1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №55 (16241)   11 шілде, сейсенбі 2017
11 шілде 2017
Жүз мыңдаған халық Ердоғанға қарсы шеруге шықты

Түркияда президент Реджеп Тайып Ердоғанның саясатына наразылық танытқан демонстранттар Анкарадан Стамбұлға дейін 450 шақырым жүріп өтті. «Әділет маршының» соңы биліктің саясатына қарсы митингімен аяқталды.
Республикалық халықтық партияның (РХП) мүшесі Энис Бербероглу өткен жылғы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті кезіндегі кей ақпараттарды жариялағаны үшін айыпталып, 25 жылға сотталған еді. РХП жетекшісі Кемаль Кылычдароглу үзеңгілес саясаткердің сотталуына қарсылық танытып, «Әділет маршының» жүріп өтетінін мәлімдеген. Оның ойын қолдап көшеге шыққан белсенділер мен халықтың саны, кейбір деректер бойынша, жүздеген мыңнан асқан.
Бастапқыда билік оппозициялық партияның бұл акциясына рұқсат берді. Бірақ кейіннен президент Ердоған оларды «терроризмді қолдайды» деп айыптады. Ол маршты ұйымдастырған Республикалық халықтық партия саяси оппозиция атын жамылып, «Түркиядағы террорға қатысы бар ұйымдармен және үкіметке мүддесі жат Фетхуллах Гүленмен сыбайласты» деп сынға алды. Бірақ оппозицияның ойы мен талабын құптағандардың саны, керісінше, көбейіп жатты.
Стамбұлға екі шақырым қалғанда партия жетекшісі Кылычдароглу өзін екі жағынан айнала қоршап, билікті айқайлай сынаған наразы жұрттың ортасымен жалғыз жүріп барды да, марштың соңғы нүктесі болған митингіге еніп кетті. Сонан соң сахнаға шығып, сөз сөйледі.
«450 шақырым бойына біздің қатарымыз Түркияның әр қаласынан ағылған азаматтармен толықты. Біз маршты аяқтаған да шығармыз, бірақ біздің әділдік үшін күресіміз жалғаса береді. Біз билікке басын имей, бостандығынан айырылғандар үшін жүріп өттік. Қамалған журналистер мен университет оқытушылары үшін әділдік талап еттік», – деді Кылычдароглу.
Ол өткен жылғы төңкерістен кейін орнатылған төтенше жағдайдың алынып тасталуын талап етіп, соттардың әділ болуын сұрады, ал конституциялық сот мүшелерін президент сарайының қолшоқпары болмауға шақырды.
Партия жетекшісі алаңға шыққан 1 млн 500 мыңдай түркиялықтың алдында «Бәріміз мынаны түсінуіміз керек: 9 шілде — жаңа қадам. Жаңа күй, тың тарих, қайта туу. Бұл – біз бастаған марштың соңы емес, Түркияның тарихындағы жаңа күндердің басы», – деді.
Шеруге шыққандар 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінен соң басталған жұмыстан қуу, «көтеріліске қатысы бар» деген желеумен түрмеге тоғыту әрекеттеріне қарсылық білдірді. Шетел басылымдарының жазуынша, Түркия билігі «өткен жылғы сәтсіз аяқталған төңкеріске қатысы бар» деп 50 мыңға жуық адамды тұтқындаса, 140 мың қызметкер жұмыстан қуылған.

Дайындаған Аян ҚАЛМҰРАТ

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті