Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Президенттің айналасында 99 пайызы жағымпаздар, жәдігөйлер, «жабық жемқорлар». Яғни, сыбайлас-жемқор демесін деп бәрін таныстары мен туыстарының атына жазып қойып үлкен бизнестерге ие болып отыр. Олардың қатарында елдің ертеңін ойлап отырған ешкім жоқ.
Қазақстан демократиялық оппозициясының халық сенiмiне иек артқан, күшейген, жалпыхалықтық қолдауға ие болған дәуiрiн үш кезеңге бөлуге болады. Бiрiншi кезең – 2001 жылы «Қазақстан демократиялық таңдауы» қозғалысының құрылуы. Елiмiзде өзгеше ойлаудың, «диссиденттiктiң» заңдастырылған әрi жалпыұлттық сипат алған кезi ҚДТ-мен тығыз байланысты. Екiншi кезең – саясат сахнасында «Ақ жол» партиясының пайда болуы және көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлының оппозициялық партияға қосылуы. 2004 жылы өткен парламенттiк сайлауда халықтың «Ақ жолға» жаппай дауыс беруi, партия жетекшiлерiнiң ел арасында жоғары беделге ие болуы режимдi қатты алаңдатты. Оппозицияның күшеюiнен үрейленген билiк бұл партияны қуыршақ демократтар көмегiмен екiге бөлiп, әлсiреттi. Үшiншi кезең – «Әдiлеттi Қазақстан үшiн» қозғалысының құрылуы, демократиялық күштердiң бiрегей үмiткер ретiнде Жармахан Тұяқбайды президенттiк сайлауға қатыстыруы.
Бұдан кейiн демократиялық күштердiң құлдырау кезеңi басталғаны жұртқа аян. Бүгiнгi билiктiң ашық қарсыластары Заманбек Нұрқадiлов пен Алтынбек Сәрсенбайұлы тәрiздi өздерiнiң iрi екi бiрдей саяси қайраткерiнен айрылды. Бұл Қазақстан оппозициясына ауыр соққы болды. Қазiргi демократиялық күштердiң тiрлiгiне қарасаңыз, олардың бұл соққыдан әлi де ес жия алмай жүргенiн байқар едiңiз. Оппозициялық саяси партиялардың бiрiгу процесiнiң тым ұзаққа созылуы соның айқын көрiнiсi iспеттес. Онда да, елдегi төрт саяси партия бiрiккен жоқ, ЖСДП мен «Азат» қана бiрлесiп, өздерiнiң бiр партия болатынын мәлiмдедi. Өткен сенбi күнi, яғни қазанның 24-iнде, Алматы қаласында Болат Әбiлев пен Жармахан Тұяқбай бастаған бiрiккен оппозициялық партия өзiнiң құрылтай жиналысын өткiздi.
Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының (ЖСДП «Азат») құрылтайына республиканың түкпiр-түкпiрiнен 500-ге тарта делегат келiп қатысты. Аймақтардан келген делегаттар арасында облыстық, аудандық бөлiмше жетекшiлерi, партияның қарапайым белсендiлерi де болды. Олардың қай-қайсысы болсын, «Азат» пен ЖСДП-ның бiрiгуiн қолдап, оппозицияның бiр жұдырық болуын қалайтынын жасырған жоқ. Партия жетекшiлерi де, елге белгiлi қоғам қайраткерлерi де бiрiккен оппозицияның ғана бүгiнгi билiкпен тең дәрежеде күресуге қауқары жететiнiне сенiм бiлдiрдi. Ал тiркелмеген «Алға» партиясы мен коммунистердiң жетекшiлерi жиынға қатыспады. Жиында «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбiлев пен ЖСДП жетекшiсi Жармахан Тұяқбай бiрiншi болып сөз сөйледi.
Жармахан Тұяқбай, ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағасы:
– Халықтың әлеуметтiк жағдайы күн санап нашарлап келедi. Азаматтардың еркi шектелiп, адам құқы аяқасты етiлуде. Ат төбелiндей адамдар елдiң дәулетi мен байлығын жекеменшiкке айналдырды. Бұған шыдамаған ұлтжанды тұлғалар, елдiң ертеңiн, халықтың қамын ойлаған саясаткерлер ортамыздан шықты. Осындай азаматтардың бастамасымен елде оппозициялық майдан пайда болды. Қазақстан демократиялық күштерi «қоғамдағы келеңсiздiктермен, бүгiнгi билiк жүйесiнiң заңсыздықтарымен қалай күресемiз, халықтың әлеуметтiк жағдайын қалай жақсартамыз» деп бас қатырды. Осы уақыт аралығында әртүрлi саяси қозғалыстар мен одақтар қызмет еттi. «Қазақстан демократиялық таңдауы» мен «Әдiлеттi Қазақстан үшiн» қозғалысы ел арасында ерекше серпiлiс тудырды. Бұл ұйымдар демократиялық оппозицияны бiрiктiрдi, қоғамда зор беделге ие болды. Ендi бiрiгудiң жаңа формасы бiзге қажет. Сәуiр айында демократиялық күштердiң форумын өткiздiк. Бұл жерде де бiрiгудiң шартын шеше алмадық. Одан кейiн «Әдiлеттi Қазақстан үшiн» қозғалысының қызметiн жандандырдық. Кейiн тағы да ойландық. Бүгiн бiз бiр тоқтамға келдiк. Халыққа бiрiгудiң жаңа үлгiсiн ұсынып отырмыз. «Азат» партиясы мен ЖСДП бiр жұдырық болып, бiрлесiп отыр. Мұны халық қолдайды деп сенемiн! Сiздердi ЖСДП «Азат» партиясының құрылуымен құттықтаймын!
Болат Әбiлев, ЖСДП «Азат» партиясының тең төрағасы:
– Бүгiнгi билiк халық үшiн не iстедi? Үкiмет уәденi үйiп-төккенiмен, ел үшiн, ұлт үшiн нәтижелi жұмыс iстеп жатқан жоқ. Мұнымен қалай күресуге болады? Билiктiң кертартпа саясатын қалай тоқтатамыз? Бiзге саяси реформалар керек! «Нұр Отан» партиясына балама күш болатын ұйым қажет. Күштi, қуатты саяси партия құруымыз керек! «Азат» пен ЖСДП-ның бiрiгу себебi де сондықтан. «Нұр Отанды» ашық текетiреске шақырамыз, билiк партиясы бiзбен бәйгеге түссiн! Бiз жеңемiз!
Тәуелсiздiк алғанымызға 18 жыл толды. Халық бұдан үлкен өзгерiстер күттi. Мемлекеттi, қоғамды дамуға, өркендетуге жетелейтiн саясат ұстанамыз деп сендiк. Алайда, уақыт өте келе халық үмiтiнiң күл-талқаны шықты. Билiк ұлттың сенiмiн ақтамады. 2001 жылы ҚДТ құрылған тұста қозғалыс елдегi жағдайды өзгертедi деген үмiт те кеудемiздi жылытты. Бiрақ билiк репрессиялар науқанын бастап, саясаткерлердi соттады, журналистер мен қоғам қайраткерлерiн қудалады. 2004 жылы өткен парламенттiк сайлауда жаппай бұрмалаушылықтар мен заң бұзушылықтар болды. 2005 жылғы президенттiк сайлаудан соң қалың жұртшылықтың әдiлеттi сайлау мен демократиялық қоғам орнатудан үмiтi үзiлдi. Ал 2007 жылы билiк тек «нұротандықтардан» ғана парламент жасақтады. Бұл – нағыз саяси абсурд!
Осындай жағдайда демократиялық оппозиция не iстеуi керек? Бiз бiрiгу керек деген шешiмге тоқтадық! «Оппозиция бiрiгедi» дегенге сенетiндер де аз болды. Бiрақ, бұдан басқа жол жоқ екенiне көзiмiз жеттi. «Азат» пен ЖСДП бiрiгедi. Бұл уақытша ғана бiрiгу емес, партиялардың ұзақ мерзiмдi бiрлесуi. Ендi «Азат» пен ЖСДП ажырап, екiге бөлiнбейдi. Саяси партия лидерлерiнiң көзқарасы үйлеспей жатса, арасында келiспеушiлiктер болса, қай-қайсымыз болсын, орнымызды босатамыз. Ал партия қалады. Бiрiккен оппозицияны бөлуге, оны ыдыратуға ешкiмнiң де құқы жоқ!
Бiрiккен оппозициялық партияның тең төрағалары өз пiкiрiн бiлдiрген соң, ЖСДП «Азат» партиясының мүшелiгiне өткен белгiлi қоғам қайраткерлерiнiң, саясаткерлер мен журналистердiң есiмдерi аталды. Олардың арасында қазақ халқының тұңғыш ғарышкерi Тоқтар Әубәкiров, саясаткер Балташ Тұрсымбаев, «Свобода слова» газетiнiң бас редакторы Гүлжан Ерғалиева, «Тасжарған» газетiнiң бас оқырманы Ермұрат Бапи бар.
Бiрiккен оппозициялық партияның құрылтай жиынында он бес адам сөз сөйлеп, ЖСДП «Азатқа» сәттiлiк тiледi.
Тоқтар Әубәкiров:
– Қадiрмендi қауым! Бүгiнгi күндi халық ұзақ күттi. Қарапайым жұртшылықтың арманы орындалып, аңсаған күнi бүгiн келдi. «Оппозиция қашан бiрiгедi?» деп менен де адамдар көп сұрайтын. «Болат пен Жармаханға бiрiгiңдер деп неге айтпайсыз? Сiздiң сөзiңiз өтедi ғой» деп қолқа салғандар да көп болды. Осы арман орындалды. Менiң өзiм де оппозициялық партиялардың бiрiгуiн күттiм. «Азат» пен ЖСДП-ның бiрiккенiне шын жүректен қуанғаным да сондықтан. ЖСДП «Азаттың» халықтық партияға айналатынына сенiмдiмiн. Ауылдағы қарапайым жұртшылық пен зауыттар мен фабриктерi жабылып, өздерi жұмыссыз қалған халықтың мүддесiн қорғайтын, халықтың жанашыры атанатын партияға айналады бұл. Өзiм де бүгiн партия қатарына өттiм.
Сейiтқазы Матаев,
Қазақстан журналистер одағының төрағасы:
– Өзгеше ойлау, басқаша пiкiр бiлдiру елде болуы тиiс. Саяси плюрализм, демократияны қолдаймын. Халықтың көзқарасы мен позициясын бiлдiретiн партия керек бiзге. ЖСДП «Азат» халықтың сенiмiн ақтайды, жұрттың қолдауына ие болады деп сенемiн. Бiз, журналистер, халықтың сөзiн сөйлеймiз. Сiздердi шын жүректен құттықтаймын. Сөз соңында бiр ғана нәрсенi айтамын: «Азат» бол, ЖСДП бол, тек қана халықтың жағында бол!
Рысбек Сәрсенбай,
«Жас Алаш» газетiнiң бас редакторы:
– Қадiрлi бiр сапта жүрген әрiптестер! Мен үшiн Алтынбектiң ағасы деген ат ең қадiрлi, ең құрметтi ат. Алтынбектiң аты аталған жерде жеңiстiң болатынына мен сенемiн. Ол өзiнiң ұлтжандылығымен, шыншылдығымен халықтың ықыласына ие болды. Мұны Алтынбектiң ағасы болған соң айтып тұрған жоқпын. Бұл сөздi Қазақстанның түкпiр-түкпiрiндегi адамдар да қуаттайды. Жақында Мақтааралдан бiр адам келдi. Алтынбектiң кiтаптарын түгел оқыпты. «Менiң көзiмдi ашқан, менi оятқан – Алтынбек» дейдi ол. «Бiздiң Алтынбек» деген кiтапты сұрап алды. Елдiң батысында да, шығысында да, оңтүстiгiмен, солтүстiгiнде де осындай адамдар көп. Осы орайда Ғалымжан Жақияновтың бiр сөзi еске түседi. «Қандай да бiр оппозициялық партия, саяси ұйым, қозғалыс болсын, ол ұйымның күрес идеологиясы Алтынбек болуы керек» деген едi. Алтыкендi көсем жасау үшiн айтып тұрған жоқпын мұны. Көсем дегенiмiз кiм? Халықты жұмылдыра бiлетiн, жұртты артынан ерте алатын, өрелi сөз айтып, нәтижелi iстi ұйымдастыру қолынан келетiн тұлға бұл. Бiрiккен оппозициялық партия Алтынбектiң өсиетiн тыңдаса, оны қолданса, соны басшылыққа алса, ЖСДП «Азаттың» жұмысы жанданып, халық қолдауына ие болады.
18 жылдан берi билiк елдi аздырды, тоздырды, зауыттар мен фабриктердi, қалалар мен елдiмекендердi бүлдiрдi, қиратты. Халық үшiн ең үлкен қасiрет – қазақтың рухани құлдырап, азғындауында. Екiжүздi саясат, екiжүздi билiк халықты сарсылтты, оған құлдық психологияны сiңiрдi. Халық өзiнiң құқын қорғауды, әлеуметтiк жағдайын жақсартуды талап етiп, оппозицияны қолдап, дүр етiп көшеге неге шықпайды? Оның жауабы бiреу-ақ : халықтың құлдық санадан арылмауы. «Азат» партиясы өз атына лайықты болуы керек. Халықтың санасын азат етуiмiз керек. Әрбiр қазақты оятып, оның көзiн ашуымыз қажет. Оған қол жеткiзе алмасақ, бiздiң iсiмiздiң бәрi де – құр далбаса, бос әурешiлiк. Партия жетекшiлерiне жiгер, күш-қайрат көрсету керек. Онсыз бүгiнгi билiктi өзгерте алмаймыз. Халықтың бас көтеруiнен билiк қатты қорқады. Бiр адам алаңға шықса, оны соттап, қудалайтыны да сондықтан. «Нұр Отан» партиясын «НО» партиясы деп атаймын. «НО»-сы көп партия. Бүгiнгi билiкте де оның саясатын қолдамайтын, оған қарсы пiкiрiн айтқысы келетiн адамдар көп. Жаңа ғана Нұрлан Сейiтжаппаров Гүлжан Ерғалиева мен Гүлжан Қарақұсованың аттарын шатастырғандай болды. Менiңше, ол кiсi қателескен жоқ. Назарбаевтық режимнiң былығынан безiнген, жиренген шенеунiктер көбейiп барады. Билiктен кетiп, оппозицияға қосылатын адамның бiрi әрi алғашқысы – Гүлжан Қарақұсова болсын!
Бiрнеше газеттiң бас редакторлары партия қатарына қосылды. Бiздiң басылымдардың партияға көмегi қандай қажет болса, партияның газеттерге де сондай қолдауы керек. Билiк тәуелсiз басылымдарды қудалауда. Осындай кезеңде оппозициялық партия басшылары тәуелсiз газеттердi қорғау барысында баспасөз-мәслихаты мен мәлiмдемелермен шектелмеуi керек. Бiзге нағыз қолдау көрсетсiн! Сонда ғана сiздердiң дауыстарыңыз, сөздерiңiз халыққа жетедi!
Құрылтай жиналысында жанашырлықпен, тiлеулестiкпен айтылған сөздер алдағы iске арқау болғай. Құрылтай делегаттары ЖСДП «Азаттың» тең төрағалары етiп Жармахан Тұяқбай мен Болат Әбiлевтi, ал партияның бас хатшысы етiп Әмiржан Қосановты сайлады. Жаңа партияның атауы Жалпыұлттық социал-демократиялық Азат партиясы болып өзгертiлдi. Есептiк тiркеу үшiн тиiстi құжаттар қабылданды. Партия президиумына – 21, ал Саяси кеңесiне – 53 адам сайланды.
Бiрiккен оппозициялық партияға халық зор сенiм артады. Бұл партияның «Нұр Отанға» бәсекелес атануға шамасы жете ме?», «Халықты артынан ертуге мүмкiндiгi келе ме?» деген сауалдар қоғамды мазалайды. Бiрiккен партиядан осы сұрақтарға “иә” дейтiн жауапты естiдiк, ендi көш бастайтын пәрмендi iстердi күтемiз.
Азат елдің азат ойлы жастары Билік жеңілді. Енді нағыз ұлттың ұпайын түгендейтін партия құрылды. Алтекең айтпақшы „Таңдау жасар уақыт келді„. Барлық жастарды АЗАТ партиясының аясында бірігуге шақырамын.
Мұстахим | 28 қазан 2009 09:14
ризамыз, бүкіл қазақстан халқы қолдайды деп сенемін.
bolat mellathan | 29 қазан 2009 00:37
otirik birdengeler goy bayagi. jarmuhan men bolat haxan irldasip, atahha, ahxaga talasadi eken, soni tosayik
Шәкәрім | 31 қазан 2009 22:09
Бәрі де дұрыс, егер оппазиция өзі ашық жария болатын болса ЖСДП -АЗАТ Партиясы ішінде халық билігі болса, онда дұрыс.
Қазақия | 2 қараша 2009 00:52
Азат халықтың партиясы ғой, Азат деген атты да халық қойған.
Тайлақ батыр | 2 қараша 2009 09:53
Құттықтаймын, құтты болсын, енді іске кірісу керек, біздер кім тобыр, ал тобырға басшы керек бастайтын!