1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
11 шілде 2017
Назарбаевтың қарсылығына қарайтын Yкімет бар ма?

Өткен айда үкімет қаулысымен Астана халықаралық әуежайына президент Н.Назарбаевтың есімі берілген еді. Сол-ақ екен, желідегі жұрт бұл жаңалықтың шаңын қағып, біраз жерге апарып әрең тоқтаған. Жұрт шуылдап, қызылкеңірдек болып жатқанда президент үнсіз қалып еді. Ақыры үнсіздігін бұзып, Астана күні (6 шілде – Н.Назарбаевтың да туған күні) «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында: «Бұл менің бастамам емес. Жалпы, мұндайға қашанда қарсымын. Бірақ үнемі осылай болады өзі. Бәлкім, адамдар бағалап жатқан шығар. Істелген жұмысты жұрттың көргеніне қуаныштымын», – деп әуежайға есімін беруге қатысты пікір білдіріпті. Рас, әуежайға Н.Назарбаевтың есімін беру бастамасын президент көтерген жоқ. Мұндай бастаманы 2009 жылы қазіргі сенатор Дархан Қалетаев айтқан-ды. Сенатордың ұсынысын орындауда үкімет сегіз жылға кешікті. Бірақ президент қарсы. Қызық. Қызық болатыны – Қазақстанда президенттің қарсылығына қарамастан, үкіметтің қаулы қабылдайтыны сирек кездесетін жағдай. Назарбаев өз сөзінде: «Жалпы, мұндайға қашанда қарсымын», – депті. Рас, елдегі демократияның гүлденіп, дамығаны сонша – президенттің қарсы болғанына қарамастан, оған көзі тірісінде ескерткіш орнатылып, саябақтарға аты беріліп келеді. Бізге біртүрлі көрінгенімен, мұның бәрі Назарбаев айтқандай болар: «Бәлкім, адамдар бағалап жатқан шығар. Істелген жұмысты жұрттың көргеніне қуаныштымын».
Әуежайға қатысы жоқ бір әңгімені жол-жөнекей қоса кетейік. Әуежай туралы пікірін президент Ресей арнасына айтқан. Тәуелсіз елің, мемлекеттік арналарың тұрғанда, неге «Россия-24» арнасына сұхбат беріп, ел ішінде қызу пікір туғызған мәселені шетелдің ақпарат құралына айтады, осы жағы сәл түсініксіздеу. Бізге түсініксіз болғанмен, президент пен оның айналасына бұл өте түсінікті шығар, мүмкін. Бұған дейін де «Российская газета» басылымына президенттің екі мақаласы (2009, 2012) шыққан. Не үшін шетел басылымы, қандай мақсат – ол жағы бізге беймәлім.

Таңатар ТАҒАН

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті