1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №31 (16217)   20 сәуір, бейсенбі 2017
20 сәуір 2017
Әскери соққы

ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕРГЕ ҚАРАМАСТАН, ТРАМП КЕМЕЛЕРІ КОРЕЯ ЖАҒАЛАУЫНАН АЛЫСТАП КЕТТІ
Корей түбегінде жағдай шиеленісе түскен кезде адмирал Гарри Харрис күтпеген мәлімдеме жасады: 8 сәуір күні авиатасығыш Сингапур жағалауынан алыстап, Тынық мұхитының батыс бөлігінің солтүстігіне бет түзеуге бұйрық алған.
АҚШ қарулы күштерінің Харрис жетекшілік ететін Тынық мұхиты қолбасшылығының баспасөз хатшысы бұл «орын ауыстыруды» «аймақтағы нөмірі бірінші қауіппен» – Солтүстік Кореямен – және оның «ақылсыз, жауапсыз және тұрақсыздыққа жол ашатын зымырандарды сынау бағдарламасымен, сондай-ақ ядролық қару өндіру үшін әлеует құру ұмтылысымен» байланыстырады.
Қорғаныс министрі Джим Мэттис 11 сәуір күні журналистерге «Карл Винсон» авиатасығышының «сол жаққа» бара жатқанын мәлімдеді. Президент Трамп 12 сәуірде Fox Business Network арнасының эфиріне шыққан сұхбатында корабльдердің жөнелтілуі туралы сұраққа: «Біз ол жерге өте күшті армаданы жіберіп жатырмыз», – деп жауап берді.
Америка БАҚ-тары белсене түсті, сөйтіп, 14 сәуірде Fox Business Network авиатасығыштар тобы Солтүстік Корея жағалауларына «бет түзегенін» мәлім етті.
Алайда АҚШ ӘТК түсірген суреттерге қарасақ, жағдайдың әзірше мұндай емес екеніне көз жеткіземіз.
ӘТК түсірген суретте авиатасығыштың 15 сәуір, сенбі күні Индонезияның Суматра және Ява аралдарының ортасындағы Зонд бұғазының тынық суларында баяу жүзіп бара жатқанын көреміз. АҚШ ӘТФ-ның суреттеріне қарағанда, корабль сол күні кешке Үнді мұхитында болған.
Басқаша айтқанда, Ким Ир Сеннің туған күні құрметіне Солтүстік Корея ұйымдастырған орасан зор әскери парадты бүкіл әлем қорқақтай қарап отырған күні және БАҚ АҚШ-тың ескерту соққысы туралы талқылап жатқанда, АҚШ ӘТК қолбасшылығы «Карл Винсон» авиатасығышын және оны алқаушы екі зымырандық эскадралық минатасығыштан жасақталған топ пен крейсерді басқа бағытқа жіберген. Корей түбегінен 4,8 мыңнан астам шақырым оңтүстік-батысқа қарай және Сингапурден 800-ден астам шақырымға оңтүстік-шығысқа қарай.
Корей түбегіне бет түзеудің орнына авиатасығыш тобы шын мәнінде кері бағытқа, «Үнді мұхитында Австралия қарулы күштерімен бірге жоспарланған оқу-жаттығуға» қатысу үшін бағыт алған. Бұл туралы Defense News басылымы бірінші болып хабарлады.
Жағдайды түсіндіру туралы өтінішке Тынық мұхиты қолбасшылығы мен Тынық мұхиты флоты өкілдері әзірше жауап берген жоқ. Дүйсенбі күні АҚШ Тынық мұхиты флотының ресми өкілі, екінші дәрежелі капитан Клейтон Досс «Карл Винсон» авиатасығышы мен оны алқаушы корабльдер тобы «Тынық мұхитының батыс бөлігі акваториясында жүргенін» ғана айтты. Ол корабльдердің дәл қай тұста жүргенін көрсетуден бас тартты, тек Оңтүстік Корея мен Жапония жағалауларындағы суларда олардың жоқ екенін мәлімдеді.
Бұл сонда не болды – түсініспеушілік пе, әлде жағдайды қасақана шиеленістіру ме?
Шанхайдағы Фудань университеті корейлерді зерттеу орталығының сарапшысы Кай Жиан мұның бәрі «психологиялық соғыс немесе қоқан-лоқы» деп санайды. Демек, ол – АҚШ бастап, әбден ойластырылған ойынның бір бөлігі ғана. Оның ойынша, АҚШ, шындығында, дәл қазір Солтүстік Кореяға әскери соққы жасауға тіпті ниеттенбеген. «Қарсылық шыңына жеткенде психологиялық соғыс өте үлкен маңызға ие», – дейді ол.
Стратегиялық және бюджеттік бағалау орталығының штаттан тыс аға ғылыми қызметкері Росс Бэббидждің айтуынша, шынында да, бұл қадам Құрама Штаттардың «әскери сигналы» болуы мүмкін. «Бұл қоқан-лоқыдан да зор нәрсе. Қоқан-лоқы шынайы ниетті білдірмейді. Ал АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі, менің білуімше, қалжыңдаспайды, өте байсалды әрекет етеді. Солтүстік Кореяны ядролық қарулар жасау идеясынан бас тартқызуға мәжбүрлеу 40 жылдан бері қолға алынып келе жатыр», – дейді ол.
Бэббидждің ойынша, Трамп әкімшілігі авиатасығыштар тобын солүстікке жібермес бұрын, Қытайға Солтүстік Кореяға өзі қысым жасауы үшін аздаған уақыт беру қажет деп шешкен секілді. Трамп ҚХР төрағасы Си Зинпинмен 6-7 сәуір күндері кездесті, ал 11 сәуірде онымен телефон арқылы сөйлесті. Сондықтан ол Солтүстік Кореяға «ықпал етпестен» бұрын, қытайларға аздап «тыныстап алуға» мүмкіндік берген сыңайлы.
«Карл Винсон» авиатасығышының Корея бағытына бет түзегенін әлемдік БАҚ күмәнсіз дерек ретінде айтқан-ды. Дегенмен баспасөзде оның барар жеріне жұрт күткендей жылдам емес, баяу жылжып бара жатқаны да емеурінмен жазылды. 11 сәуірде Әскери-теңіз күштері институтының хабаршысы авиатасығыштың Австралия порттарына кіруді тоқтатқанын хабарлады, дегенмен ол Корей түбегіне жылдам жету үшін оқу-жаттығудан бас тартпағаны да рас. Сондықтан ол Корея жағалауындағы суларға жету үшін әлі бір апта керек. Міне, осы деректі ақпарат құралдары соғыс деп дүрлігіп жүріп жіберіп алған сыңайлы.
АҚШ ӘТК жариялаған басқа да суреттерде «Карл Винсон» авиатасығышы 12-14 сәуір аралығында Оңтүстік-Қытай теңізінде болғаны байқалады. Сөйте тұрса да, дәл қазір авиатасығыштар тобы, шынында да, солтүстікке кетіп бара жатуы мүмкін.
Атын жасырған оңтүстіккореялық шенеуніктерге сілтеме жасай отырып, Korea Herald басылымы «екпінді авиатасығыш тобы кең көлемді теңіз жаттығуларын өткізу үшін Оңтүстік Корея ӘТК-сына қосылады, олардың мақсаты – Пхеньян тарапының арандатушылығына қарсы тұру» деп жазды.
CNN телеарнасы «авиатасығыш Корей түбегінің жағалауына сәуір айының соңында жетеді» деген АҚШ қорғаныс министрлігі өкілдерінің сөзін де келтірді.

Саймон ДЕНЬЕ, Эмили РАУХАЛА
(«Вашингтон Пост» газеті, 19.04.2017 жыл)

 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар