1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №104 (16186) 29 желтоқсан, бейсенбі 2016
29 желтоқсан 2016
Путиндi сынасаң, сотталасың

Ақтөбеде жергiлiктi кәсiпкер әрi дiни белсендi Санат Досов Ресей президентi Владимир Путиндi сынағаны үшiн үш жылға сотталды. Фейсбуктегi парақшасында С.Досовтың В.Путин саясатын жиi сынға алып, оны фашист ретiнде атағанын Қазақстанның қауiпсiздiк комитетi қоғамға қауiптi мәлiметтер деп тауып, “арандататын пiкiрi үшiн” қылмыстық iс қозғаған. Ақтөбенiң соты әлеуметтiк желiдегi пiкiрлерiмен 46 жастағы Қазақстан азаматы С.Досов “әлеуметтiк жiк салды” деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушыны кiнәсiн мойындағаны да, Қазақстан мен Ресейдiң президенттерiн сотта мақтағаны да, қарауында алты баласы бар екенi де жазадан құтқармады.
Осылайша, Ресейдiң Донбастағы соғысқа араласқанын, В.Путиннiң әлеуметтiк саясатын сынаған кәсiпкер прокурорлардың пiкiрiнше “Ресей мен Қазақстанның тату-тәттi көршiлiк қарым-қатынасына нұқсан келтiрiптi”. Және прокурорлардың айыптауларын сотталушының пiкiрлерiне саяси сараптама жасаған, кезiнде “Ғылыми коммунизм” тақырыбына диссертиация қорғаған сарапшы толық қуаттаған. .
Осыдан соң 2003 жылы “Қазақстанның үздiк кәсiпкерi” атанған, мұсылмандарға қолұшын беретiн “Ихтияр” қоғамдық бiрлестiгiнiң жетекшiсi Санат Досов жаздым-жаңылдым деп, екi елдiң арасына “жiк салғаны” үшiн, өзге елдiң президентiне “тiл тигiзгенi” үшiн өзiн соттауды сұраған. Сөйтiп, өзiнiң кiнәлi екенiне соттың көзiн жеткiзiп, үш жыл арқалап кете барды.
Ресей президентiн Санат Досовтан бұрын да Гитлерге теңегендер жетiп артылады. Олардың iшiнде Ұлыбритания ханзадасы Чарльз, украин тележурналисi Савик Шустер секiлдi танымал тұлғалар да бар. The Independent, The Telegraph, The New York Times, The Guardian, The Wall Street Journal секiлдi басылымдар мен CNN, Reuters, Agence France Presse. The Associated Press секiлдi ақпарат агенттiктерi талай мәрте Ресей президентiнiң саясатын нацистердiң көсемi А.Гитлерге ұқсатқан. Алайда Қазақстан азаматы Санат Досов өзге елдiң президентiн сынағаны үшiн темiр торға қамалған тұңғыш жан ретiнде тарихта қалмақ. Осыдан соң ой-пiкiр еркiндiгi қай жерде қылмыстық жауапкершiлiкке ұласады, Қазақстан шын мәнiнде тәуелсiз ел ме, бiз қай елдiң президентiн бiрiншi құрмет тұтуымыз керек деген ойға қаласың.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Таңат | 5 қаңтар 2017 22:15
Апырай, Қазақстанда Назарбаевты сынағаннан Путинді сынау әлдеқайда қауыпты екен- ау!
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар