1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
САУАЛНАМА
Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаев ғылыми жаратылыстану пәнiн шетелдiк ғалымдардың көмегiмен жазу туралы мәселе көтердi. Неге?
Оқулықты жазуға отандық ғалымдардың өресi жетпегендiктен
Тезiрек «қазақстандық» атануды көксегендiктен
Басқа айтары жоқ болған соң әншейiн «әу» дей салғаны да
Адамның қалай жаратылғанына күмәндi министр өзгеден ақыл сұрамақ
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Менiңше, ойлау қабiлетiң жақсы болуы үшiн басқа үнемi жұмыс iстету керек. Егер бас ойланбаса, басқа органдар да жұмыс iстемейдi. Физикалық дайындық та аса маңызды. Денсаулықты үнемi күту керек. Еркекке ләззат сыйлайтын жақсы нәрселер бар. Мен оларды атамаймын, сiздер бәрiн түсiнiп отырсыздар.  
ҚазҰУ 75 жылдығына орай студенттер алдында сөйлеген сөзінен
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №08 (15466) 28 қаңтар, бейсенбі 2010
28 қаңтар 2010
«Киндерсюрприз» президенттiң ортаншы күйеубаласы үшiн нағыз «сюрприз» болатын түрi бар

Төртеуге хат

Кезiнде Қ.Тоқаев «киндерсюрприз» деп менсiнбеген Мұхтар Әблязов өзiнiң оңай-оспақ емес екенiн елден оп-оңай шығып кеткенiнде-ақ дәлелдеп қойған. Бекер кете салған жоқ ол. Қойын-қонышын ақшаға да, түрлi компроматқа да толтырып кеттi. Ендi көңiлi тоқ сол сабазыңыз нағыз шабуылды бастады. Шабуылдағанда да «анау-мынауға» емес, президенттiң ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың шалғайына жармасты.
 
Сейсенбi күнi «Республика» ақпараттық порталына М.Әбля­зовтың Бас прокурор Қайрат Мәмиге, ҰҚК төрағасы Әдiл Шаяхметовке, Қаржы полициясының төрағасы Қайрат Қожамжаровқа және Iшкi iстер министрi Серiк Баймағамбетовке жол­даған хаты жарияланды. Хатта былай делiнген: «Соң­ғы айларда менiң қолыма тиген дәйектi құжаттарды Қазақстанның құқық қор­ғау органдарына берудi өзiмнiң азаматтық борышым деп санаймын. «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры төр­ағасының орынбасары, «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темiр жолы», «Самұрық энерго» және тағы да басқа ұлттық компаниялардың директорлар кеңесiнiң төрағасы, «Kaz­Energy» коммерциялық емес ұйымының қожасы Тимур Асқарұлы Құлыбаев басқаратын қылмыстық топтың iс-әрекетiн әшкерелемекпiн...».
Мұхтар Әблязовке сенсек, 2003-2005 жылдары Т.Құлыбаев Қытайдың ұлттық мұнай компанияларының кейбiр басшыларымен келiсiп алып, «Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ның пакет акцияларын нарықтағы құнынан әлдеқайда арзан бағаға сатып жiберген. Осының өтемi ретiнде ол 165,9 миллион доллар пара алған және салықтан жалтарған.
Әблязов осылайша Құлыбаевтың iс-әрекеттерiн тiзбелей келе, дәлел ретiнде бiрнеше құжатты қоса тiркептi. Дәлiрек айтқанда, ағылшын және орыс тiлiндегi бас-аяғы 13 құжат. Барлығы — 56 бет.
Iле-шала, кеше Әблязов бiр бума құжатпен қоса тағы да үшбу хат жолдады ел жаққа. Бұл жолғы хаты Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаевқа, Мәжiлiс төрағасы Орал Мұхамеджановқа, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес республикалық қоғамдық кеңесiне бағытталыпты.
«Тағы бiр бума құжат жiберiп отырмын. Бұл құжаттар Тимур Құлыбаевтың «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясынан аса iрi көлемде мемлекет мүлкiн ұрлағанын дәлелдейдi.
Бұл қылмыстарды Құлыбаев «ҚазМұнайГаздың» вице-президентi, кейiннен «Самұрық-Қазына« әл-ауқат қоры төрағасының орынбасары және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ директорлар кеңесiнiң төрағасы болып тұрған кезiнде жасаған», — дептi М.Әблязов бұл жолғы хатында.
Әблязовтiң айтуынша, Т.Құлыбаев жекешелендiрiп алған активтердiң бiрi — «КазСтройСервис» АҚ. Бұл мемлекеттiк компания 2001 жылы шiлде айында құрылыпты. Компанияның сол кездегi құрылтайшысы «Транспорт Нефти и Газа» Ұлттық компаниясы екен. Кейiннен компанияны қайта құрылымдаған кезде «КазСтройСервис» АҚ-ның жалғыз акционерi тек «ҚазМұнайГаз» ҰҚ болып қалған.
2005 жылдың ақпан айында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ «КазСтройСервис» АҚ-ның 100 пайыз акциясын «Меркурий» ЖШС-не бiр миллиард екi жүз миллион теңгеге сатқан. Ал «Меркурий» — Тимур Құлыбаевтың меншiгi.
«Сатылған кезде компанияның нарықтағы бағасы 1 миллиард АҚШ долларына шамалас болған. Бұл — «Merix International Ventures Limited» компаниясының «Credit Suisse» банкiне жазған хатынан мәлiм. Ал бұл компания — Т.Құлыбаевтың Британдық Виргин аралдарында тiркелген жекеменшiгi», — дейдi М.Әблязов.
Бұдан әрi ол Т.Құлыбаевтың «ҚазМұнайГаз» ҰҚ-ға өзiнiң иелiгiндегi «Kazakhstan Petrochemical Industries» АҚ-ның 50 пайыз акциясын қалай өзiндiк құнынан жоғары бағаға сатқанын тәптiштейдi. Сауда жүргiзiлген кезде Т.Құлыбаев Ұлттық компанияның директорлар кеңесiнiң төрағасы қызметiнде болған.
М.Әблязов екiншi хатын былай қорытындылапты: «Құлыбаев бастаған қылмыстық топтың әрекетi «аса ауыр қылмыс» деген дәреженiң аясынан шығып, ұлттық қауiпсiздiкке қатер төндiре бастады. Парламенттен арнайы комиссия құрылып, мен жолдаған құжаттарды мұқият тексерудi және оған саяси баға берудi сұраймын».
Арнайы комиссия құрылсын, ол мұқият тексеру жүргiзсiн делiк. Деректерi дәлелденбесе қайтедi? Жала жапқаны үшiн Әблязовтiң өзi айыпталмай ма? Ал егер «ұлттық қауiпсiздiгiмiзге қатер төндiргенi» дәлелденсе, Т.Құлы­баевқа не шара қолданады? Шетел асырып жiберген соң қылмыстық iс қозғап, сырттай соттай ма? Р.Әлиев сияқты.
Әблязовтiң хаты мекенжайына уақытында жеткенiне күмән жоқ, хат жолданғандардың бәрi ғаламтормен жұмыс iстей алатын сауатты адамдар ғой. Ендi құқық қорғау органдары басшыларына қайтпек керек? Ең жоғарыдан бұйрық түспесе, қауқарлы күйеубаланың қойын-қонышын қалай тiнтедi?
Ендi мына қызыққа қараңыз, Әблязов алғашқы хатын жолдаған күнi республикалық телеарналардың бiрi бұл туралы тиiп-қашып айтып жiбердi. Әрине, Құлыбаевтың атын атап, түсiн түстемедi. Бұл ненi көрсетедi? Құлыбаевтан мықты бiреу бар ма бiздiң қоғамда? Бiр адам бар ғой... Ортаншы күйеубала да бажасы секiлдi қайын атаның кәрiне iлiгiп қалған жоқ па осы?
Ерiк РАХЫМ
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (14)
s | 28 қаңтар 2010 16:17
... Бекер кете салған жоқ ол. Қойын-қонышын ақшаға да, түрлi компроматқа да толтырып кеттi. Ендi көңiлi тоқ сол сабазыңыз нағыз шабуылды бастады...

Автордың бұлай М.Әблязовқа не үшін тиісіп отырғанын түсінбедім. Т.Құлыбаевты қорғаштағаны ма?
Жалпы М.Әблязов болсын басқа қуғында жүргендер өзінің заңсыз қуғындалғанын дәлелдейтін, осындағы биліктің, 01-нің маңайындағылардың, 0туыстарының қылмысын ашатын материалдар жіберіп жатса, қарапайым халыққа пайдалары тиіп жатса біз неге ренжуіміз керек?
ШОҒЫ | 28 қаңтар 2010 19:07
ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА төбедегі келеді деп отырсыз ба? Одандағы АЛТАУ АЛА БОЛСА ауызға өздері келіп өздері түседі деген дұрыс болар!
Ерлик | 28 қаңтар 2010 20:48
мен де не айтпак болганын тусинбей отырмын. Мухтар мырзаны колдаудын орнына.
Реке | 28 қаңтар 2010 23:17
Айналайын "s" М.Әблязовқа неге тиісесің деп, ауторға ренжіме. Өскенде бәрін түсінесің. Пайда мен зиянды, жаманмен жақсыны да айыра алатын боласың.
Әзірге сен шыбындай кішкентайсың.
Бейшара | 29 қаңтар 2010 14:10
Мемлекеттің басқару оргндарын таза қазақтар алмай ел байлығы талан-таражға түсе береді. Орыстар мен орысша тәрбиеленгендер қазақ байлығын шетке тасуын ешуақыт тоқтатпайды. Өйткені оларға туған отанның құны көк тиын.
Кемегер | 29 қаңтар 2010 17:04
Оларға Отан көк тиын!
Отанын сатпаудан жоқ қиын!
Опасыз жандарды соқ, құйын!
фокер | 29 қаңтар 2010 23:17
ерунда
Сәкен | 29 қаңтар 2010 23:42
Осы қазақтілді басылымдардың журналистердің интеллект деңгейлері неге төмен? Сараптамасының түрін! Әбіләзов әдейі "мені сотқа берсе екен" деп отыр ғой! Сонда тек Кулибайдың емес Назарбайдың да"сырын" ресми деңгейде ашады. Ақпарат жазып, тыныыыыш отыра берсеңші, жазғышым! Бір жеріне қарамай Мұхтарға тиіседі!
Дарын Орман | 30 қаңтар 2010 14:23
Осы жазылғандарды зерттеп,ақ-қарасын анықтайтын комиссияны шет елден алдыруды ұсынған болар едім...
раха | 31 қаңтар 2010 10:58
Бір куйеу баласына Маңғыстаумұнайгаз, екіншісіне Ақтөбемұнайгазды берген бе
Буын | 31 қаңтар 2010 13:55
Патриотизм жок дейсiз гой!
нагыз казак | 1 ақпан 2010 01:10
айналайын жас алаштыктар!!!!кашан отирик патриотизмдеринди койасындар?сендердин макалаларынды корип кулким келеди!!!!!!ай казагым ай!!!!
Alash | 1 ақпан 2010 18:16
zna4it avtordyn ozi Jogarudagu aitkan jalmayuis agalarun korgashtaui, kazakh desen ozine tiedi.
Жұмахмет | 1 ақпан 2010 21:09
Мұхтар шет елде атасынан қалған байлықпен тайраңдап жүрген жоқ шығар.Әлі де жей алмадым деп іші күйіп жүрген болар.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті
Осы тараудағы мақалалар