1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
9 қараша 2016
“Құнанбай” президенттен араша сұрады

Министр мен актердiң айқасына зер салған елдiң назары ендi ерiксiз Ақордаға ауды. Өйткенi Тұңғышбай Жаманқұлов президенттен араша сұрап, бейнеүндеу жариялады. Оны “шыңғырған шындық” ретiнде қабылдағандар да, “суға кеткен тал қармайдының” кебiне балағандар да жетiп артылады. Әйгiлi актердiң “ағалаған” дауысындағы жағымсыздау “жарықшақтар” өз алдына бiр төбе. Бiрақ оның бәрiн тiзе берсек, “жығылғанға жұдырық” боларын да iшiмiз сезiп отыр. Дегенмен айтпауға болмайтын бiрер мәселе бар. Театр тарланы күнi кеше ғана өзi жақтап шыққан қа­зақтың қаршадай қызын бүгiн тастай қаш­ты. Тiптi осы қылығы үшiн өзiн “кi­нәлi санайтынын” жеткiздi. Бұл – аты дардай азаматты былай қойғанда, кез келген еркекке сын болатын сырғыма мiнездiң көрiнiсi. Газетiмiздiң өткен нөмiрiнде Тұңғышбайды қорғауға құлықсыз әрiптестерiнiң қылығына таңданған едiк. Соның сырын ендi түсiн­гендей болдық. Бұл кiсi ешқашан Ашық хатқа қол қоймаған екен. Ендеше, өзi бiреуге қалқан болуға тырыспаған адамды

9 қараша 2016
АҚШ-тағы президент сайлауы Республикалық партияның өкiлi, миллиардер, жазушы Дональд Трамптың жеңi­сiмен аяқталды. Оның президент болып сайланатынына сенбеген сарапшылардың қарасы басым болғанына, АҚШ-тағы саяси элитаның өзiне қарсы тұрғанына, әлем­дiк басылымдардың кәсiпкердi жағымсыз жағынан әшкереле­ге­нiне, теледебаттарда жеңiлiп қалды дегенiне қарамастан Дональд Трамп алып елдiң 45-шi президентi атанбақ.
АҚШ-тағы сайлау жүйесi бiршама өзгеше. Мұнда 120 млн сайлаушы президенттi тiкелей сайламайды. Олар әр штаттағы “сайлаушылар” деп аталатын топқа дауыстарын сенiп тапсырады. Бұл халқының саны көп, үлкен штаттардағы дауыс беру нәтижесi шағын штаттардың қалауынан басым
3 қараша 2016

Өткен аптада Молдовада өткен президент сайлауының алдын ала қорытындысы бойынша, 49,7 пайыз дауыс жинаған ресейшiл социалистiк партияның үмiткерi Игорь Додон алда келедi. Оның басты қарсыласы саналған Еуропамен жақындасуды жақтайтын Майя Санду – 37 пайыз дауыс жинаған. Орталық сайлау комиссиясы дауыс берген бюллетеньдердiң 93 пайызын санап үлгергендерiн

1 қараша 2016
Зауыты жоқ Зауытбек және Ақтөбедегi «ұйқы» дауы
Журналист көрсе, кiрпiдей жиырылатын, қолайсыз сауал қойып, қоямды ақтара ма деп қауiп қылатын шендi-шекпендiлер аз емес. Әсiресе әлдебiр мәселелер төңiрегiн­де жаманаты шығып, жұрт назарына iлiккен­дер журналист ұсынған микрофонды кезелген мылтықтай көредi. Сосын екi өкпесiн қолына алып, безе жөнеледi. Тыраңдап қа­шып бара жатқаны таспаға iлiгiп, елге жетерiнде шаруасы жоқ. Бұған БАҚ арқылы куә болған халықтың қыбы қанып отырады. Күнi кеше ғана Арыстанбек Мұхамедиұлының басбұға безуi де үзiлiп бара жатқан “журналистерден қашу” үрдiсiн жұрт жадында тағы бiр жаңғыртып өткен.
1 қараша 2016
ОЛ ҚАЗIРШЕ БИЛIККЕ ЫҢҒАЙЛЫ БОЛЫП ТҰР
Өткен аптада АҚШ-тың Ауғанстандағы қарулы күш­терiне қолбасшылық ететiн генерал Джон Николсон ИШИМ Орталық Азия ел­де­рiнiң аумағын қамтуды көздей­тiн Хорасан халифатын құруды мақсат еткенiн мәлiмдедi. Америкалық генералдың айтуынша, “Ислам мемлеке­тi” террорлық ұйымының Ау­ғанстан аумағында құруға талпынып жатқан халифатының идеологиясын жергiлiктi халық мүлдем қабылдамайды. Өйткенi бұл елдегi ИШ­ИМ күштерi негiзiнен этникалық өзбектер мен пәкiстан­дық Талибан қозғалысының содырларынан құралған және ауғандықтармен арада үлкен көзқарас қайшылықтары бар.
27 қазан 2016

Қырғызстанда былтыр қараша айында ҚСДП, “Қырғызстан”, “Онугуу-Прогресс” және “Ата Мекен” партиялары жасақтаған парламенттiк коалицияның ұзаққа бармайтыны туралы болжам шындыққа айналды. Бұған конституцияға өзгерiс енгiзу туралы референдум түрткi болды. Нәтижесiнде 24 қазанда парламент коалициясы ыдырап, үкiмет тарады. Қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев үкiметтi отставкаға жiберу туралы жарлыққа қол қойды.

27 қазан 2016

Өткен нөмiрiмiздiң үш бетi бiрдей “Е.Саға­диевтiң сарсаңына” (Министр келмей қойған қоғамдық тыңдау – ред) арналып, дайын мақалалардың өзi түсiп қалып жатқан алашапқын мезетте Б.Смағұлға кейiн соғармыз деп ойлағанбыз. Бiрақ оған оқырман жан таптыратын емес. “Бақытбектiң қылығына қалай қарайсыңдар?”, “Батыр жiгiттiң мұнысы несi?” дейдi бәрi. Онысы несi екенiн тап басып айтпағанмен, тездетiп өз топшыла­уы­мыз­ды бiлдiрмесек, оқырманның көңiлi қо­ңылтақсып қалатындай көрiндi. Иә, сонымен Бақытбектiң бастамасы ненi бiлдiредi? Орашолақ ұсыныстың басқаның емес, Бақыт­бектiң аузымен айтылуында не сыр бар?

20 қазан 2016
Министр журналистерден қашты

Кеше әлеуметтiк желiде Арыстанбек Мұхамедиұлының журналистерден жанұшыра сытылып шыққанын бей­не­лейтiн бейнебаян жарық көрдi. Топ шендiнiң арасында келе жатқан оның басына “мы­на бәлелердiң көзiне көрiнбе­сем екен” деген ой келген тәрiздi. Бiрақ оған мұрсат бе­ретiн тiлшiлер ме, “Қай қызды сот­қа бердiңiз?”, “Қалғандарын да сотқа бересiз бе?” деп шулай жөне­ледi. Жалғыз жауап – “Без комментариев”.

20 қазан 2016
Төрт түрлi жарнама
Әлеуметтi әртүрлi ойға жетелеген бiр мәселеге Дариға Назарбаева нүкте қойғандай болды. Дәлiрек айтсақ, ол өзiнiң электр энер­гиясын үнемдейтiн құрылғыға қатысты жарнамаға еш қатысы жоқ екенiн мәлiмдедi. Алайда сенат депутатының бұл пiкiрiн “нүк­те” емес, “үтiр” деп қабылдайтындар көп. Себебi президенттiң қызы “бұл мәселе­нiң мән-жайын тексеру керек” дейдi. Ал нүкте­нiң әманда қорытынды шыққаннан кейiн қойылатыны белгiлi.
18 қазан 2016
Босаған генерал Астанаға жайғасты
Қасымов – Оспанов тандемiнiң жүрiсi таңғалдырады. Мемлекеттiк төңкерiс жасамақ болған Төлешовтiң соты неге құпия өтiп жатыр? 
Дәл қазiр елдiң назарын аударатын бiрнеше сот отырысы өтiп жатыр. Атырауда жердi қорғап митинг ұйымдастырған батырлар – М.Боқаев пен       Т.Аяновтың соты iс қарауды бастады. Алматыда терроршы Руслан Күлiкбаев­тың соты осы аптада басталды. Мем­ле­кеттiк төңкерiс жасамақ
18 қазан 2016
Қыжыртпа
Бiз жемқорлықты жеңе алмадық. Керiсiнше, жемқорлық бiздi жеңдi. Жеңгенi сол – 2015-2016 жылдар аралығында жеңнен жеңге өткен қаржының жалпы сомасы мил­лиард теңгеден асып кеткен. Бұл – ел аузындағы жел сөз емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы тарат­қан мәлiмет. Және мұндағы миллиард – тек қолға түс­кендердiң уысындағы ақша ғана. Ешқашан ұсталмайтын, қайта оларға қарсылық бiлдiр­гендер­дiң өздерi ұсталып кететiн дөкейлер­­дiң алған-бергенi
13 қазан 2016

Әдетте жасы ұлғайған адамдарға тұмау-сұмау үйiр келедi. Бiрер күн түшкiрiп-пысқырып, ары кетсе, екi-үш күн төсек тартып жатып, содан кейiн орнынан тұрып кету – егде кiсiлер арасында жиi кездесетiн жайт. Бiрақ “Назарбаев сырқат” деген ақпар талайдың үстiне суық су құйып жiбергендей әсер еттi. Оның басты себебi – президенттiң денсаулығына қатысты ресми ақпар алғаш рет айтылып отыр. Екiншiден, Каримовтың кеткенi кеше ғана. Өзбек басшысының топырағы

11 қазан 2016

Алаш Арысы Халел Досмұхамедұлы: “Казачество құрыл­ғаннан бастап қазақ даласы Батыс өлкесiнiң 250 жылдық тарихы қанмен жазылды”, – деп жаз­ған едi. Яғни, казачество құрылған кезден бастап Қазақ мемлекетiне басқыншылық шабуыл жасап келдi. Орыс тарихшысы Рябинин де бұл туралы былай деген: “…Жайық казактарының жалғыз ғана қас жауы болатын – ол қырғыздар (қазақтар-Ә.Ш). Жайық казактары оларға қарсы нағыз қатыгез соғыс жүргiздi”. Тарихшы А.Б.Карповтың да “Уральцы:

11 қазан 2016
АРНАЙЫ ШАҚЫРУ
Құрметтi министр мырза!
 “Үш тұғырлы тiл” бағдарламасы және оның iске асырыла бастауы қоғамда үлкен алаңдау­шылық туғызды. Қалың жұртшылық бұл қазақ мектептерiн түбегейлi жоюға, жеткiншек ұрпақтың мемлекеттiк тiлден қол үзуiне алып келе ме деп қауiптенедi. Әлемнiң кейбiр мемлекеттерiнде осыған ұқсас бағдарламалар қабылданды. Алайда орта бiлiм беру сапасының құлдырауына байланысты олардың барлығы дерлiк мұндай жөнсiз бастамадан бас тартты. Соның бiрi – Оңтүстiк Корея.
11 қазан 2016
Қазақстанда басы дауға жиi шатылатын бiр шендi болса, ол – Арыстанбек Мұхамедиұлы. Жуырда ғана режиссер Талғат Жәнiбеков оны “пара сұрады” деп айыптаған болатын. Белгiлi актер Тұңғышбай Жаманқұлов та А.Мұхамедиұлының Мәдениет министрiне “тән емес” бiрқатар “былықтарын” баспасөз бетiне шығарғаны есiмiзде. Ендi мiне – кезектi айыптау. Өнер академиясының бұрынғы студентi сол кездегi ректорды (А.Мұхамедиұлын) “қырындады”, “қысым көрсеттi” деп жазғырып отыр.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14»