1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №78 (16264 3 қазан, сейсенбі 2017
3 қазан 2017
Қазақтың алфавиті жайында

11 қыркүйек күні парламент мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы алфавиттің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта парламенттік тыңдау өтті. Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов қазақ алфавитінің жаңа нұсқасын ұсынды.

Мен Отанымыздың патриоты және осы алфавитті қолданатын қазақ азаматы ретінде өз ойымды білдіргім келеді. Алфавитте 8 диграф қолданған, әрине, дұрыс. Бірақ диграфтардың санын қысқартуды, сондай-ақ Ии, Йй - Ii әрпімен, ал Іі- латынның Jj, Уу- латынның Uu әрпімен таңбалауды ұсынамын. Мысалы: jlgjsh, kjmnjng, senjng, jnjng, su, shu.
Ә, Ө, Ү, Ұ әріптерін жазу кезінде акут және гравис қолдануды ұсынамын, сол кезде жазған әріптер ыңғайлы әрі әдемі көрінеді және қазақтың нақты дыбысын көрсетеді.
Акутпен жазылған Á, á – кириллицадағы Ә дыбысын білдірсе. Á, á – фарер, исланд, венгр, чех, словак, вьетнам алфавиттерінде қолданылады. Мысалы: Ásker, Ália, Áset, ázhe, Ásem, átesh.
Ө дыбысы О акутпен берілсе; Ó, ó. Ó, ó фарер, венгр, исланд, кашуб, поляк, чех, словак, лужиц алфавитінде қолданылады және бұл әріп каталон, ирланд, окситан, португал, испан, вьетнам алфавитінде О әрпінің варианты ретінде пайдаланылады. Мысалы: Ógjz, óte, Ótegen batyr, óleng.
Ү дыбысы U акутпен Ú, ú берілсе; Ú, ú – чех, фарер, венгр, исланд, словак алфавитінде қолданылады. Сондай-ақ нидерланды, ирланд, окситан, португал, испан, итальян, вьетнам алфавитінде U әрпінің бір варианты ретінде алынған. Мысалы: Úsen, úi, Úrker, útjk.
Ұ дыбысы U грависпен Ù, ù арқылы берілсе... Бұл итальян, француз тілдерінде және вьетнам жазуында, пиньинде қолданылады. Мысалы: Ùstaz, ùrpaq, Nùrsùltan, Ùia, Nùrzhan.
Парламент мәжілісінде жаңа алфавиттің үлгісі ретінде 25 әріп және 8 диграф қарастырылған болатын. Менің ұсынысымда жоғарыдағы алфавиттің тек 24 әріпті, 5 диграфты қолдануды ұсынамын.Сонымен қатар ә, ө, ү, ұ әріптерін акут және гравис арқылы a, o, u әріптерінің нұсқасы ретінде қолдануды ұсынамын. Сонда жалпы алфавит 24 немесе 28 әріптен тұратын болады.

Нұржан МЕҢДІБАЕВ, ҚР Орталық мемлекеттік музейінің қызметкері

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Назар | 4 қазан 2017 22:10
Өте орынды пікір. Толық қолдаймын.Парламентке ұсынған тілбұзар нұсқадан ойлағанда
тіл болашағы үшін тиімді нұсқа осындай болу керек.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар