1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №25 (16211)   30 наурыз, бейсенбі 2017
30 наурыз 2017
АҚШ «ай бәйгесінде» 50 жыл бұрын дара болды

ЕНДІ ПУТИН ҚАРЫМТА ҚАЙТАРҒЫСЫ КЕЛЕДІ

1957 жылы Кеңес Одағы бірінші болып жер серігін Жер маңындағы орбитаға шығарды, ал 1961 жылы кеңес ғарышкері Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан алғашқы адам болды. «Кеттік!» – деді Юрий Гагарин, сөйтіп, «Восток» ғарыш кемесі «Семерка» зымыранының көмегімен аттандырылып, Жер маңы орбитасына шығарылды. «Болды, жетті», – деп шешті президент Джон Ф.Кеннеди және «Аполлон» бағдарламасын бастауға бұйрық берді. «Сөз – адамның Айға ұшуында ғана емес, жалпы ұлт жайында. Біз бәріміз адамның сонда болуы үшін күресуіміз керек», – деді Кеннеди 1961 жылдың 25 мамырында АҚШ конгресі мүшелерінің алдында сөйлеген сөзінде,
Бұл сөз АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы «кім Айға бірінші жетеді?» деген жарысты бастап берді. Сегіз жылдан кейін Нил Олден Армстронг: «Бұл – адам үшін кішкентай ғана қадам, бірақ адамзат үшін үлкен секіріс», – дей алды. Ол 1969 жылдың 21 шілдесі, дүйсенбі күні Айға табан тигізген алғашқы адам болды.

ОРЫСТАР АЙҒА СОЛ БОЙЫ ЖЕТЕ АЛМАДЫ
Кеңес Одағы да, оның ізбасары Ресей де ешқашан адамдарды Айға жіберген емес. Бірақ енді осы оқиға болуы мүмкін. Ресей жаңа тұрпаттағы ғарыш кемесін жасап шығарды. Gazeta.ru интернет-басылымының жазуы бойынша, ол Айға 2031 жылы бара алады.
Өз сайтында «Роскосмос» ғарыш ұйымы Айға экспедиция жасау үшін 6-8 ғарышкер іздейтінін жазады. Мәскеудегі баспасөз мәслихатында басқарылатын экспедицияның басшысы Сергей Крикалев жаңа ғарышкерлердің Айды игеру бағдарламасының бір бөлшегі болатынын, олардың «Федерация» деп аталатын жаңа ғарыш кемесімен жөнелтілетінін айтты.

АҚШ ПЕН ҚЫТАЙДЫҢ ДА СЫРТТАП ҚАЛҒЫСЫ ЖОҚ
Осы аралықта АҚШ-тың тағы да адамды Айға жібергісі келетіні белгілі бола бастады. Ал Қытай Айға экипажымен бірге қона алатын кеме жасаумен айналысып жатыр. Келесі жылы қытайлар Айға зонд жіберуді жоспарлап отыр, ол қайта оралуға тиіс. Соңғы жылдары қытайлар бірнеше зонд жіберіп көрді, олар құрылғыларымен бірге Айға жеңіл қонды.
«Қытай Айды зерттеуді жалғастырады, болашақта сол жаққа адамдарды да жібергісі келеді. Бірақ бұл тәуекелге қашан баратыны нақтыланған жоқ», – деді ғарыш саласының сарапшысы Эрик Тандберг.

БҰЛ ӘЛІ МАҢЫЗДЫ
Соңғы рет адам Айда 1972 жылдың желтоқсан айында болды, бұл күні ғаламшар топырағына «Аполлон-17» кемесі қонды. «Біз әлі ораламыз», – деді сол кезде астронавт, кеме командирі Юджин А.Сернан. Ол Ай үстінде әрқайсысы 7 сағаттық үш кезекте жұмыс істеді. Ол әріптесі Харрисон Шмидтпен бірге Айда 74 сағат, 5 минут өткізді.
45 жылдан кейін Ай әлі де адамдардың қызығушылығын тудырып отыр. Тандберг мұның бірнеше себебі бар екенін айтады.
Мұнда Марсқа барар жолдағы аялдама жасауға болады. Ай полюстерінде су бар, одан зымыран қозғалтқыштары үшін отын өндіруге болады. Егер осы жоспар жүзеге асса, Марсқа жол тартқан ғарыш кемесі Ай маңы орбитасында орналасуы мүмкін ғарыш стансасынан отынын толтырып ала алады.
Американың көптеген компаниялары Айда көптеген сирек кездесетін пайдалы қазбалар мен элементтер бар деп жорамалдайды. Мысалы, гелий-3 изотопы бар екені расталса, оны энергия өндіру үшін пайдалануға болады, Гелий-3 Айға күн желі арқылы келіп түседі. Кейбір ғалымдардың айтуынша, айда бұл изо-
топтың көлемі тіпті орасан, онымен жерліктердің энергияға мұқтаждығын мың жыл бойы қамтамасыз етуге болады.
Ай астрономиялық обсерватория ретінде де пайдаланыла алады. Мұндағы төмен гравитация үлкен айналар жасауға мүмкіндік береді. Оларды алып, телескоптарда пайдалануға болады. Одан бөлек, атмосфераның жоқтығы да Жердегіге қарағанда өте анық көруге мүмкіндік береді.

ТРАМП «АЙ БАҒДАРЛАМАСЫН» ҚОЛДАЙДЫ
АҚШ президенті Дональд Трамп НАСА-ны жыл бойы 19,5 млрд доллармен қамтамасыз ететін заңға қол қойды. Заңда НАСА-ның мақсаты Марсқа басқарылатын экспедицияны 2033 жылға дейін жөнелту екені айтылған. Бұдан бөлек, «Орион» жаңа ғарыш кемесімен бірнеше экспедиция жіберу жоспарланып отыр. Америкалықтар 2018 жылы Ай маңы орбитасына ұшқышсыз корабль жіберіп, 2021 жылы Айға басқарылатын экспедиция жөнелту үшін дайындық жұмыстарына кірісіп кетті.
«Бұл ақырындап Айға қону межесі іске асатынын білдіреді. Дегенмен негізі мақсат – Марс. Әрине, Марс алыста, оған жету оңай болмайды», – дейді Тандберг.
Ал «Тесла» компаниясының иесі, «СпейсИкс» жеке ғарыш компаниясының қожайыны Илон Маск америкалық ауқатты екі азаматты Ай маңы орбитасына 2018 жылы жіберу жоспарын ойластырып жүр.

ҒАРЫШТАҒЫ ӘЛЕМДІК РЕКОРД
«Роскосмоста» қазір жастары 31 мен 58 аралығындағы 30 ғарышкер бар. Олардың 14-і ғарышқа сапар шегіп келді. Ең ересегі Геннадий Падалка ғарышта ұзақ болу көрсеткіші бойынша әлем рекордын жасады – ол онда 878 күн болып оралды. Ал жаңа ғарышкерлер жыл соңына дейін таңдалады да, Мәскеу түбіндегі «Жұлдызды қалашықта» жаттығады.
«Федерация» ғарыш кемесі төрт адамдық экипажға есептелген. Жоспар бойынша, оның басқарылатын бірінші сапары 2023 жылы Ресейдің Қиыр Шығысындағы «Шығыс» космодромынан басталуға тиіс.

Пер Кристиан ОЛЕ
Aftenposten газеті, Норвегия (28.03.2017 жыл)
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар