1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (16186) 29 желтоқсан, бейсенбі 2016
29 желтоқсан 2016
Берекесiз одақ немесе Путиннiң жалғыз жақтасы кiм?

Кеңес Одағын қайта құруды көксейтiн Владимир Путиннiң посткеңестiк кеңiстiктегi жалғыз сенiмдi одақтасы — Қазақстан президентi Н.Назарбаев қана сияқты. Белоруссия президентi Александр Лукашенко “ауырып қалдым” деп сылтау да айтпастан Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚКҰ-ның дәстүрлi қорытынды саммитiне келмей қойды. Ал қырғыз президентi елдiң көзiнше еуразиялық интеграцияның iргетасын шайқалта жаздады. ЕурАзЭО-ның ең сүйектi екi құжаты: Кеден кодексi мен сауда-саттықты дамыту туралы келiсiмдерге қол қоюдан бас тартқан Алмазбек Атамбаев артынша әйтеуiр райынан қайтты. Бiрақ қырғыз президентiнiң бұл қылығы көкейiмiзге күдiгi мен күмәнi көп сауал тастап кеттi.


Ләм-мим деместен Минскiде қалған А.Лукашенко бұл жолы әдетте орнына баратын үкiмет басшысын да жiбермептi. Еуразиялық экономикалық одақтың кiндiк әкелерiнiң бiрi саналатын А.Лукашенконың өзi сонша қолдап-қолпаштаған одақтың осындай маңызды жиындарына келмей қалғаны бұл бiр емес. 2009 жылы Ресеймен арада “сүт дауы” туған кезде беларусь “Батькасы” ҰҚКҰ-ның саммитiне бармай қойған. Журналистер Лукашенконың бұл жолғы “қырсығуын” Мәскеу мен Минск арасындағы “газ соғысымен” байланыстырады. Беларусь Кремльден газға қатысты 425 млн доллар берешегiн кешiрудi және газ бағасын арзандатуды талап етедi. Тiптi екi жақтың өкiлдерi дау сотпен аяқталуы мүмкiн екенiн мәлiмдеп үлгердi.
Оның үстiне биiк мiнберден Еуропалық одаққа балама болады делiнген бiрлестiктен Ресейден өзге мүшелерi пайда көрiп отырмағаны аян. Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелерi әлi де “өзгелермен” көбiрек сауда-саттық жасағанды жөн көредi. Есесiне, Белоруссия мен Қазақстанның Ресеймен алыс-берiсiнде көршiсiне сатқанынан гөрi, сатып алған тауарының үлесi басым. Яғни терезесi тең, экономикалық әлеуетi мен байланыстарында ала-құлалық аз Еуропалық одақпен салыстырғанда, ЕАЭО-ның сауда-экономикалық құрылымы бiр жағына ауып кеткен “Пизан мұнарасын” еске түсiредi. Сыртқы саудада Ресейге тәуелдi болып қалған Белоруссия бiр астауға байланғаннан гөрi, баламасы бар әлемдiк нарықтың пайдалырақ екенiн түсiнедi.
Ендi бiздiң билiктiң осы одаққа кiрсек 170 млн адамы бар нарыққа жол ашылып, “қой үстiне бозторғай жұмыртқалайтыны” туралы күпсiнуiне көшейiк. Ресейдiң сыртқы сауда айналымына көз жүгiртсеңiз, онда бiрiншi орында Қазақстан немесе Белоруссия емес, соңғы үш тоқсанда орыстарға 46,6 млрд доллардың тауарын сатқан Қытай тұр. Ең қызығы, Ресейге қарсы экономикалық санкция салған Германия, АҚШ, Италия секiлдi елдердiң өзi қазақтар мен беларусьтардан әлдеқайда көп өнiмiн өткiзген.
Ол аз болғандай, ЕАЭО-ға мүше елдердiң өзара алыс-берiсi соңғы жартыжылдықта 14 пайызға кемiп кеткен. Кезiнде ЕАЭО әлемдегi арзандаған шикiзат бағасының орнын толтыру үшiн құрылғаны белгiлi, бiрақ мұндай “өтемақының” қаншалықты тиiмдi болғанын қазiр ешкiм дөп басып айта алмайды.
Онсыз да берекесi қашқан жиында журналистердiң алдында “Қырғызстан үшiн ЕурАзЭО-ға мүше болудың жағымсыз жағы басым” деп аяқасты мiнез көрсеткен Алмазбек Атамбаевты әрiптестерi оңаша әңгiмеде жабылып жатып сабасына түсiрдi. Бiрақ бәрiмiздi ұшпаққа шығарады деген одақтың омақа түсiп жатқанын “Жас Алаш” секiлдi басылымдар мен қарапайым халықтан бөлек билiктегiлер де амалсыз мойындауға мәжбүр. Бұл одақтың авторлығына үмiткер Н.Назарбаев “шешiлмеген мәселелер қалғанын” айтса, жақында ғана Белоруссия мен Қазақстанды одақтан қууды талап еткен армяндар президент С.Саргсянның аузымен “одақтың әлеуетiнiң әлсiздiгiне” налыды.
Әйтеуiр әзiрге қағаз жүзiнде жұмыс iстеп тұрған одақтың жылжабар жиыны кезектi келiсiмдерге қол қоюмен аяқталды. Бiрақ Санкт-Петербургтегi басқосудың “үй иесiне” ұнамағаны анық. В.Путиннiң көңiлiне демеу болатын жалғыз жайт: А.Атамбаевқа шейiн “ұлы бауыр халықтың” достық пейiлiне күмән келтiрген қонақтарға қарағанда, Кеңес Одағының құрамынан елдiң соңы болып шыққан Қазақстан президентi Н.Назарбаев Мәскеуге деген көңiлiнiң баяғыдай екенiн тағы мәрте дәлелдеп бердi.

Әдiл ҰЗАҚБАЙ
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар