1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №29 (16215) 13 сәуір, бейсенбі 2017
13 сәуір 2017
Жармахан ТҰЯҚБАЙ мәлімдейді: ДЕПУТАТ АЙЛЫҒЫНЫҢ ӨСУІ – АРСЫЗ ӘРІ ЖАУАПСЫЗ АКТ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы Жармахан Тұяқбай парламент депутаттары жалақысының көбеюін «бұл билік түрінің моральдық-өнегелік деңгейіне күмәнді бұрынғыдан да күшейте түсетін арсыз әрі жауапсыз акт» деп бағалады.
Тұяқбайдың пікірінше, «қазіргі экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси жағдай кезінде депутаттардың жалақысын кәдімгідей көбейту – отандастарға доқ көрсету».
«Қазақстан тұрғындарының көпшілігі кедейшілікке, қайыршылыққа ұшыраған шақта, ресми базалық әлеуметтік есептер өтірікке белшесінен батқанда, төменгі күнкөріс есебі шынайы өмірден алшақтап кеткенде, ең төменгі айлық көлемі 24 мың теңгеге зорға жеткенде, орташа еңбекақы 100 мың теңгеден (оның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлердің) сәл асқан сәтте депутаттардың айлықтары бұл көрсеткіштерден тиісінше 4 және 10 есеге асып түседі», – дейді партия төрағасы.
Наурыз айынан бастап мәжіліс депутаттарының жалақылары 30-50 пайызға өсіп, орташа есеппен 600-700 мың теңгеге жеткені жақында ғана белгілі болды. Депутаттардың өздері жалақыларының көбейгеніне риза. Елден ұят болды-ау дегені жоқ. Қайта кейбірі, мәселен, билікшіл «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев өздерінің еңбекақылары вице-министрдікіне жетпейтінін айтып мұңаяды. Депутаттар «жалақымызды өсіруге лайықты қызмет етіп жатырмыз» дегенімен, олардың бұл сөзін мазақтап, әжуалап жатқандар көп.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (2)
Қызылордалық Балталы Төлеген | 13 сәуір 2017 14:51
Көкек сияқты"мен ХАЛЫҚ қалаулысымен"деп өздерін өздері сайлап алған надандардан, өздерінің "ХАЛЫҚ үшін"қандай заң қабылдағандығын, қабылдаған Заңының пайдалы немесе пайдасыздығына баға беруге өресі жетпейтін, "тек қана маңдайында ғана көзі бар, бірақ жүрегінде көзі жоқтардан"не сұрайсың?
Бақылаушы | 14 сәуір 2017 00:00
Біздің елдің жұрты депутат сайлауға құштар. Таң атпай тұрып, тамағын да ішпестен,
сайлау пунктіне қарай жүгіреді. Депутат болған адам қолына бірдеңе әкеліп беретіндей
көреді. Жарайды, депутатты сайладың. Сосын не болды? Ол сені танымай кетті. Өзінің
айлығын өсіріп алып, саған шекесінен қарайды. Енді келіп кеше ғана өзің сайлаған депутатты сынайсың. Неге сынайсың? Өзің ғой оны құтыртып қойған.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті