1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №17 (16203)   28 ақпан, сейсенбі 2017
28 ақпан 2017
Президентке нобель сыйлығы неге бұйырмайды?

Қазақстан президенті Н.Назарбаев тағы да Нобель сыйлығына ұсынылды. Бұл жолы антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіковпен бірге. Швейцариядағы Базель бейбітшілік кеңсесінің ғылыми-зерттеу орталығының директоры Алин Варе ядролық қаруды жоюдағы қызметтері үшін Н.Назарбаев пен К.Күйіковті Нобель сыйлығына ұсынғаны хабарланды. Алин Варенің түсіндіруінше, Қазақстан президенті әлемді ядролық қарусыздандыру, оның ішінде Семей ядролық полигонын жабу жолында маңызды бастамалар көтерген. Ал Кәріпбек Күйіков өзі жетекшілік ететін «Атом» жобасы арқылы ядролық қарудың табиғат пен адамға апаттығын баяндап, ядролық қарусыздану идеясын баршаға ұсынып келеді.
Баспасөздегі деректерге қарасақ, президентті осымен жетінші мәрте Нобель сыйлығына ұсынған. Президентке мәртебелі марапатты алып бергісі келгендер арасында Қазақстан халқы ассамблеясы, пәкістандық теологтар, америкалық конгресмендер, Шешенстандағы балалар үйі, дүниежүзілік түркі елдері ассамблеясының жетекшісі, норвегиялық үкіметтік емес ұйым, «Ақ Орда» қозғалысы, шешен-ингуш мәдени орталығы, Қырғызстан парламенті бар. Осылар қанша жерден Қазақстан президенті «әлемде бейбітшілікті сақтау мен халықтар достығын нығайтуға үлес қосты», «сталиндік қуғын-сүргіннен жапа шеккендерге қамқорлық жасады», «Семей полигонын жапты», «ядролық қарусыздану мен бейбітшілікті нығайтуға септесті» дегенімен Нобельсыйлығы Назарбаевқа бұйырмаған-ды.
Бұл жолы президентпен бірге әлемдегі бейбітшілік сыйлығына ұсынылған Кәріпбек Күйіков ядролық сынақтан анасының жатырында жатып-ақ зардап шеккен, дүниеге екі қолсыз келген суретші. Кәріпбек Күйіков өз шығармашылығы арқылы ядролық қарудың таралмауын насихаттауымен алыс-жақынға танымал. Суретші басқаратын «Атом» – президенттің қолдауымен ашылғанын жоба.
Сонымен, жетінші рет додаға түскен президентке сыйлық беріле ме? Халықаралық саясат пен жүйені жетік білетін маманның бірі, бұрынғы дипломат Қазбек Бейсебаевқа осы сұрақты төтесінен қойған едік.
– Кәріпбек Күйіков – кез келген халықаралық құрмет пен сыйлыққа лайықты тұлға. Швейцариялық ғалымдар сол себепті оны Нобель сыйлығына президентпен бірге ұсынса керек. Президентке келсек, оның уақыты кетіп қалды. Нобель иегерлерін сараптап қарасақ, оларға сыйлық оқиға мен уақыттың арасы алшақтамаған кезеңдегі қызметтері үшін берілген. Бұл ырғақты бұзған жалғыз иегер – АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама. Оған президенттік мерзімінің алғашқы жылы сыйлықты бере салды. Тоқсаныншы жылдардың ортасында Семей полигонының жабылуы мен ядролық қаруды ел аумағынан шығару кезінде Қазақстан президентінде шынымен де Нобель сыйлығын алуға мүмкіндік зор еді. Сол тұста дүрілдеп тұрған дүниежүзілік «Невада-Семей» қозғалысы да септесер еді. Алайда, ол кезде ешкім мұны ойламады. Ал енді кеш. Кеш болатын және бір себебі 1995 жылы халықаралық саясаттағы ядролық қарудың рөлін бәсеңдету бағытындағы қызметі үшін британ ғалымы Джозеф Ротблат пен ғылым мен жаһандық мәселелер жөніндегі Пагоушск конференциясына Нобель сыйлығы берілген болатын. Бұл – антиядролық қозғалысына қатысты тақырыпқа сыйлық екі мәрте берілмеуі мүмкін деген сөз. Оның үстіне қазір әлемде ядролық сынақтар өтіп жатқан жоқ. Сондықтан әлемдік қауымдастық үшін де, Нобель комитеті үшін де бұл тақырыптың өзектілігі жоқ. «Өз еркімізбен бас тарттық» деген уәжіміз де өтпейді. Себебі, Беларусь пен Украина да өз еріктерімен бас тартқандар арасында. Алда-жалда Астана кездесуінен кейін Сирия қақтығысындағылар бейбіт келісімге келе қалса да, ол үшін Нобель сыйлығы Қазақстанға берілмейді. Өйткені Қазақстан Сирия келіссөзінде қатысушы емес. Қорыта айтқанда, ядролық қарусыз әлем бастамасы – игілікті дұрыс іс. Алайда Қазақстан президентінің қасына Кәріпбек Күйіков сияқты құрметті тұлғаны қосып, бейбітшілік сыйлығына ұсыну Нобель сыйлығына қол жеткізуге кепіл емес.


Руслан ЕРБОТА

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (15)
Төре | 28 ақпан 2017 13:28
Қазақстандық суретші әрі антиядролық қозғалыс белсендісі Кәріпбек Күйіков. Сурет "В Контакте" желісінен алынған.
Мына АЗАМАТ ... аурушаң мүгедек ... адам ғой? Осы кісіге Президентті қосып ұсыну нені білдіреді ... ағайындар-ау? Мынандай әдісті ойлап тапқан адам, екі дүниеде оңар ма екен?! Йя, Жаратқан Иеміз, Бір Алла Қазақты ары қарай азудан сақтай гөр?
пионер | 28 ақпан 2017 13:58
Әлемдік қауымдастық келісіп, өздері берсе НОБЕЛЬДІ алуға болар еді. Ал "Мені ұсыныңдар" деп сұрап алған сый сый болама? Нобель алып жұмаққа кіре алмайсың Нұреке. Нобель алғанша сауап жинап, пейішке жолдама ал.
Тұран | 28 ақпан 2017 14:41
Әлгi "ұйымдастырғыштардың"сасық қулығы. Екi "заттың" бiреуiн таңдап аларсыңдар деген дәме ғо. Екеуiнеде берiлмейдi. Анау-мынау адамға ұстата салмайды ол сыйлықты.
мен гой | 28 ақпан 2017 16:01
неси бар берип жатса неге алмаска елимиздин абыройы ушин жане биздин елбасы соган лайык, иштери куйгендер туз жаласын, арине адил жолмен берилсе
Алаш | 28 ақпан 2017 17:29
Әлемдік қауымдастық келісіп, өздері берсе НОБЕЛЬДІ алуға болар еді. Ал "Мені ұсыныңдар" деп сұрап алған сый сый болама? Нобель алып жұмаққа кіре алмайсың Нұреке. Нобель алғанша сауап жинап, пейішке жолдама ал.

Дұрыс!!!!
марат | 28 ақпан 2017 18:13
Былай да елбасының атағы жетпейді ме?
иван | 28 ақпан 2017 19:36
алланын алдында карпбектн арыда жаныда таза адам президентке коспаи жеке усынсада боладыгои
Сәкен | 1 наурыз 2017 00:06
Ей, жарандар! Айтыңдаршы, 25 жылда бізде: киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық қызметақы және басқа қажеттің қайсысы арзандады? Жұмыссыздық, ауру-сырқат азайды ма? Туып-өскен ауылдарың не күйде? Осындай халде "елбастарыңның" халыққа мақтаныш, абырой болғаны неткені?! Жалған намысты малдана бермесеңдерші! Осымен бесінші рет ұсындырып отырғаны қандай даналығы?! Бір уақ ұялу керек қой?!
Қызылордалық Балталы Төлеген | 1 наурыз 2017 10:25
Н. "әлемдік мәселелер" деп АДАМЗАТ жаралғалы шешімі табылмаған бірнәрселерді "көңірсітіп" саясаткерлердің назарын аударуға "мәстір". Бірақ олар БҰЛ "сөзін "бастағаннан" кімнің, нені қозғап "тұрғанын түсінеді де "самарқау есінейді". Ал БҰЛ әлемдегі сатып алуға болатын, ҚАЗАҚТЫҢ байлығын алып қалу үшін "силай салынатын" силықтардың барлығын алып болды. Жетпейтіні НОБЕЛЬ. Шешендерді, репресияға ұшырағандарды құтқарды, "атом сынағын құртты" деп көрді. Болмады. Енді мүсәпірдің "етегіне" жармасып көрмекші. Сорлы..
Есентөре | 1 наурыз 2017 10:39
Жеркеншішті. Мүгедек адамға қосақтасып ұялмайды да екен
Қызылордалық Балталы Төлеген | 1 наурыз 2017 10:45
Н "анау деді, мынау деді,бишараларға көмектесті, өзінде жоқ атомды таратпаймын, сендерді де соған шақырамын" деп көрді. Нобель болмады. Енді мына мүсәпірдің "шалғайына жармасып" көрмекші. АЛЛАНЫҢ РАҚЫМЫМЕН Нобель комиссиясы Мәсіпірге силықты берсе Н-та силықты "қосалқы" ретінде алады. Бірақ бұл "қытықсыз", "МЕНІ әлем танып Нобельді берді. МЕН НҰРымды шашып, НҰРрақымыммен мәсәпірге де силықты алып бердім" деп астамсиды. Ал жағымпаздар, надандар мүсәпірді "ұмытып" МҰНЫҢ "НҰР кемеңгерлігіне" дарақылана шуылдайды..
Төре | 1 наурыз 2017 16:24
Берілген СУРЕТ қандай тамаша! Міне шығармашылықтың шыңы! Руслан жарадыңыз! Мақаланы оқымай-ақ түсінуге болады! Ымды білмеген, дымды білмейді. Психологиялық көрініс.
Қасқырбай | 2 наурыз 2017 11:02
Семейдің полигонын жабуды алғаш туралы Москваға ұсыныс жазған адам Кешірім Бозтаев - Семей обкомының бірінші хатшысы. Олжаста, басқа ешкімде емес. Нобель сыйлығын алып Горбачевпен қатар тұрудың қазақ үшін қажеті жоқ сияқты.
Нагыз казак | 6 наурыз 2017 12:16
Жанаозен маселеси не болды
Алаш | 10 наурыз 2017 09:41
Өз халықын тонап, тоздырған адамға еш уақытта Нобель сыйлығы берілмейді
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар