1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №54 (16240)   6 шілде, бейсенбі 2017
6 шілде 2017
Бір партия әу деді, басқаларында үн жоқ

Қазақстан мен Қытай арасында құны 7 миллиард долларлық 22 инвестициялық келісімге қол қойылғанына тура бір ай өткен соң, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы (ЖСДП) мәлімдеме таратты. Жармахан Тұяқбай төрағалық ететін бұл партия үкіметтен Қытайдың Қазақстандағы инвестициялық жобаларының барлық шарттары халыққа жариялануын талап етіп отыр.
«Жалпы, ел аумағында Қытайдың инвестициясымен барлығы 26 миллиард долларға бағаланған 51 кәсіпорын құру жөнінде әңгіме жүріп жатыр. Біз осы Қазақстан-Қытай келісімдерінің бұрынғыдай беймәлім жабық жағдайда жасалынып, онда халықты алаңдатын сұрақтарға жауап жоқ екенін ескерткіміз келеді. Ең бастысы, мұндай біржақты «экономикалық әріптестік» елімізді қаржылық тәуелділікке, жер, демография және саяси өктемдік пен экспансияға душар етпей ме деген сұрақ тұр. Қазақстанның сыртқы борышы былтыр 6,7 пайызға көбейіп, 164 миллиард доллардан асып түскенін және ол қарызды қазақстандықтардың үлесіне шаққанда бір тұрғынға 10 мың долларға жетіп қалғанын еске алсақ, көтерілген мәселе бізді үнсіз отырмауға мәжбүр етеді» дейді партия таратқан мәлімдемеде. Ресми түрде тіркелген алты партияның біреуі осылайша «үнсіз отырмауға мәжбүр» болғандарын хабарлады. Ал қалған бес партия («Нұр Отан», «Ақ жол», Қазақстан халықтық коммунистік партиясы, «Ауыл», «Бірлік») Қытай мен Қазақстан арасындағы қарыз бен келісімшарттарға қатысты үн шығармай, үнсіз отыра бергенді жөн көргендей. Алты партияның ішінде ала қарғадай бөлектеніп қалғандарын ЖСДП былай түсіндіреді: «Ақыр аяғында біздің үндеуіміздің себебі — әлі күнге дейін қазақстандық жерді шетелдік заңды тұлғаларға сату немесе жалгерлікке беру мүмкіндігімен байланысты қоғамдық шиеленіс пен алаңдаушылықтың азаймайтыны – ауылшаруашылық мақсаттағы жерге жекеменшік институтының жойылмауы.
Бұл арада екі елдің тең құқылы ынтымақтастығы тек екі халықтың бір-біріне, сондай-ақ олардың өздерінің өкіметтеріне деген толықтай сенім білдіруі арқылы ғана дами алады. Осыны негізге ала отырып, біз Қазақстан басшылығынан келесі сауалдарға түбегейлі жауап беруді сұраймыз:
– Қазақстанда қытайлық капиталмен жұмыс істеп жатқан 2800-ден астам кәсіпорынның экономикалық табыстылығы, әлеуметтік тиімділігі, экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан қызметінің бағалауы қандай?
– Қазақстанда салынбақ қытайлық кәсіпорындар жоғарыда аталған талаптарға сай болу үшін нендей шаралар қолға алынды?
– Осы кәсіпорындарды құруда Қытай біздің елге қандай ілеспелі міндеттер қояды? Жерді пайдалану, еңбек миграциясының тәртібі қандай болады және экологиялық бақылау қалайша жүзеге асырылады?
– Бұл кәсіпорындарды ашқаннан кейін Қазақстанның сыртқы борышы одан әрі қаншалықты көбейеді? Бұған болжамды есеп-қисаптар арнайы жасалды ма?»
Қазақстан мен Қытай байланысы ашық болуы міндет дейтін ЖСДП партиясы биліктен осы сұрақтарына жауап күтіп отыр.
 

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті