1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақстандық ұлт» идеясы да бiзге сырттан таңылып отырған нәрсе. Бұл идеяны өзiмiздiң шала қазақтар да қолдап, қолпаштап жүр. Олжастарға (Сүлейменов) керегi осы. Неге? Өйткенi, «қазақстандық» болсақ, қазақ тiлiнiң қажетi болмай қалады. Президенттiң өзi де, оның айналасындағылар да балаларын да, немерелерiн де қазақша оқытқан емес! Оқытқысы да келмейдi! «Қазақстандық ұлт» деген сылтаумен қазақты әуелi орыс, сонан кейiн ағылшын жасамақ.
«Жас Алаш» газеті, №50, 24.06.2008 ж., 4-5 беттер
Автор: Мұхтар Шаханов
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16211)   30 наурыз, бейсенбі 2017
30 наурыз 2017
Тимур Құлыбаев енді медицинаға бет бұрмақ

Қазақстан президентінің ортаншы күйеу баласы, белгілі миллиардер Тимур Құлыбаев аса ауқатты, зор дәулеттілерді емдеуге салынып жатқан Мәскеу түбіндегі Ильинка ауруханасының 50 пайыз акциясын сатып алмақшы. Clinic Management Group Vademecum агенттігінің жазуынша, «Ильинская больницаның» 50 пайыз акциясын денсаулық сақтау саласына маманданған қазақстандық инвесткомпания сатып алып жатыр. «Әйтсе де қожайынның кім екенін Emdeu Group жария еткісі келмеді», – деп жазады басылым. Аурухана акциясының құны қаншаға түскені жөнінде мәлімет жоқ.
Басылым Қазақстан қаржы министрлігінің дерегіне сүйеніп, Emdeu Group серіктестігінің құрылтайшысына Тимур Құлыбаевтың қатысы барын жазады. Emdeu Group-тың Құлыбаевқа тиесілі екенін ресейлік медицина нарығының өкілдері, оның ішінде Ильинка ауруханасы жобасымен жақсы таныс адамдар хабардар еткенін айтып өтеді. Алайда мұның рас-өтірігін анықтау үшін Т.Құлыбаевтан немесе оның өкілдерінен түсініктеме алу ақпарат агенттеріне мүмкін болмаған.
Қазақстанда Т.Құлыбаевтан асқан талантты әрі жан-жақты бизнесмен жоқ. Мұнай, энергетика, банк саласында судағы балықтай жүзіп, бірде-бір мәрте сүрінбеген, қаржы полициясының қырына ілікпеген, салық органдарымен істі болмаған, бәсекелестерінен қысым көрмеген, қысқа мерзімде қыруар қаржы жинаған президенттің күйеу баласына Мәскеу түбіндегі аурухананың не үшін қажет болғаны түсініксіздеу. Неге десеңіз, президент шетелден инвестор тартуға, инвестор ақшасын Қазақстан экономикасына салуға саясат құрып жүр. Ал биліктің айналасындағылар, керісінше, қазақтың ырзығынан тапқан байлығын шетелге шашқысы келеді.
Егер Т.Құлыбаевтың Мәскеу түбіндегі аурухана акциясын сатып алғаны рас болса, одан Қазақстанның бір бұрышы қисайып қалмас (қайда кетпей жатқан қаржы!). Бірақ сол ақшаға Мәскеуден емес, қазақ ауылынан бір аурухана салынса, орталыққа, Астана мен Алматыға, дені дұрыс білікті дәрігерге жете алмай табаны тозып, бітпейтін кезек күткен қорлығынан көзінен жас орнына қан аққан халықтың ықыласына бөленер еді ғой...


Г.ҚАПАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар