1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №14 (16200) 16 ақпан, бейсенбі 2017
8 наурыз 2016
Қытай елшiсi неге кiжiндi немесе “Нұрлы жол” кiмнiң жобасы едi?

Қазақстандағы Қытай халық республикасының төтенше және өкiлеттi елшiсi Чжан Ханьхуэй мырза ақпан айының соңында қазақ билiгiне әртүрлi жолмен кiндiгi бай­лау­лы газет-журнал, телеарна мен ақпарат агенттiгi тiлшiлерiн Астанада жинап алып, бес сағатқа созылған әңгiме-дүкен құрыпты. “Достық кездесу” деген атау тағылған бұл отырыстан кейбiр басылымдар ғана қысқаша ақпарат берумен шектелдi.

3 наурыз 2016
Мұхтар Әблязов: Қытай тiлi не үшiн қажет болды?

Интернетте вице-премьер Дариға Назар­бае­ваның аяқ астынан қытай тiлiн үйренуге шақырған мәлiмдемесiне қатысты Франция түрмесiнде отырған, қуғындағы қаржыгер, саясаткер Мұхтар Әблязовтiң түсiнiктемесi пайда болды. Бiз Әблязовтiң жазғандарын түгелдей шындық деп айта алмаймыз. Алайда мық шегедей мығым цифрлары мен қисынды пiкiрлерi кiсiнi ерiксiз ойландырады. Сондықтан билiк тарапынан бұл жазбадан туатын сұрақтар­ға түсiнiктеме берiледi деп күтемiз.

1 наурыз 2016
РЕСЕЙ ДЕПУТАТТАРЫНА САЛЫНҒАН САНКЦИЯҒА ҚАСЫМ-ЖОМАРТТЫҢ НЕГЕ ҚИМАСЫ ҚЫШИДЫ?
Өткен аптада Қа­зақ­станға қатысты дау­лы iстермен дақпырты асқан Австрияның астанасы Венада тағы бiр отандасымыз “шу шығарды”. ЕҚЫҰ парламенттiк ассамблеясының жиынына келген Қасым-Жомарт Тоқаев     ЕО-ның кейбiр елдiң депутаттарына салған санкцияларына ашық түрде наразылық бiл­дiр­­дi.
1 наурыз 2016
Казактар Қазақстан Конституциясын өзгертудi талап етпек пе?
Ақпанның басында өткен Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестiру кеңесiнiң есеп беру-сайлау съезi көпшiлiктiң назарынан тыс қалды. Осы жиында казактар атынан мәжiлiске депутат сайлау мәселесi көтерiлген екен. Онда тұрған не бар дерсiз? Мәселенiң мәнiсiне қараңыз, көңiлiңiзге күдiк толады.  Елдiң барлық облысынан келген бұл ұйымның делегаттары съезд соңында оның қарарын қабылдаған. Ол мынандай бес бөлiмнен тұрады:
1 наурыз 2016
Батыр танығыш «баһадүр» және ақылды иттен иринаға дейiн
“Бүгiнгiнiң батыры кiм?” деп басы қатып жүрген қазаққа жорғатiлдi әншi жөн сiлтедi. Бәсе, бабаларымыздан жалғасқан батырлық дәстүр үзiлмеуi тиiс-тiн. Бiрақ қолында найзасы бұлғақтап, белiнде қылышы салақтап жүрмегеннен кейiн “түк бiлмес қазақ” дәу де болса, батыр-екем осы шығар деп ешкiмге жiп таға алмаған. Ал Бекболат Тiлеухан тақты! Таққаны былай тұрсын, Нұрсұлтан Назарбаевты батырға балаған ол сөзiнiң растығына куә ретiнде Алланы көлденең тартып жiбердi. Мұнысы орынды. Өйтпесең, көңiлiне күмән кептелген халық өлтiрсең де сенбейдi қазiр.
25 ақпан 2016
Алжас Амаровичке алғыс

Универсиадаға да­йындық мәселелерi жөнiнде Алматыда 16 ақпанда өткен жиын барысында Мемлекет басшысы “Егер азамат орыс тiлiнде сұраған болса, оған орысша жауап беру керек. Орысша өтiнiш жасаған адамға қазақ тiлiнде жауап берген адамды жариялы түрде жұмыстан қуу керек” дегенi бәрiмiздiң есiмiзде. Осындай мәлiмдемеге не себеп болды екен деп бiраз жұрт баc қатырған. 

23 ақпан 2016

Сонымен, науқан басталды. 20 ақпаннан бастап мәжiлiске үмiткерлер өзiн таныстыруға, өзiнiң кiм екенiн көптiң назарына салуға мүмкiндiк алды. Бұйырса, бiр ай бойы талай қызыққа кенелемiз. “Нұр Отан” партиясы үмiткерлерiнiң сапындағы әртiстердiң көбеюi биылғы сайлаудың аса “көңiлсiз” өтпейтiнiне дәлел болса керек. Ал мәслихаттың жайы не болып жатыр? Аймақ-аймақта да сайлаудың күбiр-сыбыры қызу жүрiп жатқанын ескерiп әрi оқырмандардың сұрауына орай мақалалар топтамасын ұсынып отырмыз.

23 ақпан 2016
Өткен аптада “Нұр Отан” партиясының сайлау алды штабында болған қазақ басшысы естiген жұртты елең еткiзетiн бiрнеше сөз айтты. Оның бiрi – халыққа ұнаса, екiншiсi – “бұл қалай болғаны?” дейтiн сауал тудырды. Ал келесiсi тiптi көптiң күлкiсiн келтiрдi. Ендi осы мәселелерге жеке-жеке тоқталып көрейiкшi. “Нағыз патриот – өз елiн мақтайтын адам емес, қайта кемшiлiктердi көрiп, ұнамсыз тұстарды жөндеуге ықпал ететiн адам.
18 ақпан 2016
Депутаттықтан дәмелілердің бәрі – «әртіс»

«Жақсы адам болу үшін депутат болу міндетті емес, депутат болу үшін жақсы адам болуыңыз міндетті» деген екен Міржақып Дулатұлы. Депутат –халықтың сенімді өкілі. Ол ел мүддесі үшін қызмет етуі тиіс. Депутаттардың қызметі жайлы ел арасында да әрдайым-ақ сөз болып тұрады. Қазіргі депутаттардың белсенділігінің төмендігі, ләппайшыл, жалтақтығы, жағымпаздықтары ашық айтылып жүр. Иә, шындығында бүгінгі күні парламент аса құдіретті емес, сондықтан да елдегі ахуалды қадағалай алмайды.

18 ақпан 2016
Бұл қазақтың өзiне де обал жоқ. Не дұрыстап аула сыпырып, артынан компания ашып, ақырында байып кетудi бiлмейдi. Жалаңбұт жүргенiне қарамай, той жасаса, шетелден жын-жыбырды шақырады. Басқа жер таппай қалғандай, Алматының тынысын тарылтып, Шынбұлаққа коттедж соғатыны тағы бар. Мәдениетiнiң түрi – анау, айтпасаң, сырттан келер қонаққа боқтық сөзсiз жөн сiлтегендi де бiлмейдi.
18 ақпан 2016

“Жас Алаш” республикалық газетi Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасы президентiнiң 2016 жылғы 20 қаңтардағы №181 жарлығына сәйкес, 2016 жылдың 20 наурызына белгiленген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжiлiсi депутаттығына кезектен

18 ақпан 2016
Бiздi елiмiздiң ертеңi алаңдатады
Қазақстанның көрнектi мемлекет және қоғам қайраткерi Алтынбек Сәрсенбайұлын еске түсiруге арналған дөңгелек үстелге қатысқан жұртшылық жиынының қарары
Бiз, осы жиынға қатысушылар, баяндамалар мен сөз алғандардың пiкiрлерiн тыңдай және талқылай келiп, былай деп есептеймiз: Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның көмекшiлерi Ба­уыржан Байбосын, Василий Журавлев саяси тапсырыстың құрбаны болды.
18 ақпан 2016
Мемлекет басшысы осылай кiжiне берсе мемлекеттiк тiлдi ешкiм де құрметтемейдi және құрметтеуге ниет те етпейдi

Қазақстан президентi Н.Назарбаевтың анда-санда қазақ тiлiнiң жанашырларына кiжiнiп қоятыны бар едi ғой, бұл жолы да, яғни Алматыға келген сапарында да шарай топтың көзiнше былай дедi: “Маған мынадай ақпарат жеттi: бiр мекемеге орыстiлдi адам орыс тiлiнде өтiнiш айтса, оған әлгi мекеме қазақ тiлiнде жауап қайырыпты. Бұған кiм жол бердi? Осындай тiл туралы заңды бұзушылықты прокуратура неге тексермейдi? Егер ол орыс тiлiнде өтiнiш айтты ма, ол орыс тiлiнде жауап алуы керек...” (президенттiң орысша айтқанын қазақшаға аударып берiп отырмыз – ред.).

16 ақпан 2016
Өткен аптада Атырау қаласының тұрғындары жиналып Алаштың арысы атанған саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды. Мал сойылып, дастарқан жайылды, құран бағышталды. Еске алу дастарқанын ұйымдастырып жүргендердiң бiрi – Серiк Өтепқалиев. Ол себебi белгiсiз құпия қазаның ел үшiн ұмытылмайтынын, есiл ерлер қапияда кеткен 11 ақпан халайық үшiн ауыр күндердiң бiрi екенiн айтты.
11 ақпан 2016
Иса пайғамбар, Шыңғысхан және Арыстанбек

“Қазақта ең кенже қалған екi өнер түрi бар, бiрi – футбол, екiншiсi – кино” деген екен кезiнде Қонаев жарықтық. Былай қарасаң, күнi бүгiнге дейiн қазақ киносының мерейiн көтерiп, абыройын жауып жүрген “Қыз Жiбек”, “Атамекен”, “Алдар Көсе”, “Атаманның ақыры”, “Менiң атым – Қожа” сияқты айтулы фильмдер тап сол кiсiнiң тұсында түсiрiлдi. Солай бола тұра, тереңнен ойлап, алыстан болжаған Димаш ағамыз қазақ киносын одан да биiк деңгейден көргiсi

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19 / 20 / 21»