1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №16 (16202) 23 ақпан, бейсенбі 2017
29 желтоқсан 2016

2016 жылы билiк басында айтарлықтай ауыс-түйiстер болды. Және бұл ауыс-түйiстер қарапайым халықтың ықпалымен жасалды деуге негiз бар. Өткен күнге қысқаша шолу жасасақ, көктемде қайта сайланған ескi де, жаңа парламенттен кейiн халық жаңа үкiмет күткен едi. Бiрақ Ақорда да, парламент те ұзақ жыл үкiмет басында сүрленген Кәрiм Мәсiмовтен асқан премьер-министр таппады. Үкiмет құрамы iшiнара ғана жаңарып, Мәжiлiстен ұшып шыққан Дариға Назарбаеваның премьер-министрдiң орынбасары болуы жұрт iшiнде бiраз сөз шығарды. Алайда Дариға Назарбаева үкiметтi тiреп тұрған тұлға ретiнде көп жүре алмады. Анығында жүргiзбедi. Жүргiзбеген шеруге шығушылар. Сәуiр айының соңында жердi шетелдiктерге сатпау мен жалға беруге қарсылық ретiнде

29 желтоқсан 2016
Берекесiз одақ немесе Путиннiң жалғыз жақтасы кiм?

Кеңес Одағын қайта құруды көксейтiн Владимир Путиннiң посткеңестiк кеңiстiктегi жалғыз сенiмдi одақтасы — Қазақстан президентi Н.Назарбаев қана сияқты. Белоруссия президентi Александр Лукашенко “ауырып қалдым” деп сылтау да айтпастан Санкт-Петербургте өткен Еуразиялық экономикалық одақ пен ҰҚКҰ-ның дәстүрлi қорытынды саммитiне келмей қойды. Ал қырғыз президентi елдiң көзiнше еуразиялық интеграцияның iргетасын шайқалта жаздады. ЕурАзЭО-ның ең сүйектi екi құжаты: Кеден кодексi мен сауда-саттықты дамыту туралы келiсiмдерге қол қоюдан бас тартқан Алмазбек Атамбаев

21 желтоқсан 2016
Елшiге атылған оқ

Түркияда қастандықпен өлтiрiлген Ресей елшiсi Андрей Карловтың сүйегi кеше Мәскеуге жеткiзiлдi. Анкара әуежайындағы қоштасу рәсiмiне Түркия үкiмет басшысы, Iшкi iстер министрi, Анкара мэрi сынды көптеген лауазымды тұлғалар қатысты. Бұл кезде Стамбұлда болған Ережеп Эрдоған ауыр қылмысты үлкен күйзелiспен қабылдағанын тағы бiр мәрте айта келiп: “Мен оны дипломат ретiнде өте жоғары бағалаймын. Бүкiл түрiк халқы атынан қарулы шабуылды айыптай отырып, марқұмның алдында бас иемiн” дедi.

13 желтоқсан 2016
Қырғызстанда жексенбi күнi өткен Конституцияға өзгертулер енгiзу жөнiндегi референдум заңды деп танылды. Өйткенi дауыс беруге сайлаушылар тiзiмiндегi 2,85 мил­лион адамның 42,07 пайызы қатысқан. Олардың 15,4 пайызы қарсылық танытса, Ата заңға өзгерiс енгiзудi қолдаған сайлау­шылар саны бұдан 7 есе көп – 79,56 пайыз. Қолданыстағы заң бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайызы қатысса, референдум заңды деп саналады.  Жалпы, Қырғызстанның 2010 жылдан берi қолданылып келе жатқан Конституциясына өз­герiс­тер енгiзу туралы бастаманы парламент құрамындағы бiрқатар партиялардың өкiлдерi көтерген едi.
13 желтоқсан 2016
Оңтүстiк Кореядағы халық толқуы саябыр тапты. Өйткенi Корея парламентi дауыс беру қорытындысы бойынша мемлекет басшысы Пак Кын Хеге импичмент жариялады. Президентке сенiмсiздiк танытқан депутаттардың саны – 234. Ал 56 депутат қарсы болса, 2 депутат қалыс қалған. Парламенттегi тал­қылауды халық тiкелей эфирден көрiп отырды. Сөйтiп, өкiлеттiгiнен айырылған президент билiктен шеттетiлiп, оның қыз­метiн уақытша атқару мiндетi үкiмет басшысы
13 желтоқсан 2016
Түркия президентi Режеп Тайып Ердоған Стамбул қаласындағы жарылыстардан соң 11-12 желтоқсанға жоспарлан­ған Қазақстанға ресми сапарын кейiнге қалдырды. Түркия­да 11 желтоқсан қаралы күн ретiнде жарияланды. Түркия президентi Режеп Ердоған өткен сенбiде Стамбулдың қақ ортасында, Vodafone Arena стадионының маңында футболдан кейiн болған жарылысты террорлық шабуыл деп атады. Түркияның iшкi iстер министрi Сүлейман Сойлу терроршылар полицейлер отырған автобусты көзде­генiн, сол себептi зардап шек­кендердiң
13 желтоқсан 2016
«Күрес жалғаса бередi» М.Әблязов бостандыққа шықты
Санаулы күндерден соң Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын тойлауға алаңсыз дайындалып жатқан Қазақстан билiгiне өткен аптада Франция астанасынан жайсыз хабар жеттi. Француз түрмесiнде 3 жылдан артық уақыт отырған БТА банкiнiң бұрынғы иесi, қуғындағы сая­саткер Мұхтар Әблязов бостандыққа шықты. Бұл елдiң ең жоғарғы әкiмшiлiк сатысы – Францияның Мемлекеттiк кеңесi М.Әблязовтi саяси астармен қуғындап жатыр деген уәжбен келiсiп, оны Ресейге беруден бас тарт­ты. Мемлекеттiк кеңесте сөйлеген баяндамашы түрмедегi М.Әблязовтi Ресейге экстрадициялау туралы шешiмнiң күшiн жоюға кеңес берген. Бұған М.Әблязовтiң iсiн қараудың
7 желтоқсан 2016
Армяндар Қазақстан мен Беларуське доқ көрсетуде

Армян стратегиялық және ұлттық зерттеулер орталығының директоры Манвел Саргсян 1in.am басылымына берген сұхбатында Қазақстан мен Беларусьтi екi бiрдей iрi еуразия­лық құрылым — ЕАЭО мен ҰҚКШҰ-дан шығару туралы бастама көтердi. Армян саясаттанушысы мұны Қазақстан мен Беларусьтiң Таулы Қарабақтағы соңғы қақтығыс кезiнде Армения мүддесiн қор­ғау үшiн ештеңе iстемегенi­мен түсiндiредi. Және армян порталына берген сұхбатында Саргсян қызды-қыздымен екi елдi Арменияның алдында “жауапты” деп салыпты. Беларусьтi “Армения үшiн ешқандай маңызы жоқ, әйтеуiр бiр мемлекет” есебiнде атаған Саргсяныңыз Қазақстан­ға да

5 желтоқсан 2016
Ескi бақталастарды жеңген ЖАҢА ПРЕЗИДЕНТ

Ш.Мирзияевтың таққа мiнетiнi И.Каримовтың көзi жұмыла сала-ақ аңдалып қалған. Өйткенi өлмейтiндей көрiнген өзбек басшысының оқыс қазасынан кейiн ел тiзгiнi Сенат төрағасының емес, үкiмет басшысының қолына тиген едi. Ал сайлау мерзiмi белгiленiп, үмiткерлер анықталғанда, президенттiк тақтың Мирзиявке бұйырарына ешкiмнiң күмәнi қалмады. Себебi бұл сайлаудың өткен жылғы сайлаудан бәлендей айыр­машылығы жоқ. Бақталастардың денi – Ташкенттiң “тұра шабарлары”. Нақтырақ айтсақ, биыл додаға қосылған

28 қараша 2016
Айдаһардың лебi

Егер бұл жаңалықты (бәлкiм, жамандықты?) Қы­тайдың ақпарат көз­дерi хабарламаса, бiз тiптi ха­барсыз қалғандай екен­бiз. Сонымен, не дейдi Қытайдың ақпарат көздерi? Қытайда кино түсiрумен айналысатын төрт iрi мемле­кеттiк компания бар. Соның бiрi – “Батыс Қытай фильм” компаниясы. Осы компанияның бас менеджерi Жу Вентаудың хабарлауынша, бiздiң “Қазақфильм” мен “Батыс Қытай фильм” компаниясы серiктес­тiк туралы меморандумға қол қойыпты. Ендi бұлар бiрлескен жоба бойынша бiраз

28 қараша 2016
Назарбаев шынын айтамын деп сырын айтқан сияқты

Қазақстанның саяси элитасы президентке мадақ айтудан социалистiк жарысқа түсетiн, үлкен кiсiнiң алдында бүгежектеуден белдерi жазылмайтын желтоқсан айының қарсаңында, өзiнiң кезектi төл мерекесi (тұңғыш президент күнi) мен Тәуелсiздiктiң мерейтойының алдында президент Назарбаев Bloom­berg агенттiгiне сұхбат бердi. Президенттiң қандай кiтап оқып, қай әндi жақсы көретiнiн сұраудан аспайтын библиографиялық-музыкалық жанр­дағы қазақстандық әрiптестерiнен гөрi, батыс­тық белдi басылымның өкiлдерi

24 қараша 2016
АСТАНА – «НҰРСҰЛТАН» АТАЛСА, ЕЛIМIЗДI НЕГЕ «НАЗАРБАЕВСТАН» ДЕМЕСКЕ?

Арқаның ақтүтек боранымен жағаласып депутаттар да ызыңдап жатыр. Бұл қазақтың құлағына таныс ызың. Бұрын да талай сөз болып, президенттiң тосқауыл қоюымен ғана iске алғысыз ұсыныс есебiнде “күресiнге” кеткен. Бiрақ бұл жолғы бастамашылардың қарқыны қатты. Өйткенi олар Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мен тұңғыш президент күнi аталатын мерекенi бетперде қылып ұстап алған. Алайда олардың түпкi ниетiнде не жатқаны жұмбақ. Осы тұста ұйғыр ағайындар жиi айтатын бiр сөз ойы­мыз­ға орала кеттi. Олар бүй дейдi: “Көтередi екен, көтередi екен, тастай салса, пачақ-пачағы шығады екен”. Ал Сiз “Н.Назарбаевтың есiмiн жалғыз Астана ғана

22 қараша 2016
Пак Кын Хе халықпен кездесуден тайсақтап жүр
Оңтүстiк Корея президентi бүгiн парламентте өтетiн ұлттық жиынға қатыспайтын болды. Президент әкiмшiлiгi таратқан ақпарат бойынша бұл басқосуға үкiмет басшысының экономика жөнiндегi орынбасары Ю Ир Хо қатысады деп жоспарлаған. Бұған оппозиция наразы. Олар президенттi “Көпшiлiкпен кездесуден тайсақтады” деп айыптап жатыр. Тiптi “Пак Кын Хе мейлiнше тезiрек орнынан кетуi керек” дегендер халықтан қол жинауды бастап кеттi.
16 қараша 2016
Тосын Трамп немесе әлемдiк саясаттағы жаңа тренд

“Бағы жоққа тағы жоқ”. Сонымен, АҚШ-та президент ауысатын кез жеттi. “Бақан тiрес, ит тартыс”, бұрын-соң­ды болып көрмеген айқай-шуға, өсек пен төсекке, жеке басқа барушылыққа дейiн жеткен cорақылау сайлаудан кейiн қаңтардың басында Ақ үйге демократ Обаманың орнына республикашыл Трамп келедi де, алдағы төрт жыл бойына дүние жүзiндегi ең дамыған елдi басқарады, әлемдiк саясатқа өз ықпалын жасайды.

14 қараша 2016
Порошенконы кiм алдады?
Өзiн қырғыз басшысы Алмазбек Атам­баевпын деп таныстырып, Украина президен­тi Петр Порошенкомен бiр сағат сөйлескен қылжақбастың кiм екенi әлi белгiсiз. Қос елдiң Сыртқы iстер министрлерi бұл мәселенi зерттеп жатқанына он шақты күннiң жүзi өтсе де, айыптыны атай алмады. Дегенмен тұтқаның ар жағындағы “Атамбаевты” Алатаудың төңiрегiнен iздеп жүргендердiң тiрлiгi бос сенделiске ұқсайтындай.
Жақында ғана украиналық БАҚ Петр Порошенконың Алмасбек Атам­баевпен телефон арқылы тiлдескенi жө­нiнде мәлiмет таратқан. Ең қызығы, олар бұл ақпаратты президенттiң баспасөз қызметiне сiлтеме жасай отырып, жариялаған едi. Алайда А.Атамбаевтың телефондағы әңгiмеге қатысы жоқ екенi кейiн белгiлi болды.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12»