1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Осы күнге дейін көп нәрсе айтылды ғой. Бұл неткен үнсіздік деген сұрақ менің көкейімде әр кез тұрады. Мен күнде таңертең тұрғанда бір жақсы хабар естігім келіп тұрады. «Зәкеңді өлтірген адамдарды тауыпты», я болмаса «сол істі қайта қарауға кірісіпті» дегендей хабарларды естігім келеді. Бірақ, өкінішке қарай, қазір бізде құлақ естімейтін, көз көрмейтін уақыт болып тұр.
Автор: Мақпал Жүнісова, Қазақстанның халық әртісі, әнші
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №23 (16209)   18 наурыз, сенбі 2017
11 қазан 2016
ЖАҢА МИНИСТРЛIК – ЕСКI КӨЗҚАРАС
Өткен аптада, аяқ астынан Қазақстанда жаңа министрлiк құрылды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi деп аталатын жаңа министрлiкке Оңтүстiк Қазақстан облысын басқарған Бейбiт Атамқұлов жетекшiлiк етедi. Ресми хабарлама бойынша, министр­лiкке қорғаныс министрлiгiнiң қарауында болған қор­ғаныс өнеркәсiбi, инвестиция және даму жөнiндегi министрлiктiң құзырындағы ғарыш саласы және экономика министрлiгiне
6 қазан 2016

Егемен елiмiздегi әсiресе, солтүстiк облыстарындағы заңдылығы күмәндi “Орыс – славян және казак ұйымдары қауымдас­тығы” әр жылдарда дүркiн-дүркiн доқ көрсетiп, ұлттар арасына ши жүгiртумен келедi. “Күмәндi” деген сөздi неге ауызға алып отырмын? Орыс-славяндардың этникалық ұлт өкiлдерi ретiнде өздерiнiң мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен тiл, дiлiн дамытып, қастерлеу мақсатында ұлттық мәдени орталықтарын құрып, әрекет етулерi, әрине заңға қайшы емес

4 қазан 2016
Матаевтарға шығарылған үкiм – «Мұрагерлiк» операциясының басталғанын бiлдiре ме?
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаев сот шешiмiмен алты және бес жылға сотталды. Астананың Есiл аудандық № 2 сотының судьясы Ақболат Құрмантаев үкiмдi бас-аяғы 15 минутта оқып шықты. Сот Сейiт­қазы Матаев­қа тағылған “қаржы жымқырды” және “салық төлеуден жалтарды” деген айыптар дәлел­ден­дi деп шештi.
29 қыркүйек 2016
Мұхтар Шаханов: Айқайымыздың тұмсығы тасқа тидi

Сейсенбiде, Парламент үйiнде Жер туралы заң жобасы талқыланды. Оған қоғам өкiлдерi де қатысты. Ж.Дүйсенбин басқарған жұмысшы тобындағы жиында Қазақстанның Халық жазушысы, Түркi әлемi зиялылар одағының төрағасы, Жер комиссиясының мүшесi Мұхтар Шаханов сөз сұрады. Ұлт патриоттарының көшбасшысын сөйлетпеуге қанша тырысса да, айтылуы тиiстi жайттар депутаттар назарына бәрiбiр iлiктi. Ақын сөзiне сiз де көңiл аударыңыз, қадiрлi оқырман.         

27 қыркүйек 2016

Қазақстан парламентiнiң мәжiлiсiнде этиканың бұ­зылмауын қадағалайтын депутаттық этика жөнiндегi кеңес құрылмақ. Бұл туралы жуырда Астанада өткен пленарлық отырыста палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлiмдедi. Сонда бұл кеңес немен айналысады? Немен айналысады дерiңiз бар ма, орталық сайлау комиссиясымен бiрiгiп, депутаттық этиканы бұзған депутаттарға шара қолданумен шұғылданады. Ал шараның түрi қандай? Айыппұл сала ма, мандаттан айыра ма? Иә, әдепте

27 қыркүйек 2016

Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев жуырда фейс­буктегi парақшасында былай деп жазды: “Қымбатты достар! Әсiресе, журналистердiң, байланыс және ақпарат қыз­меткерлерiнi

27 қыркүйек 2016
Пай-пай, Пан Ги Мун, айтасыз-ау сiз де!

Кейде бiреудiң жалпылама айтқан орынды сынын өзгелер бiр-бiрiне сiлтейдi. Ал кейде оған мүмкiндiк болмай қалатын жағдайлар бар. Өйткенi дуалы ауыздан шыққан уәлi сөз тура ондыққа ұрса, сын садағына iлiнгендердiң “бұл – маған емес” деуге дәрменi жетпейдi. Мәселен, жуырда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас ассамблеяның төрiнде тұрып, әлдекiмдердiң iшiн әлем-жәлем еткен әдемi бiр сөз айтты. Оқып көрiңiзшi, Пан мырза мұны кiмге айтты деп ойлайсыз?!

27 қыркүйек 2016

Кейде елеусiздеу айтылған ресми дерек­тердiң өзi төбе құйқаңды шымыр еткiзе­дi. Мәселен, жуырда ғана Астанада босқындарды қорғау және халықаралық көшi-қон жөнiндегi Алматы про­це­сi­нiң жоғары лауазымды қызмет­кер­­ле­рiнiң үшiншi кездесуi өттi. Осы жиында 2016 жылдың 8 айы iшiнде Қазақстанға келген еңбек мигранттарына қатысты есеп-қисап айтылды. Ондағы деректерге үңiлсеңiз, аза бойыңыз қаза болады, орта есеппен алғанда тәулiк сайын елу шақты қытай азаматы шекарадан берi өтедi екен.

22 қыркүйек 2016
Қазақша сөйлейтiн, жұмыс iстейтiн үкiмет керек
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бұрнағы күнi үкiметтiң жаңа құрамымен алғашқы жиынды өткiздi. Бұған дейiн ол президент бекiткен жаңа орынбасары мен министрлердiң басын қосып таныстырып, оларға үйiп-төгiп тапсырма берген едi. Айтпақшы, ол алғашқы жиында-ақ министр­лерге жыл аяғына дейiн шетелге iссапарға шығуға тыйым салған. Мұнысына бiраз жұрт риза болса, ендi бiреулер “айтуға тиiс болған соң айтты да, одан не өзгередi” деп жақтырмаған кейiп танытты.
22 қыркүйек 2016
Жуырда ғана 60-қа толған Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев Түркияда ем қабылдап жатыр. АҚШ-та өтетiн БҰҰ ассамблеясына қатысуға шыққан прези­денттiң жолы болмай, орта жолдан аялдады. Себеп – жүрегi сыр берген. Президент әкiмшiлiгiнiң мәлiметiн­ше, Атамбаев денсаулығына байланысты 1 қазанға дейiн қысқа мер­зiмдi демалыс алыпты. Ал интернетте оны дәрiгерлер ес-түссiз күйде жедел-жәрдем көлiгiне мiн­гiзiп жатқанын нақтылайтын бейнебаян пайда болды. Бiр анығы – қырғыз басшысының Түркияда емделуi алғаш рет емес.
20 қыркүйек 2016
Өткен аптада Бiшкекте ТМД елдерi басшыларының саммитi өттi. Басқосуға мемлекет басшыларымен бiрге Украинаның Қырғызстандағы елшiсi Николай Дорошенко да қатысты. Осы жиында Ресей президентi Владимир Путин мен Николай Дорошенко текетiреске барды. 2017 жылы ТМД саммитiне Ресей төрағалық етедi. Бұл туралы   Бiшкекте өткен ТМД елдерi басшыларының отырысында Қырғызстан президентi Алмазбек
20 қыркүйек 2016
Қарулы күштердегi реформаны керi кетiруге келе сала кiрiстi
Үкiметтегi соңғы ауыс-түйiсте вице-премьерлiктен сенаттағы халықаралық қатынас, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетi жетекшiлiгiне “ұзап” барған Дариға Назарбаева алдымен не iстеме­гiн “беташар” үстiнде айтып салды. – Бүгiнгi таңда ел әскерiндегi қызметкерлер­дiң 80 пайызға жуығы келiсiмшартпен жүргендер. Мен соларды қысқартып, әскерде мамандық алу үшiн мiндеттi шақырумен келетiндер санын көбейткiм келедi.
20 қыркүйек 2016

Қыркүйек айы Орталық Азия елдерi үшiн апалаң-топалаң оқиғалармен есте қалғалы тұр. Бауырлас әзiрбайжан халқы 26 қыркүйек күнi бүкiлхалықтық референдумда дауыс бередi. Бүкiлхалықтық деген аты болмаса, оның бiр адамның мүддесi үшiн ұйымдастырылып жатқаны белгiлi. Ата заңға енгiзiлетiн өзгерiс президенттiң өкiлеттiлiгiн кеңейтiп қана қоймай, жас шектеуiн алып тастауды көздейдi.

16 қыркүйек 2016

Бiр қарағанда, саясаттағы ең ықпалды әйел – Дариға Назарбаеваның жолы болмай жүргендей көрiнедi. Арғысын айтпай-ақ қояйық, Мәжiлiске депутат болып барады да, екi жылдан кейiн вице-спикер атанады. Жұртшылық ендi төрайым болады-ау деп тон пiшкенде үкiметке ауысады. Премьердiң орынтағы – дәл iргесiнде. Қарыс қадам аттаса, үкiмет тiзгiнi уысына түскелi тұр. Сондықтан болар, “Кәрiм кетедi екен” деген әңгiме шыққан сайын жұрт оған “Дариға баратын шығар” деген долбарды қосып айтатын.

15 қыркүйек 2016
Кеше Н.Назарбаев Үкiметтiң жаңа құрамын бекiттi. Жаңа құ­рамы деген аты болмаса, үкi­мет мүшелерi­нiң денi – “ескi”. Жаңарудың жоралғысына жарайтын ауыс-түйiс ретiнде И.Тас­ма­ғам­бетовтiң Б.Сағын­таевқа орынбасар болып барғанын айтуымыз керек. Жаңалықтың көкесi сол – бұл орында бұрын Д.Назарбаева отырған. Ауыс-түйiстен аман қалған К.Мәсiмов үкiме­тiнiң бiр топ министрi өз орындарын сақтап қал­ды. Олар: Ерлан Ыдырысов – ҚР Сыртқы iстер ми­нистрi, Қалмұхамбет Қа­сымов – ҚР Iшкi iстер министрi,
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15»