1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш 21 ақпан, сейсенбі 2017
21 ақпан 2017
Экс-президент ендi жер дауымен сотталып жатыр

АДВОКАТ ҚОРҒАУЫНДАҒЫ АДАМДЫ КӨРМЕГЕН
Бiшкектегi Октябрьский аудандық сотында Қырғызстанның бұрынғы президентi Құрманбек Бакиев пен оның бауыры әрi мемлекеттiк күзет қызметiнiң бұрынғы басшысы Жаныш Бакиев, экс-премьер-министр Игорь Чудинов, экс-вице-премьер Ескендiр Айдаралиев, бұрынғы ауыл шаруашылығы министрi Арыстанбек Ноғаев, экс-депутат Қарғанбек Самақов пен оның ұлы Қуанышбек және де басқа айыпталушыларға қатысты сот iсi соңына жетiп қалды. Жергiлiктi баспасөздiң жазуынша, ақпанның 17-ci күнгi сот отырысында айыпталушылардың адвокаты “қорғауындағы адамдарды танымайтынын, оларды көзбе-көз көрмегенiн” мәлiмдеген.
“Айыпталушылар осы сот отырысында тұрса, өздерiн қалай ақтап сөйлейтiндерiн бiлмеймiн. Бiрақ, заңгер ретiнде Бакиевтердiң кiнәсi жоқ, оларға тағылған айыптар дәлелсiз екенiн көрiп тұрмын. Қырғызстанның бұрынғы президентi Құрманбек Бакиев пен оның бауыры Жанышқа тағылған айыптар дәлелсiз, сондықтан оларды ақтап шешiм шығаруды судьядан өтiнемiн”, – дедi мемлекеттiк қорғаушы Бигилерова.
Ақпанның 14-i күнi өткен сөз жарыста мемлекеттiк айыптаушы, яғни, прокурор судьядан Қырғызстанның бұрынғы президентi Құрманбек Бакиев пен оның бауыры Жаныш Бакиевтiң бас бостандығын 18 жылға, экс-депутат Қарғанбек Самақовтың бас бостандығын 19 жылға айыруға, оның ұлы Қуанышбектi 18 жылға соттауға, экс-премьер-министр Игорь Чудинов пен экс-вице-премьер Ескендiр Айдаралиев, бұрынғы ауылшаруашылығы министрi Арыстанбек Ноғаевтарды 11 жылға түрмеге қамауды сұраған болатын. Мемлекеттiк айыптаушы ағайынды Бакиевтер мен әкелi балалы Самақовтарға “сыбайлас жемқорлықты ұйымдастыру”, “сыбайлас жемқорлыққа қолдау көрсету”, ал басқа айыпталушыларға “қызметтi асыра пайдалану” айыптарын таққан.
Ел аузында “жер саудасындағы алаяқтық” аталып кеткен бұл iсте мемлекеттiк айыптау бойынша, бұрынғы шенеунiктер сыбайлас жемқорлық жүйесiн құрып “қарапайым азаматтардың қаржылық жағдайын қиындатқаннан бөлек, елдi азық-түлiкпен қамтамасыз ету iсiне қауiп төндiрiп, мемлекеттiк қызмет, билiктi басқару заңдарын өрескел бұзған”. Мәселен, 2007 жылдың соңында ұйымдасқан топ қолындағы билiгiн пайдаланып, түрлi амалмен жиынтығы 262 мың гектар суармалы, құнарлы жердi өте арзан бағаға сатып алған. Айыпталушы Самақовтың бұрынғы қызметкерi, қазiргi қарсыласы Нұрлан Асановтың баспасөз мәслихатында таратқан дерегi бойынша, ұйымдасқан топ сауда амалдарын аяқтағаннан кейiн бастапқыда бiр гектарын бес мың долларға сатып алған жердiң құны 100 мың долларға дейiн өсiп кеткен. Бұдан бөлек, ұйымдасқан топ түрлi амалмен сатып алған ауыл шаруашылығы жерлерiн мақсатсыз пайдаланып, тұрғындарға елдiмекен орны ретiнде сатпақ болған.
Сотта жауап берiп жатқан бұрынғы депутат Самақов өзiне тағылған айыпты жала деп санайды. Ал Ресейдi паналап жүрген Игорь Чудинов және басқалары сотқа келiп, жауап беруге жүрексiнсе керек. Беларусь елiнде бас сауғалап жүрген Құрманбек Бакиев те Бiшкек сотында жауап беруге құлықсыз. Бұған дейiн қырғыз соты 2014 жылдың шiлде айында Құрманбек Бакиев пен оның бауыры Жаныш Бакиевтi өмiр бойы абақтыға қамау туралы үкiмдi сырттай шығарып та қойған. Соттың сол шешiмi бойынша, 2010 жылғы халық толқуындағы 80-нен астам бейбiт тұрғынның өлiмiне Құрманбек Бакиев басты жауапкер. Құқық қорғаушылардың қолына түспей жүрген Құрманбек Бакиевтiң Қырғызстаннан қашып кетуiне кезiнде Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев жәрдем берген болатын. Н.Назарбаев өзiнiң бұл әрекетiн “Қазақстан көршi елдi азаматтық соғыстан аман сақтап қалды” деп сипаттап, Бакиевтi Жалал-Абадтан алып шыққан ұшқыштарды наградаға ұсынды. Н.Назарбаевтың бұл ара ағайындығын қолдағандар да және “көршi елдiң iшкi мәселесiне араласуы жөнсiз” деп сынағандар да болды.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Төре | 22 ақпан 2017 20:56
Хан Кенесарының ТЕРІС батасы Құдайы көрші Қырғыз ағайындарды оңға бастыра қоймас? Әлі-ақ Президенттеріңіздің біразы шет елге "сауға" сұрап қашары сөзсіз! Қырғыз-Қазақ арасындағы ықылым заманнан келе жатқан қасиетті қағида "Ханның басын Хан алады" деген дәстүр сақталмағандықтан! Ойланыңыздар... ол Құдай жолы?! Заман өзгерді... Біздер Ханның тікелей ұрпақтары күтудеміз! Іздесеңіздер мені табасыздар... ол жағын сөйлесуге болады...
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар