1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Шешенстандағы қираған халыққа қол ұшын созған біздің ағайындар. Грозныйдың төріндегі көпқабатты зәулім үйдің құрылысына қаржыны да берген қазақтар. Сол үшін де Рамзан Қадыровтың қолынан алғас алған Иманғали Тасмағанбетовтің күйеу баласы Кеңес Рақышев. Дәл сол марапаттау кезінде ақкөңіл, дархан қазақ жігіті шешенстанның «Терек» футбол клубына автобус, өзінің астында мініп жүрген ұшағын сыйлап және Грозныйдағы аурухананың құрылысын толық көтеретінін айта кетті. Бұл қайдан тасыған байлық, қай көңілден кеткен кеңшілік екенін біле алмадық.
Автор: alaman.kz, 19.06.2010 ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16264 3 қазан, сейсенбі 2017
3 қазан 2017
Қарағанды латын әліпбиін орысша талдап жатыр

Қарағандыдағы «Болашақ» академиясы «Латын графикасы – мемлекеттік тілдің сенімді тірегі» атты тарихи-деректі көрме өткізіп, ана тіліміздің болашағы мен бағытын талқыға салды. «Рухани жаңғырудың» арқасында мемлекеттік тілдің мәртебесі өседі делінген жиын қазақша басталып, орысша аяқталды.

Академия ректоры Құрал Меңлібаевтың алғысөзімен ашылған бұл жиынға 200-ден аса адам қатысты. Қарағанды облыстық мемлекеттік мұрағатының өкілі Жазира Акижанова латын графикасына қатысты тарихи деректерді жіті түсіндіре келе, «бұл бізге таңсық емес, керісінше, өткенімізді қайта жаңғырту мүмкіндігі бар» екенін айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі Құрманғазы Сембиев латын графикасына ауысу заман талабына сай, барлық ғылыми бағытта қарқынды дамуда тигізер пайдасы ұшан-теңіз екенін тілге тиек етті. Жиын барысында облыстық мұрағат пен академия мұражайынан алынған латын әліпбиіне қатысты құжаттар, ескі газет-журналдар көрмеге қойылды.
Алайда осы отырыстың орасан олқы тұсы болды. Жиынның өзі қазақ тілінің латын әліпбиіне ауысуы туралы болғандықтан, шара тек таза қазақ тілінде өтсе деп тілеген едік. Бірақ «Болашақ» академиясының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздарынан басқасы орысша сөйлеп кетті. Мәселен, Қарағанды облыстық мұрағатының өкілі Жазира Акижанова латын графикасына қатысты тарихи деректерді, қазақ тілінің латын әліпбиінде болғандығы жайлы құжаттарды орыс тілінде баяндап бермесі бар ма? «Латын әліпбиі мемлекеттік тілге қатысты ғой, неге қазақша сөйлемедіңіз?» – деп сұраған едік, «Қай тілде сөйлесем де өз еркім. Қаласам ағылшынша сөйлеймін. Өзіме орыс тілі ыңғайлы», – деп қысқа қайырды. Әрине, әркім қай тілде сөйлесе де өз еркі. Алайда көрме мен жиынның аты «Латын графикасы – мемлекеттік тілдің сенімді тірегі» дегентақырыпта тұр емес пе?!
Қысқасы, Қарағанды белсенділері мемлекеттік тілге деген енжарлығын тағы бір байқатып қалды. Жетпіс пайызға жуығы орысша өткен бұл жиын мемлекеттік тілдің тұғырын қалай бекітіп, қалайша сенімді тірегі болмағын түсінбей біз кеттік.
Латын әліпбиіне ауысу тіл тазалығын сақтауға, болашақ ұрпаққа жаңа форматпен қазақ тілін таза күйінде үйретуге зор әсер етеді екен. Бірақ латын әліпбиіне ауысу мәселесі орыс тілінде талқыланса, латын әліпбиін қолданбақ қазақ тілінің тазалығы қалай сақталмақ?

Ерзат ЕРМАҒАМБЕТ
Қарағанды

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар