1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Біздің еліміздегі өз ұлтына қарсы қастандық атаулының бәрі де қазақтың атымен жасалады. Қазақтың келешегі үшін туған жерімізді, ана тілімізді сатамыз, қазақтың келешегі үшін ар-ұятымызды саудаға саламыз, қазақтың келешегі үшін өз бауырларымызды бульдозермен үйлерін талқандап, еңіреп жылап-сықтаған әке-шешемізді, апа-қарындастарымызды “өлмесең өрем қап” деп қарғап, арттарынан бір кесек тас лақтырамыз. Ең қорқыныштысы осы опасыздықтардың бәрі де “Қазақтың келешегі үшін!” деген “ұлы” ұрандардың арқасында жүзеге асырылады.
Автор: Амангелді Кеңшілікұлы, әдебиет сыншысы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
18 қазан 2016
Қыжыртпа
Бiз жемқорлықты жеңе алмадық. Керiсiнше, жемқорлық бiздi жеңдi. Жеңгенi сол – 2015-2016 жылдар аралығында жеңнен жеңге өткен қаржының жалпы сомасы мил­лиард теңгеден асып кеткен. Бұл – ел аузындағы жел сөз емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы тарат­қан мәлiмет. Және мұндағы миллиард – тек қолға түс­кендердiң уысындағы ақша ғана. Ешқашан ұсталмайтын, қайта оларға қарсылық бiлдiр­гендер­дiң өздерi ұсталып кететiн дөкейлер­­дiң алған-бергенi
13 қазан 2016

Әдетте жасы ұлғайған адамдарға тұмау-сұмау үйiр келедi. Бiрер күн түшкiрiп-пысқырып, ары кетсе, екi-үш күн төсек тартып жатып, содан кейiн орнынан тұрып кету – егде кiсiлер арасында жиi кездесетiн жайт. Бiрақ “Назарбаев сырқат” деген ақпар талайдың үстiне суық су құйып жiбергендей әсер еттi. Оның басты себебi – президенттiң денсаулығына қатысты ресми ақпар алғаш рет айтылып отыр. Екiншiден, Каримовтың кеткенi кеше ғана. Өзбек басшысының топырағы

11 қазан 2016

Алаш Арысы Халел Досмұхамедұлы: “Казачество құрыл­ғаннан бастап қазақ даласы Батыс өлкесiнiң 250 жылдық тарихы қанмен жазылды”, – деп жаз­ған едi. Яғни, казачество құрылған кезден бастап Қазақ мемлекетiне басқыншылық шабуыл жасап келдi. Орыс тарихшысы Рябинин де бұл туралы былай деген: “…Жайық казактарының жалғыз ғана қас жауы болатын – ол қырғыздар (қазақтар-Ә.Ш). Жайық казактары оларға қарсы нағыз қатыгез соғыс жүргiздi”. Тарихшы А.Б.Карповтың да “Уральцы:

11 қазан 2016
АРНАЙЫ ШАҚЫРУ
Құрметтi министр мырза!
 “Үш тұғырлы тiл” бағдарламасы және оның iске асырыла бастауы қоғамда үлкен алаңдау­шылық туғызды. Қалың жұртшылық бұл қазақ мектептерiн түбегейлi жоюға, жеткiншек ұрпақтың мемлекеттiк тiлден қол үзуiне алып келе ме деп қауiптенедi. Әлемнiң кейбiр мемлекеттерiнде осыған ұқсас бағдарламалар қабылданды. Алайда орта бiлiм беру сапасының құлдырауына байланысты олардың барлығы дерлiк мұндай жөнсiз бастамадан бас тартты. Соның бiрi – Оңтүстiк Корея.
11 қазан 2016
Қазақстанда басы дауға жиi шатылатын бiр шендi болса, ол – Арыстанбек Мұхамедиұлы. Жуырда ғана режиссер Талғат Жәнiбеков оны “пара сұрады” деп айыптаған болатын. Белгiлi актер Тұңғышбай Жаманқұлов та А.Мұхамедиұлының Мәдениет министрiне “тән емес” бiрқатар “былықтарын” баспасөз бетiне шығарғаны есiмiзде. Ендi мiне – кезектi айыптау. Өнер академиясының бұрынғы студентi сол кездегi ректорды (А.Мұхамедиұлын) “қырындады”, “қысым көрсеттi” деп жазғырып отыр.
11 қазан 2016
ЖАҢА МИНИСТРЛIК – ЕСКI КӨЗҚАРАС
Өткен аптада, аяқ астынан Қазақстанда жаңа министрлiк құрылды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi деп аталатын жаңа министрлiкке Оңтүстiк Қазақстан облысын басқарған Бейбiт Атамқұлов жетекшiлiк етедi. Ресми хабарлама бойынша, министр­лiкке қорғаныс министрлiгiнiң қарауында болған қор­ғаныс өнеркәсiбi, инвестиция және даму жөнiндегi министрлiктiң құзырындағы ғарыш саласы және экономика министрлiгiне
6 қазан 2016

Егемен елiмiздегi әсiресе, солтүстiк облыстарындағы заңдылығы күмәндi “Орыс – славян және казак ұйымдары қауымдас­тығы” әр жылдарда дүркiн-дүркiн доқ көрсетiп, ұлттар арасына ши жүгiртумен келедi. “Күмәндi” деген сөздi неге ауызға алып отырмын? Орыс-славяндардың этникалық ұлт өкiлдерi ретiнде өздерiнiң мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен тiл, дiлiн дамытып, қастерлеу мақсатында ұлттық мәдени орталықтарын құрып, әрекет етулерi, әрине заңға қайшы емес

4 қазан 2016
Матаевтарға шығарылған үкiм – «Мұрагерлiк» операциясының басталғанын бiлдiре ме?
Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаев сот шешiмiмен алты және бес жылға сотталды. Астананың Есiл аудандық № 2 сотының судьясы Ақболат Құрмантаев үкiмдi бас-аяғы 15 минутта оқып шықты. Сот Сейiт­қазы Матаев­қа тағылған “қаржы жымқырды” және “салық төлеуден жалтарды” деген айыптар дәлел­ден­дi деп шештi.
29 қыркүйек 2016
Мұхтар Шаханов: Айқайымыздың тұмсығы тасқа тидi

Сейсенбiде, Парламент үйiнде Жер туралы заң жобасы талқыланды. Оған қоғам өкiлдерi де қатысты. Ж.Дүйсенбин басқарған жұмысшы тобындағы жиында Қазақстанның Халық жазушысы, Түркi әлемi зиялылар одағының төрағасы, Жер комиссиясының мүшесi Мұхтар Шаханов сөз сұрады. Ұлт патриоттарының көшбасшысын сөйлетпеуге қанша тырысса да, айтылуы тиiстi жайттар депутаттар назарына бәрiбiр iлiктi. Ақын сөзiне сiз де көңiл аударыңыз, қадiрлi оқырман.         

27 қыркүйек 2016

Қазақстан парламентiнiң мәжiлiсiнде этиканың бұ­зылмауын қадағалайтын депутаттық этика жөнiндегi кеңес құрылмақ. Бұл туралы жуырда Астанада өткен пленарлық отырыста палата төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлiмдедi. Сонда бұл кеңес немен айналысады? Немен айналысады дерiңiз бар ма, орталық сайлау комиссиясымен бiрiгiп, депутаттық этиканы бұзған депутаттарға шара қолданумен шұғылданады. Ал шараның түрi қандай? Айыппұл сала ма, мандаттан айыра ма? Иә, әдепте

27 қыркүйек 2016

Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев жуырда фейс­буктегi парақшасында былай деп жазды: “Қымбатты достар! Әсiресе, журналистердiң, байланыс және ақпарат қыз­меткерлерiнi

27 қыркүйек 2016
Пай-пай, Пан Ги Мун, айтасыз-ау сiз де!

Кейде бiреудiң жалпылама айтқан орынды сынын өзгелер бiр-бiрiне сiлтейдi. Ал кейде оған мүмкiндiк болмай қалатын жағдайлар бар. Өйткенi дуалы ауыздан шыққан уәлi сөз тура ондыққа ұрса, сын садағына iлiнгендердiң “бұл – маған емес” деуге дәрменi жетпейдi. Мәселен, жуырда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Бас ассамблеяның төрiнде тұрып, әлдекiмдердiң iшiн әлем-жәлем еткен әдемi бiр сөз айтты. Оқып көрiңiзшi, Пан мырза мұны кiмге айтты деп ойлайсыз?!

27 қыркүйек 2016

Кейде елеусiздеу айтылған ресми дерек­тердiң өзi төбе құйқаңды шымыр еткiзе­дi. Мәселен, жуырда ғана Астанада босқындарды қорғау және халықаралық көшi-қон жөнiндегi Алматы про­це­сi­нiң жоғары лауазымды қызмет­кер­­ле­рiнiң үшiншi кездесуi өттi. Осы жиында 2016 жылдың 8 айы iшiнде Қазақстанға келген еңбек мигранттарына қатысты есеп-қисап айтылды. Ондағы деректерге үңiлсеңiз, аза бойыңыз қаза болады, орта есеппен алғанда тәулiк сайын елу шақты қытай азаматы шекарадан берi өтедi екен.

22 қыркүйек 2016
Қазақша сөйлейтiн, жұмыс iстейтiн үкiмет керек
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бұрнағы күнi үкiметтiң жаңа құрамымен алғашқы жиынды өткiздi. Бұған дейiн ол президент бекiткен жаңа орынбасары мен министрлердiң басын қосып таныстырып, оларға үйiп-төгiп тапсырма берген едi. Айтпақшы, ол алғашқы жиында-ақ министр­лерге жыл аяғына дейiн шетелге iссапарға шығуға тыйым салған. Мұнысына бiраз жұрт риза болса, ендi бiреулер “айтуға тиiс болған соң айтты да, одан не өзгередi” деп жақтырмаған кейiп танытты.
22 қыркүйек 2016
Жуырда ғана 60-қа толған Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев Түркияда ем қабылдап жатыр. АҚШ-та өтетiн БҰҰ ассамблеясына қатысуға шыққан прези­денттiң жолы болмай, орта жолдан аялдады. Себеп – жүрегi сыр берген. Президент әкiмшiлiгiнiң мәлiметiн­ше, Атамбаев денсаулығына байланысты 1 қазанға дейiн қысқа мер­зiмдi демалыс алыпты. Ал интернетте оны дәрiгерлер ес-түссiз күйде жедел-жәрдем көлiгiне мiн­гiзiп жатқанын нақтылайтын бейнебаян пайда болды. Бiр анығы – қырғыз басшысының Түркияда емделуi алғаш рет емес.
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16»