1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №18 (16204) 2 наурыз, бейсенбі 2017
2 наурыз 2017
Бішкекте құлаған ұшақта Атамбаевтың «АЛТЫНЫ» болған

Қырғызстандағы «Атамекен» парламенттік фракциясының лидері Өмірбек Текебаев «президент Алмазбек Атамбаевтың Кипр офшорындағы мүлкін тапқаны» үшін ұсталды. Бішкекте шұғыл баспасөз мәслихатын өткізген «Атамекен» партиясының заңгері Талайгүл Тоқтақұнова осылай деді. Заңгердің сөзінше, Текебаев Кипрге барған сапарында Бішкекте апатқа ұшыраған «Боинг-747» жүк ұшағына қатысты маңызды құжаттар алған.

Алайда Текебаев оны жариялап үлгермеген. Себебі құқық қорғау органдары осы құжат таралып кетпес үшін оппозицияшыл саясаткер Тәкебаевты әуежайда ұшақтан түскен жерінен ұстап, оған тіпті адвокатын да жібермеген. Тоқтақұнованың мәлімдеуінше, Текебаев тапқан құжатта 16 қаңтар күні «Манас» әуежайы маңында апатқа ұшыраған ұшақ Алмазбек Атамбаев пен оның әйеліне тиесілі болғаны және онда қымбат бұйымдар мен асыл тастар тиелгені айтылған.
Заңгер айтқан деректі бұған дейін ақпанның 13-і күні Өмірбек Текебаевтың өзі де мәлімдеп, «президент Алмазбек Атамбаевтың Кипр офшорында мүлкі бар» деген болатын.
Наурыздың бірі күні өткен парламент жиынында депутаттар әріптестері – «Ата мекен» фракциясының жетекшісі Өмірбек Текебаевтың ұсталуына көз жұмып қарай алмайтындарын, жалпы отырыста осы мәселені талқылауды талап етті. Көп кешікпей мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы мен бас прокурор депутаттардың алдында тұрды. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының айтуынша, Текебаев ресейлік компания өкілдерінің «Альфа Телеком» акцияларын сатып алу кезінде делдалдық жасағаны үшін бір миллион доллар пара алған деген күдікке ілінген.
Алайда ресми орынның бұл сөзіне Текебаевтың жақтастары сенбей, істі саяси тапсырысқа санап, түрлі шерулер өткізіп жатыр. Сарапшылар қырғыз көктемі биыл тағы шерумен басталғанына, соңы үлкен саяси тартысқа ұласарына алаңдап отыр.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 3 наурыз 2017 18:12
Мұның да бір "әңгүдік"болды ғой.Қатыны екеуінің алтынын,ақшасын алып жүруге самолет пайдаланып..Байлығын Кипрдің Түрік жағына алып бармақшы екен ғой. ЕАЭО-қа тығылуы жаман еді. ЕАЭО-қа мүше болуға тек ХАЛҚЫНЫҢ байлығын арамдықпен иемденген диктатор-қылмыскер құмар. Ол жер қауіпсіздеу ғой. "Терроршылардан"Ұжым болып қорғану бар.. Мәскеу диктаторының арманы ЕАЭО-ты пайдаланып"жуастардың"байлығын басып қалу. Ал қалғандарының қамы "боқ қаптарын толтырып" күндерін өткізу.
Шыным | 6 наурыз 2017 10:13
Әзірбайжан,Қырғыз,Қазақ,Тәжік,Түркімен,Орыс елбасыларын қайта сайлау керек, халықтар болып бір мезетте қолға алулары керек, сонда ғана бұлардан мәңгі құтылуға болады
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар