1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
  “Шымбұлақ” тау шаңғысы курортының 25% Н.Назарбаевтың меншiгiнде. Мәселен, Болат Назарбаев “Шымбұлақта” екi үйi болғанын қалады. Мұнымен курорт басшысы Сергей Гитолов келiс­пептi. Сонда оның басына тапаншасын тақаған президент­тiң iнiсi: “Қазiр сенi жайратып салу маған түкке тұрмайды. Бұл үшiн маған ештеңе болмайды“ деген.  “Шымбұлақтағы” үйлердің иелері: Н. Назарбаев, Б. Назарбаев,  Д. Назарбаева, Ә. Назарбаева, Т. Құлыбаев, К. Мәсімов, И. Тасмағамбетов, Қ.Саудабаев, Н. Әбіқаев, А. Шабдарбаев, Б. Мұхамеджанов, Н. Сұбханбердин, Т. Досмұхамбетов, Б.  Өтемұратов, С. Қалмырзаев, А. Есімов, Д. Ахметов, А. Машкевич, П. Шодиев, Ә. Ибрагимов, С. Гиталов, Ә.Арғынғазин, А. Клебанов, В. Храпунов.
Автор: Виктор Храпунов, Алматы қаласының бұрынғы әкімі. “Республика” газетi. 03.10.2011ж.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №64 (16250)   15 тамыз, сейсенбі 2017
11 мамыр 2017
Өмір жақсару үшін саяси жүйе өзгеруі керек

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы
Кезінде Сауд Арабиясының мұнай министрі шейх Яманидің айтқаны бар: «Тас ғасыры тастың таусылғанынан аяқталған жоқ. Сол сияқты мұнай дәуірі де бітеді». Бүгінгі ғаламдық экономика үдерістеріне қарағанда, осы болжам іс жүзіне асып келе жатқандай. 2014 жылы баррельге шаққанда мұнайдың әлемдік

11 мамыр 2017
Депутаттар қызыл таяққа неге құмар?

Саясатта қолдан мәселе жасау үрдісі бар. Мұндай амалға билігін ұзаққа созуға тырысқан басшылар жүгінгені тарихтан белгілі. Көпшіліктің өзіне деген наразылығы мен қарсылығын басу үшін ондай патшалар көршілеріне түрлі себепті сылтауратып соғыс ашқан. Сонымен жұрттың уайымы жауды жеңуге айналып, басшының озбырлығы жайына қалды. Қазіргі саясатта қолдан мәселе жасау үшін қарулы соғыс ашу қиын шаруа. Бірақ ақпараттық айла ұйымдастыру көп ақылды қажет етпейтін ең оңай амал. Қазақстан қоғамында талқыланып, дау-дамайға айналып кететін кейбір тартыстар биліктің қолдан әдейі жасаған ақпараттық

5 мамыр 2017

Қарағанды қаласының Майқұдық мәдениет үйінде 9 Мамыр мерекесіне орай, «Рейхстагты жаулап алу» дейтін шара өтпекші. Рейхстаг қазір де Германияның парламент үйі. 1945 жылы совет армиясы жеңіс белгісі есепті Рейхстагқа ту тіккені мәлім. Жаңа Майқұдықтағы мәдениет үйі сол оқиғаны жаңғыртпақ екен.
«Тарихи реконструкция әлемнің көп елінде жасалады. Біздің шарамыздың саясатқа қатысы жоқ. Біз қазіргі Германия парламенті отырған Рейхстагты жаулап

5 мамыр 2017
Келесі президент қандай болмақ?

Сонымен, президенттіктен үміткерлерге қосымша талаптар қойылатыны хабарланды. Мамырдың 4-і күні мәжілісте Қазақстанның кейбір заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы конституциялық заң жобасын таныстырған әділет министрі Марат Бекетаев президенттікке кандидаттарға қосымша бірнеше талап қойылатынын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, жобаға сай, кандидаттарға мемлекеттік қызмет немесе сайланатын мемлекеттік лауазымды қызмет атқарған кем дегенде бес жыл

29 сәуір 2017
Ақышев Құлыбаевты президентке айта ма?

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур Құлыбаев мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының жиынында Ұлттық банкті «Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорындағы зейнетақы қаржысын дұрыс бақылай алмай отыр» деп сынады. Т.Құлыбаев зейнетақы қаржысы Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басқаруына өткеннен бері «еш нәрсенің түбегейлі өзгермегенін» мәлімдеді. «Зейнетақы ресурстары барлық елде қор нарықтары,

27 сәуір 2017
Коммунистік мумия

Мумиялар әлемнің жеті кереметінің бірі – Мысыр пирамидаларында ғана емес, коммунист бір мумия көрші ел – Ресейдің астанасы Мәскеудің төрінде, Қызыл алаңдағы мавзолейде жатыр. Большевиктік, сосын коммунистік идеологтар «әлем пролетариатының көсемі» деп атап келген Владимир Ульяновтың мәйіті (Ленин) сонда. Жер қойнауына тапсырылмай, 93 жыл бойына қиналып жатыр: жаны о дүниеде,

27 сәуір 2017
«СТАЛИНИЗМНЕН КЕЙІНГІ СТАЛИНИЗМ» – БІЗ ШЫНДЫҚТЫ, ШЫНАЙЫ ТАРИХЫМЫЗДЫ БІЛГІМІЗ КЕЛМЕЙДІ

Сталин дәуірі – қанды дәуір. Әсіресе, қазақ үшін. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деп ұрандатып, тышқақ лақ қалдырмай қазақтың малын тартып алып, ашаршылыққа ұшыратты. Ұлт қайраткерлерін қынадай қырып, оқтан аман қалғанын айдауға жіберіп қуғындады. Тіпті олардың отбасы, бала-шағасына дейін «халық жауы» атандырып, сағын сындырып, қоғамнан аластады. Екінші дүниежүзілік соғыста талай боздақ жер құшты. Ұлттың  жұлынын

20 сәуір 2017
Әскери соққы

ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕЛЕРГЕ ҚАРАМАСТАН, ТРАМП КЕМЕЛЕРІ КОРЕЯ ЖАҒАЛАУЫНАН АЛЫСТАП КЕТТІ
Корей түбегінде жағдай шиеленісе түскен кезде адмирал Гарри Харрис күтпеген мәлімдеме жасады: 8 сәуір күні авиатасығыш Сингапур жағалауынан алыстап, Тынық мұхитының батыс бөлігінің солтүстігіне бет түзеуге бұйрық алған.
АҚШ қарулы күштерінің Харрис жетекшілік ететін Тынық мұхиты қолбасшылығының баспасөз хатшысы бұл «орын ауыстыруды» «аймақтағы нөмірі бірінші қауіппен»

20 сәуір 2017
Осы кісіні көргендер неге күле береді?

Атасына мың рақмет, егер мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы болмаса, біздің үкіметтегі шенділер қызметте сұп-сұр болып, биліктен күлмей өтер ме еді, кім біледі... Осы кісі-ақ елдің езуін жиғызбай, айналасын күлкіге көміп, елдің ішегін түйіп жүреді. Онысын Арыстанбек Мұхамедиұлы әдейі істейді деп айта алмаймыз. Бірақ оның жүзі мен түрін газет, телеарналардан, көшеден көргендер өздігінен күле беретінді шығарды. Орыстың әйгілі актері Ю.Никулинде де осындай қасиет бар еді. Ол қаншама киноларда сап-салмақты, әзіл-күлкі, қалжыңнан мүлдем ада адамдардың рөлдерін

18 сәуір 2017
Ердоған Түркияны қайда бастап барады?

Түркия тарихи таңдау жасады. Жексенбі күні Түркияда конституциялық реформаға орай, жалпыхалықтық референдум болды. Референдум нәтижесінде дауыс берушілердің 51,37 пайызы конституцияға енгізілмек 18 түрлі өзгерісті жақтаса, 48,63 пайызы қарсы болған. Міне, осылайша сәл ғана басымдықпен конституциялық реформаға жол ашылды. Бұл реформа Түркия тарихындағы ең зор өзгеріс. Өйткені елдегі саяси басқару жүйесі өзгереді. Басты заңға жасалған өзгеріс Түркияны парламенттік басқару жүйесінен бірден президенттік басқару жүйесіне

13 сәуір 2017
«ТҮЙЕНІ ЖЕЛ ШАЙҚАСА, ЕШКІНІ АСПАННАН ІЗДЕ»

Әлемнің түкпір-түкпірінде алуан түрлі оқиғалар, қанды қақтығыстар боп жатады. Ғаламдық шахмат тақтасында ерсілі-қарсылы жүріс. Екі жақ бір-бірінің фигураларын «жеп жатыр». Дене түршігерлік сюжеттерді теледидардан көреміз де, «бізде болса бәрі тыныш, ол у-шудың бізге қатысы жоқ» деп

13 сәуір 2017
Жармахан ТҰЯҚБАЙ мәлімдейді: ДЕПУТАТ АЙЛЫҒЫНЫҢ ӨСУІ – АРСЫЗ ӘРІ ЖАУАПСЫЗ АКТ

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) төрағасы Жармахан Тұяқбай парламент депутаттары жалақысының көбеюін «бұл билік түрінің моральдық-өнегелік деңгейіне күмәнді бұрынғыдан да күшейте түсетін арсыз әрі жауапсыз акт» деп бағалады.

11 сәуір 2017
Ресейден маман шақыру сандырақ па, әлде саясат па?

Шымкент қаласындағы орыс мектептерінде орыстілді мұғалімдердің саны күрт азайып кетіпті. Бүгін-ертең зейнет демалысына шыққалы отырған мұғалімдер саны екі жарым мыңға жуық. Оңтүстікте орыс тілі пәндері бойынша оқу бітіретіндер саны аз болғандықтан, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қажетті мамандарды солтүстік өңірден іздеуді жөн көреді. Бірақ қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов құшағын одан да кеңірек жайып, «орыстілді мамандарды Ресей мен Украинадан шақыртсақ болады» деп отыр. Әкім мұндай мұғалімдерді шақырып қана қоймай,

6 сәуір 2017

Ресейде көп адам опат болған теракт оқиғасынан кейін әркез саяси өзгерістер болып, заңды қатайтады – қылмыстық кодекс қана өзгермейді. Ең белгілі жағдай – 2004 жылы Бесланда содырлар мектепті басып алған соң, сайлау болмай қалған еді. Ол кезде 333 адам қаза тапты, олардың көбі балалар еді. Шабуыл болған күннің кешінде Ресей президенті Владимир Путин халыққа үндеу жасады. Ол: «Мұндай жағдайда бұрынғыдай қамсыз

6 сәуір 2017
Ит жоқта шошқа үреді

Өзінің журналистік (не басқа бір ел қызығарлық әрі мойындарлық) талантынан гөрі «кремльдік пропагандист» ретіндегі біржақтылық, бұрмалаушылық, орынсыз табандылық қасиеттерімен дүйім жұртқа танылған ресейлік медиатұлға Владимир Соловьевтің Қазақстанға бір күнге келіп-кетуі қоғамдық резонанс жағынан Путиннің бізге жасап жүрген сапарларынан да асып түскен сияқты. «Той бітті, қу кетті», ал у-шу әлі де жалғасып жатыр. Сонымен, Соловьевтің секемді сапарының

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13»