1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №21 (16207)   14 наурыз, сейсенбі 2017
14 наурыз 2017
Қырғызстан Ресей журналисін елден шығарып жіберді

Қырғыз билігі ресейлік «Regnum» басылымының шеф-редакторы Григорий Михайловты елден шығарып жіберді. Журналисті милиция қызметкерлері Қазақ-Қырғыз шекарасына дейін әкеліп тастаған. Қазір Алматыда жүрген Михайлов болса бұл жағдайды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады. Оның Қырғызстандағы тіркеу уақыты аяқталған.
«Тіркеуге қатысты айыппұлды төлер едім. Бірақ соңғы жағдайды кәсіби қызметіммен ғана байланыстырамын», – депті Григорий Михайлов. 11 наурызда Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев БАҚ-тардың қызметіне байланысты мәлімдеме жасап, онда «өздерін тәуелсіз журналистер, саясаткерлер санайтын адамдардың түпкі ойы нақты ақпарат таратып, ақиқатты іздеу емес, керісінше, өтірік пен жала жабу арқылы қараша айында болатын президент сайлауында елде тұрақсыздық орнату» дей келіп, оларға жауапты орындар заң баршаға ортақ екенін естеріне салуы тиіс екенін қадап айтыпты. Ал 12 наурыз күні сөз бостандығын қорғау комитеті Қырғыз билігін БАҚ-қа қысым жасамауға шақырған.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар