1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Еш уақытта қазақ... қазақ мемлекет болған жоқ, себебі шекарасы болған жоқ».  --- «Қытай Халық Республикасы рапс пен соя секілді жемшөп дақылдарын егу үшін бізден 1 млн. га жер сұрап отыр».
«Азаттық» радиосы
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
2 маусым 2016

“Халықты баспанамен қамтамасыз етейiк” қоғамдық ұйымының ипотекалық несиеге үй алған өкiлдерi Алматыда АҚШ бас консулдығының алдында 31 мамырда наразылық акциясын өткiздi. Несие алғандар акциясын “Президенттi қорғаймыз” деп атапты. Наразылық бiл­дiру­шiлердiң айтуынша, елi­мiзде “жерге қатысты митин­гiлер” өткен соң АҚШ-та тұратын қазақтар да көшеге шығып, Қазақстан билiгiн жердi сатпауға шақырған. “Халықты баспанамен қамтамасыз етейiк” ұйымы мүшелерi АҚШ-тағы наразылық акциясын, анығында, жастардың “Шал, кет!” деп

2 маусым 2016
Құрбандарды еске алсаң, қамаудағылар жадыңа оралар

31 мамыр саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу Күнiнде Алматы қаласының әкiмi Бауыржан Байбек (бұрынғы НКВД ғимаратының алдындағы) саябақтағы шараға қатысты. 23 жыл бұрын саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарынына ескерт­кiш ашылады деп қойылған қара тас қалада бес әкiм алмасса да, сол мызғымаған күйiнде тұр. Ескерткiш орнындағы тастұғырға гүл шоғын қойған соң Байбек қысқаша сөз сөйлеп, осы уа­қытқа дейiн түрлi сылтау

2 маусым 2016
«Ортақ өгiз» өлуге айналды

Астанадағы Еуразиялық экономикалық кеңестiң отырысы салы суға кетiп, бiр-бiрiне томсарған бес президенттiң өзара ренiштерiн анық байқатты. Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттерi одақтың алдына қойылған бiрде-бiр мақсатқа қол жетпегенiн мойындауға мәжбүр болды. Уәде етiлген ұлттық экономиканың бәсекелестiгi адыра қалып, тауар айналымы құлдырап кеттi, қаржы, еңбек күшiнiң еркiн айналымының орнына Ресей мигранттарды қуып жатыр, одақтастар өзара бiресе ет үшiн, бiресе сүт үшiн “жүз шайысып” қалуда.

31 мамыр 2016
Қазақстандағы танымал саясаттанушы Досым Сәтбаевтың пiкiрiнше, “Еуразия” телеарнасының журналистерi ұялмай-қызармай өтiрiк айтады және деректердi бұрмалайды. Екi жыл бұрын Досым Сәтбаев Украинадағы жағдайға байланысты сұхбат берген. Сұхбатта бұл елдегi тұрақсыздық пен бас прокуратураның мемлекеттiк төңкерiстiң алдын алғаны туралы мәлiмдемесiне қатысты сөз бол­ған. “Еуразия” телеарнасының тiлшiлерi “жерден жетi қоян
31 мамыр 2016
ПРЕЗИДЕНТТIҢ НЕ АЙТҚЫСЫ КЕЛДI?
“Қазақта мемлекет болмаған... өйткенi шекарасы болған жоқ”, “Қазақ ешқашан қазiргiдей өмiр сүрген жоқ”. Осындай сөздердi басқа адам айтса, ашынған жұрт оның жағын айырып жiберуi мүмкiн едi. Президент айтқан соң амал жоқ, ел iштен тынады. “Мұнысы не сөз?” деп күйiнедi. Әлеуметтiк желi арқылы кәрiн төгедi. “Сосын шынымен бiз қалай өмiр сүрiп жатырмыз өзi?” деп ойлана бастайды. Бұл – заңдылық. Бiз де ойландық.
31 мамыр 2016

Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Саға­диевтiң сүйкiмiн әбден кетiрген үштiлдi бiлiм жүйесiнiң ырду-дырдуына ендi кәсiпкерлер қосылды. Олардың өзгелерден басты айырмашылығы, үштiлдiлiктi қолдайды екен. Соған қарағанда, қолдаушыны қолдан жасағандар “қалтасы қалың жiгiттер айтса, халық елп ете түседi” деп ойлайтын болуы керек. Қайдағы, өздерiнiң жұмысына үш қайнаса сорпасы қосылмайтын мәселеге “пәтуа” шығармақ бол­ған кәсiпкерлердi жұрт жерден алып, жерге салып жатыр.

31 мамыр 2016
Бассыздыққа жол беруге болмайды

Қазiр 21 мамырда заңсыз ұсталып, заңсыз әкiмшiлiк жазаға тартылғандардың, жалпы сол күнi белсендiлiк танытқан азаматтардың қудалауға түсе басталғаны айғақталуда. Осыған орай, бiр шоғыр қоғам қайрат­кер­лерi өзiнiң белсендi азаматтық ұстанымы үшiн қудалауға түскендердi қорғау жөнiнде, анығында, бүгiнгi қуғын-сүргiнге қарсы “Араша” комитетiн құрды. Комитет мүшелерi Гүлжан Ерғалиева, Маржан Аспандиярова, Расул Жұмалы, Жанболат Мамай, Аман Шорманбаев кеше Алматыда баспасөз мәслихатын өткiздi.

31 мамыр 2016
31 мамыр – саяси қуғын-сүргiн және ашаршылық құрбандарын еске алу күнi
“Мың өлiп, мың тiрiлген” қазақ халқы өз тарихында талай зұлматты басынан кешiрдi. Соның бiрi – 30-жылдардағы ашаршылық пен саяси қуғын-сүргiн. Халқымызды сандық жағынан да, сапалық жағынан да үлкен қасiретке душар еткен бұл нәубеттерге қатысты бiзде толыққанды көзқарас қалыптасты деп айта аламыз ба?
26 мамыр 2016
Қартайып қалды дейiн десең, алпысқа да iлiкпеген. Шаршап жүрген шығар деуге тағы келмейдi, апырып-жапырып тындырған түгi жоқ. Бiрақ неге екенiн кiм бiлсiн, кейiнгi кезде Арыстанбек Мұхамеди­ұлы ауып сөйлеп жүр. Соңғы төрт-бес күннiң iшiнде ғана тiлiнен бiрнеше мәрте сүрiнiп, досқа күлкi, дұшпанға таба болды. Тiптi оның еш ойланбастан аузына келгендi лақ еткiзетiн әдетi қазақты былай қойғанда, қырғыз ағайындардың да ашу-ызасын туғызып жатыр.
26 мамыр 2016

Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлының Астанадағы халықпен кездесуi Бiшкекте Қырғызстанның Қазақстан­ға наразылық нотасын тапсырумен жалғасты. Осылайша, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көп мақтап, зор үмiт күткен бес институционалды реформасының жүзеге асу жолы Құдай қосқан көршi, ағайын, бауыр халықтың қабағына кiрбiң түсiрумен басталды.

19 мамыр 2016
Жиынды болдырмаудың қарекетi
АТЫРАУ МЕН ОРАЛДА БЕЛСЕНДIЛЕР АБАҚТЫҒА ҚАМАЛЫП, ЖАҢАӨЗЕНДIКТЕР ЕСКЕРТУ АЛДЫ
Азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянды Атырау қалалық мамандандырылған әкiмшiлiк соты рұқсат етiлмеген митингiнi өткiзуге заңсыз шақырды деп айыптап, 15 тәулiкке абақтыға жапты. Олардың адвокаты Төлепқали Аянов әкiмшiлiк құқық бұзушылық хаттамасының дәлелсiз жасалғанын айтады.
17 мамыр 2016
Мұхтар Әблязов: Мораторий – бұл алдау

Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылдың басында-ақ iрi өнеркә­сiптi, оның iшiнде энергетика, мұнайгаз және тағы басқа салаларды бақылауды өз қолына алды. Ол жеке өзi және Машкевич сияқты серiктестерiмен, қытайлықтармен бiрлесiп, өнер­кәсiптi жекешелендiрдi. Ендi оның алдында бақылауға алатын маңызды екi бағыт қалды, мен бұл жерде экономика жайлы айтып отырмын, ол банктiк сектор мен жер едi.

17 мамыр 2016
Мiне, осындай жағдайда, ел-жұртты елең еткiзiп, әп-бәрекелдi дегiзерлiктей не iстеуге болады? Арқаның же­­лi­мен тараған бiр сыбыс: “Мызғымастай болған Мәсi­мовтiң “астынан су шығады” дейдi. Ендi Ақорданың табалдырығын жиi аттайтын оқырманымыздың ақпарын сөзбе-сөз келтiрейiк: “Билiк қазiр халықтың өре түрегелуiнен қатты қорқып отыр. Әсiресе, 21 мамыр жақындаған сайын үрей күшейдi.
12 мамыр 2016

Өткен аптаның ең айтулы оқиғасы – Жердi сатуға және шетелдiктерге жалға беруге қатысты заңға енгiзiлген уақытша тоқтам. Көпке дейiн үндемей келiп, аяқасты мораторий жариялаған президент бiрқатар шендiлердiң апай-топайын шығарып, кадрлық ауыс-түйiстер жасады. Жер сатудың тиiмдiлiгiн жұртқа түсiндiрiп әлек болған Ұлттық экономика министрi мен оның орынбасары қапелiмде жағдайдың қалай аунап түскенiн түсiнбей қалған сияқты. Екеуi де аң-таң болған кейiпте қызметiмен қош айтысты. Басында сөгiс алып құтылғандай болған Ауыл шаруашылығы министрi де атынан ауып қалды.

12 мамыр 2016
Үш түрлi сурет, үш түрлi кiсi
Биыл Жеңiс күнiн әр елдiң президенттерi әртүрлi атап өттi. Өткен жылы Жеңiстiң 70 жылдығында әрiптестерiмен бiрге Мәскеудегi әскери парадқа қатысқан қырғыз басшысы Путинге жағынам деп сынға ұшыраған. Кремльге келмей қалған ел басшыларына өкпе артпақ болған Алмазбек Атамбаевты Ислам Каримов жұрт көзiнше сөгiп тастаған едi. Сондағы қылығы сабақ болды ма, биыл Атамбаев алашапқынға түскен жоқ. Өз елiнде, Бiшкектiң төрiнде Жеңiс күнiн атап өттi.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20»