ушыққан қатынасты әрең қал­пына келтiрген қос ел басшысының бұл әре­кет­терi түсiнiктi. Арадағы татулықты үзiп алмау әсiре­се Түркия үшiн өте маңызды. Өйт­кенi шетел елшiсi­нiң қастандықпен өлтiрiлуi – кез келген мемлекет билi­гiне үлкен сын.
Оның үстiне Мерт Алтынташ түн жамылған қарақшы емес, полиция қатарындағы адам. Бiр деректер бойынша, ол шiлде айында “төңкерiс жасамақ болды” деген айыппен жүздеген адам ұсталып, мыңдаған адам қызметiнен қуылғанда жұмыстан босаған. Ендеше оның қолында полиция құжаты қайдан жүр? Жасанды құжат дегеннiң өзiнде, оны неге күзетшi­лер аңғармаған? Ендi бiр деректерде оның әлi де полиция қатарында болғаны айтылады. Егер бұл анықталса, құқық қор­ғау орындарында Түр­кия билiгiне қарсы адамдар бар деген сөз. Бұл екi нұсқаның қайсысы нақтыланса да, Анкараға абырой әпермейдi.
 
Екiншiден, қайғылы оқиға нағыз үкiметтiк кварталда орын алды. Парламент үйi мен АҚШ елшiлiгi қарыс қадам жерде. Ал шiлдедегi аласапыранның өткенi кеше ғана. Мұның бәрi Түркия үкiметi қауiпсiз­дiк мәсе­лесiне жiтi мән бере алмаған деген пiкiрге жете­лейдi.
Үшiншiден, “қылмыскердi тiрiдей қолға түсiруге болар ма едi?” деген сауал қазiр баспасөз­де жиi талқыланып жатыр. Өйткенi оқиғаның бейнебаянына үңiлгендер Алтынташтың алғашқы оғы мен соңғы атқан оғының арасында 50 секундтық уақыт барын айтады. Сонда осы кезеңде күзетшiлер қайда болған? Тiптi кейбiр деректерде елшiнi атып өлтiрген адамның 15 минуттан кейiн ғана оққа ұшқаны айтылады. Кейбiр басылымдар бұл мерзiмдi “40 минуттан кейiн” дейдi. Ал оқиға куәгерлерiнiң бiрi, Түркиядағы Қырғызстан елшiсi Ибрагим Жунусов: “Ол бiзге еденге жатуды бұйырды. Сол кезде мен оның оғы таусыл­ғанын сездiм. Оған тапаншасын қайта оқтау қажет болған сияқты. Осыны пайдаланып, жиырма шақты адам сыртқа қашып үлгердi” дейдi.
Мұны анықтау және сол арқылы қылмыстың бетiн ашу – түрiк полициясы мен оларға көмекке барған Ресей тергеушiлерiнiң еншiсiндегi шаруа.
Бiр анық дүние, Алтынташ айтқан сөздiң салмағы зiл-батпан: “Бiз Алеппода, сендер осында өлесiңдер. Бұл жерден менi ажал ғана алып шығады. Сирияға зәбiр көрсеткендердiң бәрi бiрiңнен кейiн бiрiң ажал құшасыңдар!”.
Андрей Карлов шетелде өлтiрiлген Ресей елшiлерiнiң алды емес. 1829 жылы Тегеранда ақын-дипломат Александр Грибоедов, 1923 жылы Италияда Вацлов Воровский, 1927 жылы Варшавада Петр Войков өлтiрiлген едi.
Қ.БАЯН
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар