1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16240)   6 шілде, бейсенбі 2017
6 шілде 2017
«Сирияға әскер жіберу»... тағы айтылды

Осы аптада Сирияға әскер жіберу туралы әңгіменің құлағы тағы қылтиды. Бұған дейін Түркия мен Ресейдің Қазақстан мен Қырғызстанға Сирияға әскер жіберу туралы ұсыныс жасағаны туралы ақпарат тараған. Бұл хабардан кейін Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Сирия дағдарысын шешу жолында Қазақстан ешкімнің ықпалына түспейтінін, қақтығыс аймақтарына әскер жіберу мәселесі тек БҰҰ деңгейінде ғана қаралуы керек деп санайтынын» айтқан еді.

Енді, міне, Астанадағы Сирияға байланысты өткен келіссөзге қатысқан Ресей делегациясының өкілі Александр Лаврентьев «кейбір ТМД елдеріне Сирияға әскер жіберуі туралы айтылған» хабардың жайын түсіндірді. Оның сөзінше, Сирияға әскер жіберу туралы ұсынысты Ресей айтқан. «Әскери бақылаушыларды Сирияға жөнелту туралы ешкім мәжбүрлемейді. Бұл ұсыныс болатын. Егер Қазақстан басшылығы әскери контингентін Сирияға жіберсе, біз қарсы емеспіз», – деді Александр Лаврентьев.
Сирия қақтығысына байланысты Астанада өтіп жатқан келіссөзде Қазақстан тарапының айтуынша, жұмыс тобына Сирияда деэскалация аймағын құру бойынша техникалық мәселелерді жетілдіру тапсырылған. Келіссөзге БҰҰ-ның Сирия бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистура, Ресей билігінің жоғары шенді өкілдері, Түркия, Иран сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары, Сирия үкіметінің делегациясы, Сирия қарулы оппозициясы делегациясының тоғыз өкілі қатысты. Қазақстан сыртқы істер министрінің дерегінше, Сирияға қатысты бұл процестің келесі кездесуі 1-2 тамыз күндері Иранда, одан кейін тамыздың соңғы аптасында Астанада өтпек.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті