1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Үкімет қарапайым халықтың санасына ақшаны өздері тауып, өздері бөліп беретіндей амал-әрекетті сіңіруде. Бұқараның психологиясына «Үкіметтің ақшасы» дегенді құйып қойған. Жоғарыдағылар ақшаны аспаннан Құдай беріп жатқандай көреді. Осындай аса қолайлы идеологияны таңдап алған.
Автор: Ораз Жандосов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Бастама: ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ИНТЕГРАЦИЯ ҚАЖЕТ

Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйым құру қажеттілігін алға тартты. «Соңғы жылдары Орталық Азия аймағында ынтымақтастық байланыс жағынан қыруар жұмыс атқарылды дей алмаймыз. Дегенмен таяуда ынтымақтастық күшейеді деген болжам бар. Міне, осыны ұтымды пайдалану қажет. Меніңше, алдағы уақытта Орталық Азияның жаңа бір интеграциялық жобасын ұсынған дұрыс. Кезінде Орталық Азияда интеграциялық бірлестікті құруға деген ұмтылыс болған. Орталық Азия одағы болды-ау деймін. Одан кейін банк құрайық деген ой айтылды. Сол сияқты су, энергетика, азық-түлік пен көлік консорциумын құру бастамалары да көтерілген. Өкінішке қарай, оның бәрі іске аспай қалды. Меніңше, бүгінгі таңда осы мәселені қайта көтеретін кез келді. Әрине, бұрынғы мәселелерді қайталамай, Орталық Азияда жаңа интеграциялық ұйым құруымыз қажет», – деді М.Әшімбаев. Депутаттың ойынша, осы бастаманы көтергеннен кейін оған Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Түрікменстанның қосылғаны ләзім.
Бұған қоса, М.Әшімбаев қазіргі санкциялық соғыстар мен державалар арасындағы текетіресті ескере отырып, еліміздің сыртқы саясатын өзгерту керек деген пікірде. Мәселен, Еуразия экономика одағын жабық ұйым ретінде емес, ашық құрылым ретінде дамыту қажет деп санайды. Осы орайда, депутат Қазақстанның ЕАЭО-ның Қытаймен қарым-қатынас жасауына өз септігін тигізе алатынына сенімді.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Ореке | 14 наурыз 2017 15:36
Өзбектер ешқашан сенің интеграциялық ұйымыңды қолдамайды. Сасық орыстың қолтығынан шығып, сасық қытайдың бір жеріне кіргеннен не пайда? Қазаққа титімдей пайда келтіргің келсе, өз еріктерің мен Парламенті тарқатып кетіңдер!!! Қазаққа ақыл-есі дұрыс жаңа көш-басшылар керек. Ақылды азаматтар өте көп.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті