1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №20 (16206)   10 наурыз, жұма 2017
10 наурыз 2017
Сол жағалаудағы бір сөз МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰПИЯДАН ҚАРЖЫ ЖЫМҚЫРУҒА ОЙЫСУ

Биліктің ұшар басында көлеңкеде жүріп-ақ өте ықпалды болған, қазірде «мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату және жария ету» айыбымен қамауда отырған экс-шенді Астананың сол жағалауында желдей ескен бір сөзге қарағанда, достары мен бизнестегі әріптестерін шетінен құзырлы орынның құрығына іліп жатқандай. Сенімді ақпарат көзінің дерегінше, бұрынғы шенеунік түстеп берген дос-әріптестерінің түрлі жолмен жеп қойған қаржының нақты санын тергеушілер калькулятор жадына сыйдыра алмай жатса керек.
Әңгіме, әрине, өте үлкен мемлекеттік жобалар мен оған бөлінген миллиардтаған ақшаға қатысты. Ал бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамы он шақты адаммен шектелмейді. Алайда «мемлекеттік құпия» айыбымен қамауға алынған бұрынғы шенді жүз шақты құлқынға кеткен бюджет қаржысының әрбір тиынын өз мойнына алып жатқандай. Ондағы оның басты мақсаты әріптес достарын жазадан арашалап алу емес. Қайта өзінің жазасын барынша жеңілдету болса керек. Сенімді ақпарат көзінің айтуынша, қамаудағы экс-шенді тергеушілерге бір ғана талап қойыпты: онысы – «мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату және жария ету» айыбын алып тастау. Яғни мемлекетті сату деген жазадан басын арашалап алып, қатардағы жемқор атану. Күдіктінің бұл талабын тергеу орнының қабылдаған-қабылдамағаны белгісіз. Бірақ олар мемлекет қаржысын желге шашу дерегі бойынша тексеру жүргізіп біткен соң, күдіктіге қатысты екі істі («мемлекеттік құпияны заңсыз жариялау» мен «сыбайлас жемқорлық ісі») жоғарғы жаққа жіберіп, саяси шешім күтпек. Бұл таңдауда қамаудағы экс-шенді үшін, әрине, жемқор атанған әлдеқайда тиімді. Себебі «мемлекеттік құпияны сатумен» сот шешімі шықса, кейін жеңілдікпен бостандыққа шығуы айтарлықтай қиындап, әулет сүйегіне қара таңба түсіреді. Ал жемқор болса, қанекей, қазір екінің бірі сондай емес пе?! Сол жағалаудағы сөздің бірі – осы.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (3)
молда | 10 наурыз 2017 18:03
билiкте отыргандардын урлаган каржысын зандастыруы гой акша урлаган сотталды, бiршама уакыттан кейiн кешiрiм сурап немесе ракымшылыкка iлiнiп босап шыгады
Арманай | 12 наурыз 2017 01:13
ҰҚК сонда мемлекет мүддесіне опаздық жасаған экс шенеунікпен "сделкаға" бара ма? Елдің, халықтың сенімінен айырылады ғой онда. Меніңше, ҰҚК ондай әрекетке бармауы керек.
Жандос | 14 наурыз 2017 16:23
Сол жағалаудағы Үкімет мүшелерін араб шейхтары қаржылай көмек беріп, лауазымдарын өсіретіні анықталап жатыр.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар