1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
ҰБТ: Қош бол, қазақ тілі!

Бүгін Ұлттық тест орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов Ұлттық бірыңғай тестілеуден «Қазақ тілі» пәнінің жоқ екенін ресми мәлім еткен. Бұл хабарды әуелі «ҚазАқпарат» агенттігі таратты. Бірақ ақпараттық агенттік іле-шала материалды алып тастаған. Алайда қазақ тілінің ҰБТ-дан алынып тасталғаны туралы мәлімет қазақ сайттарында лезде таралып, әлеуметтік желідегі негізгі әңгімеге айналып шыға келді.

Сонымен, Рамазан Әлімқұловтың сөзіне қарағанда, Ұлттық бірыңғай тестілеудің ресми бекітілген жаңа форматында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығы» және «Қазақстан тарихы» атты үш пән міндетті пән болып қалған және 2 бейіндік пән қосылған. Ал «Қазақ тілінің» сұрақтары «Оқу сауаттылығы» деген пәннің ішінде ішінара кездеседі. Ал ана тілі мектептегі қорытынды аттестацияда қалған. Әлімқұловтың ізін ала қазақ тілінің ҰБТ-дағы тағдырына қатысты Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Дархан Ахметзакиев: «Мен сіздерге айтайын, қазақ тілі бұрын да формалды түрде ғана тапсырылды. Енді қазір мүлде алып тастадық. Қазақ тілі мектеп деңгейіндегі емтиханда қалды», – деп Ұлттық тест орталығы директорының сөзін шегелей түскен.
Білім және ғылым министрлігінің қоғамда дау туғызған жаңа форматы 2017 жылдың 1 қаңтарында енгізілген. Жаңа формат қайран қазақ тілінің басына тағы бұлт үйірді. Өткендегі «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» төңірегіндегі елді алаңдатқан сауалдарға министрлік нанымды жауап бере алмай, ақыры мәселе көтерген азаматтармен алысқан еді. Министрдің қызметінен кетуін талап еткен қоғам қайраткерлері Айдос Сарым мен Мұхтар Тайжанның талабына Ерлан Сағадиев: «Отставкаға кету» бойынша арыздары болса, мен жауап беруге дайынмын. Бірақ, менің ойымша, олар мұндай мәселені көтере алмайды», – деп мәлімдеген. Енді, міне, ҰБТ-ға қазақ тілі қажетсіз болып шықты. Министрліктің мемлекеттік тілге қарсы әрекеттері қашанға дейін жалғасатыны, мұндай «реформаның» аяғы немен тынатыны белгісіз.
Тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақыттан бері қазақ тілінің бағы ашылмай келеді. Әркез қоғамда қызу талқыланып, ел наразылығын тудыратын билік пен қазақ халқының арасындағы тегеурінді мәселе де осы тілдің жағдайынан шығып келеді. Онсыз да айдауда жүргендей күйдегі ана тіліне енді Білім және ғылым министрлігі жаңа форматпен атойлап қарсы шығып жатыр. Осыншама құқай көретіндей Сағынтаев пен Сағадиевтің ана тілінің жазығы не?..

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Еркин | 14 наурыз 2017 19:29
Осындай жагдаяттармен халыкты мын кубылтып алдайды мангурттенген министрлерди упай жинау максатында пайдаланады онын устине сырткы саясат тагы бар.
Асылбек | 15 наурыз 2017 13:53
Неге орыс тилин алып тастамайды? не кереги бар бизге орыстын тили керек болса барсын московиясына озимиздин елимизде журип беишарамыз орыстар и так та на птийчих правах солардын жагдайын жасап.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті