1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16266) 10 қазан, сейсенбі 2017
10 қазан 2017
Алмазбек АТАМБАЕВ, Қырғызстан президенті: ...ҚАЗАҚСТАН БАЙЛЫҒЫН ТОНАП ЖАТЫР...

Мен бәрібір әділ сайлау өткіземін. Әрбір халық өзі сайлаған басшысына лайық. Қазақ билігінің бізге не үшін сондай жағаласқысы келетінін түсінемін. Олар Бәкиевті жақсы көреді. Бәкиевтер Қазақстанда әлі күнге дейін тайраңдап, мейрамдатып жүр. Мен тіпті Қазақстанның ең үлкен қызметтерінде жүргендерден «Бәкиевтер адамдарды атып, дұрыс істеді» дегенін естідім. Өз құлағыммен естідім. Ешқайсысының атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Біз қазақ халқына «жақсы үлгі» көрсетіп отырған жоқпыз.
Нұрсұлтан Әбішұлы дұрыс айтады: Алматының жалпы ішкі өнімі бүкіл Қырғызстандыкінен бес есе үлкен. Қазақстан жалпы ішкі өнімі Қырғыз экономикасынан 20 есе көп. Қазақстанның орташа жалпы өнім табысы Қырғызстаннан 10 есе үлкен. Олай болса Қазақстандағы зейнетақы неге 1,5 есе ғана үлкен, 10 есе емес, тарифтер қалайша бес есе жоғары? Себебі Қазақстан байлығын тонап жатыр. Келген пайда халыққа жұмсалып жатқан жоқ. Осы үшін де біз «нашар үлгіміз», себебі Атамбаев әділ биліктің мысалын көрсетіп отыр. Біздің Талас жақтағы алыс аймақ тұрғындарының жағдайы қазақстандықтардың жағдайынан кем емес.
Егер бізде табыс жан басына шаққанда әр адамға 10 есе көп болса, зейнетақы да қазіргіден 10 есе жоғары болар еді. Себебі менің маңайымда жүрген шенеуніктер Қазақстандағы Өтемұратов секілді шенеуніктердей байып жатпас еді. Соның алдында біздің бабановтар мен сариевтер құрдай жорғалап жүр.
Мен Назарбаевтың Бабановпен кездесуінде айтқан «Қырғызстанда жас президент болса жақсы болар еді» деген сөзімен толықтай келісемін. Бірақ бізде президенттікке үміткерлердің ішінде ең үлкені Назарбаевтан 20 жасқа кіші. Ал мен 16 жасқа кішімін. Сонда жас президент кімге керек болды – бізге ме, Қазақстанға ма?
Қазақтар – біздің қаны бір бауырларымыз. Біз тарихты жақсы білеміз. Біз осыдан 500 жылдан астам уақыт бұрын өз басшысы ретінде Шыңғыс ұрпағынан сайлаған бір ел едік. Бірақ кейде Қазақстанды қазір қазақтар емес, әлі де Шыңғыс әулеті басқаратындай көрінеді.
Біздің ішкі тірліктерімізге килігіп, үйретудің қажеті жоқ. Біз өз жолымызды таптық.

Р.S.Қырғызстан президенті А.Атамбаевтың осы сөзіне байланысты Қазақстан сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады. «Қырғыз Республикасының президенті А.Атамбаевтың Қазақстан Республикасының басшылығына қатысты сөздеріне байланысты қатаң наразылық білдіреді және мұндай сөздерге екі достас мемлекеттер арасындағы қатынастарда жол берілмеуі тиіс деп санайды. Қырғызстан президентінің сайлауалды мақсатындағы жауапсыз, арандатушылық мәнді және жалған пікірі елдеріміз арасындағы достық пен өзара көмектің көпғасырлық байланыстарына нұқсан келтіре алмайтынына сенім білдіреміз. Қазақстан тарапы қырғыз халқымен дәстүрлі бауырластық қатынастарын дамыту жолында берік болып қала береді» делінген мәлімдемеде.

« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (15)
Қазақ қызы | 10 қазан 2017 17:16
Атамбаев бүгінгі тұрмыс-тірлігімізге адалымен әділ баға беріп отыр ғой. Оған бола неге сонша бүлініп жатырсыңдар. Шындық шырықтарыңды бұзып жіберді ма?
молда | 10 қазан 2017 22:34
о~л~а~а,,, Атамбаев катырдын, 《еркек》Манас батырдын урпагы екенiндi корсеттiн, омiрiн узак болсын!!
Жээнбеков | 11 қазан 2017 07:15
Айтқандарының бәрі рас.
Қызылордалық Балталы Төлеген | 11 қазан 2017 13:37
"Біздің ішкі тірліктерімізге килігіп, үйретудің қажеті жоқ. Біз өз жолымызды таптық".Дұрыс айтты.БІЗДІҢ"нұрдан"жаратылған"кемеңгер","сарабдал саясаткер"т.б.бытық-шытық(мақтайтын сөздерім таусылып қалды)"пешші","бұлбұлға","сен біраз әтештің әнін үйренсей",немесе"тұлпарға"есектің ақырып"айналасына танымал"болатындығы туралы оттамауы керек еді.ӨЗІ кім.ЕЛДІ қайда ұрындырды.167,5млрд АҚШ доллары сыртқа қарыз.Жер асты,үсті байлықтары сатылды.Үш тіл.ЕЛДЕ қытай жылмиып,орыс ойындағысын жасап жатыр.Сорлы
Рус | 11 қазан 2017 16:47
Біздегі опозиция серкелерінің айтатын жөні осы сынды, жағымпаздар мен жемқорлар мекеніне айналдық, баяғы Бұқар жырау сияқты патшаға шындықты айтудың орнына зиялысымақтар мақтаудан алдарына жан салмайды. Елбасымызда ет пен сүйектен жаралған пенде, 26 жылғы мадақтау мен көзбояғыш нөкерлер кез келген адамды адастырады. Қазіргі жанында жүріп мақтағандар ертең даттағанда алдарына жан салмайтын болады. Оған Сталиннің көлеңкесінен қорқатын Хрушевтың тірліктері дәлел. Жаратқан ием жар болсын!
Асан | 11 қазан 2017 19:23
Атамбаеев шындықты айтып отыр.Атқарушы билік елбасының тапсырмаларын орындамай отыр. Елдің қамын ойлап отырған азаматтар бар Бірақ атқарушы билік өздерінің әдістеріне салып қитұрқы әрекет жасап отыр.Соның бір мысалы бензинді қолдан қымбаттату,ол бір шенеуліктің саясаты,заводты ремонтқа қойса да, бензинді қымбаттатпай бағаны ұстауға алдын ала қам жасауға болатын еді. Бұл жерде олардың арам пиғылдары білініп қалды. Ел боламын десең бесігімізді түзейік ағайын,ертең о дүниеге барғанда құдайдың алд
Арман Астана | 11 қазан 2017 22:26
Атамбаев ақылыңды артыңа сақта, жаның қысылғанда қажет болады.Сенің ойыңша қазақтар өңшең ақымақ ба? Қазақтың анасы да ұл таптым деп қуанған, елімізді, намысымызды қорғайтын ұлдар да баршылық. Сандалма.Мықты болсаң қандастарыңды сыртқа жұмыс іздеп қаңғыртпай , еліңнен жұмыс тауып бермедің бе? Қазаққа сен сияқты тілмаштың қажеті жоқ.Босқа арам тер болма.Ал ел байлығын талан - таражға салғандар болса адамның құрығынан құтылғанмен Алланың тергеуінен құтыла алмайды. Алланың таразысы тура.Қысқасы өзі
Ерсін | 12 қазан 2017 08:04
Атамбаевтың сөзінен қазақтарды ренжітетін сөздерді оқымадым. Енді пенсиямыз 45000 екені өтірік емес қой.
Қасқырбай Мәдиев | 12 қазан 2017 10:42
Айтқан пікірдің бәрін теріске шығаруға болмайды. Ащы да болса шындық бар.
Алдабай | 13 қазан 2017 16:15
Атамбаев айта алмай жүрген ойларымызды анық айтты.Оған ренжудің қажеті жоқ.Турасын айтқан туғанына жақпайды емес пе.
Қазақтың қарапайым ұлы | 14 қазан 2017 13:17
Пішту.Алдымен өзін қарқ қылып алсын.Сандалапты.Қазақ кімнен сорлы еді? Турасын айтып туғанына жақпайтын кім ол сонща?Бүгін бар билікте, ертең кім біледі? Мықты болса тағы да айтам өзінің қандастарын өзге елге тентіретпей аз болсын, көп болсын жұмыс тауып беріп, жалақымен қамтысын."Өзің диуанасың. кімге пір боласың". Көрпеңе қарай көсіл.Қазақстан ешкімге қол жайып отырған жоқ. Аз болсын, көп болсын елімізден напақа тауып жүрміз. Мәселен мен базарда арба айдайтын досымды білемін.Тірлігі мұғалім ме
Қазақ | 15 қазан 2017 21:25
Алмасбек Атанбаев шыңғырған шындықты айтқан екен. Жарайсың біздің мәңгурт билік ешаксиақты құр аңырай береді, мақтана береді
саке | 16 қазан 2017 10:49
Атамбаевтың олай сөйлеуі "өзінің" соры. Бір елді басқара отырып, көршісіне соншалықты айып тағуы ой тайыз екенін, өз қандастарының болашағына зиян келтетінін көрсетеді. Билік үшін екі елді араздастыру басшыға лайық нәрсе емес. Бірақ, оның сөзінде шындық жоқ емес. Шындық бар екен деп оның сөзін және қабылдай алмаймыз. Бас жарылса бөрік ішінде, біздің биліктің кемшілігін өзге емес, өзіміз түзеп алуымыз керек еді. Екі түрлі ойда қалып отырғанымыз осыдан. Бірақ, Атамбаев бізге жаны ашығандықтан еме
Қазақ ұлы. | 18 қазан 2017 21:44
Әй, артын ойламаған Атамбаев. Бүгін "қызуланып кетіппін" дейді. Әлде өзі қайта -
қайта мақтайтын орыстардың арағын ішіп алған ба? Қазақта "аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі "деген бар.Дардай бір елдің басшысы қалай ойланбай сөйлейді?Кесірің халқыңа тимесін деп тілейік. Құрсын, өлшесе өзімен кетсін. Қазағым, Елбасымыз, туған жеріміз аман болсын.Күні кеше "Назарбаев үлкен ағам"деп, Ыстықкөлге қонаққа шақырғанын шоң қырғыз қалай ұмытқан? Мұндайды қазақ екіжүзді дейді.
Арман | 20 қазан 2017 15:08
Кешір, молдеке!(Егер рас молда болсаңыз) Алайда "Айтпасаң сөздің атасы өледі"."Атамбаев, қатырдың, еркек " депсіз. Немене өзіңіздің қазағыңыздың еркектері сонда өңшең қатын ба?.Олай қатты кетпеңіз. Атамбаев қатырса алдымен өзінің елін қарқ қылсын.Қаншама қандастары қазаққа өзге де ұлт өкілдеріне жалданып нан тауып жүр ғой? Оны өзіңіз де жақсы білетін шығарсыз.Солма қатырғаны?Манас батырдың ұрпағы дейсіз. өзіңіздің сіз бен біздің батыр бабаларымыз қайда қалады ? Әлде бізде батыр болмаған ба? Ад
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар