1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16236)   22 маусым, бейсенбі 2017
27 қыркүйек 2016

Кейде елеусiздеу айтылған ресми дерек­тердiң өзi төбе құйқаңды шымыр еткiзе­дi. Мәселен, жуырда ғана Астанада босқындарды қорғау және халықаралық көшi-қон жөнiндегi Алматы про­це­сi­нiң жоғары лауазымды қызмет­кер­­ле­рiнiң үшiншi кездесуi өттi. Осы жиында 2016 жылдың 8 айы iшiнде Қазақстанға келген еңбек мигранттарына қатысты есеп-қисап айтылды. Ондағы деректерге үңiлсеңiз, аза бойыңыз қаза болады, орта есеппен алғанда тәулiк сайын елу шақты қытай азаматы шекарадан берi өтедi екен.

22 қыркүйек 2016
Қазақша сөйлейтiн, жұмыс iстейтiн үкiмет керек
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бұрнағы күнi үкiметтiң жаңа құрамымен алғашқы жиынды өткiздi. Бұған дейiн ол президент бекiткен жаңа орынбасары мен министрлердiң басын қосып таныстырып, оларға үйiп-төгiп тапсырма берген едi. Айтпақшы, ол алғашқы жиында-ақ министр­лерге жыл аяғына дейiн шетелге iссапарға шығуға тыйым салған. Мұнысына бiраз жұрт риза болса, ендi бiреулер “айтуға тиiс болған соң айтты да, одан не өзгередi” деп жақтырмаған кейiп танытты.
22 қыркүйек 2016
Жуырда ғана 60-қа толған Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев Түркияда ем қабылдап жатыр. АҚШ-та өтетiн БҰҰ ассамблеясына қатысуға шыққан прези­денттiң жолы болмай, орта жолдан аялдады. Себеп – жүрегi сыр берген. Президент әкiмшiлiгiнiң мәлiметiн­ше, Атамбаев денсаулығына байланысты 1 қазанға дейiн қысқа мер­зiмдi демалыс алыпты. Ал интернетте оны дәрiгерлер ес-түссiз күйде жедел-жәрдем көлiгiне мiн­гiзiп жатқанын нақтылайтын бейнебаян пайда болды. Бiр анығы – қырғыз басшысының Түркияда емделуi алғаш рет емес.
20 қыркүйек 2016
Өткен аптада Бiшкекте ТМД елдерi басшыларының саммитi өттi. Басқосуға мемлекет басшыларымен бiрге Украинаның Қырғызстандағы елшiсi Николай Дорошенко да қатысты. Осы жиында Ресей президентi Владимир Путин мен Николай Дорошенко текетiреске барды. 2017 жылы ТМД саммитiне Ресей төрағалық етедi. Бұл туралы   Бiшкекте өткен ТМД елдерi басшыларының отырысында Қырғызстан президентi Алмазбек
20 қыркүйек 2016
Қарулы күштердегi реформаны керi кетiруге келе сала кiрiстi
Үкiметтегi соңғы ауыс-түйiсте вице-премьерлiктен сенаттағы халықаралық қатынас, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетi жетекшiлiгiне “ұзап” барған Дариға Назарбаева алдымен не iстеме­гiн “беташар” үстiнде айтып салды. – Бүгiнгi таңда ел әскерiндегi қызметкерлер­дiң 80 пайызға жуығы келiсiмшартпен жүргендер. Мен соларды қысқартып, әскерде мамандық алу үшiн мiндеттi шақырумен келетiндер санын көбейткiм келедi.
20 қыркүйек 2016

Қыркүйек айы Орталық Азия елдерi үшiн апалаң-топалаң оқиғалармен есте қалғалы тұр. Бауырлас әзiрбайжан халқы 26 қыркүйек күнi бүкiлхалықтық референдумда дауыс бередi. Бүкiлхалықтық деген аты болмаса, оның бiр адамның мүддесi үшiн ұйымдастырылып жатқаны белгiлi. Ата заңға енгiзiлетiн өзгерiс президенттiң өкiлеттiлiгiн кеңейтiп қана қоймай, жас шектеуiн алып тастауды көздейдi.

16 қыркүйек 2016

Бiр қарағанда, саясаттағы ең ықпалды әйел – Дариға Назарбаеваның жолы болмай жүргендей көрiнедi. Арғысын айтпай-ақ қояйық, Мәжiлiске депутат болып барады да, екi жылдан кейiн вице-спикер атанады. Жұртшылық ендi төрайым болады-ау деп тон пiшкенде үкiметке ауысады. Премьердiң орынтағы – дәл iргесiнде. Қарыс қадам аттаса, үкiмет тiзгiнi уысына түскелi тұр. Сондықтан болар, “Кәрiм кетедi екен” деген әңгiме шыққан сайын жұрт оған “Дариға баратын шығар” деген долбарды қосып айтатын.

15 қыркүйек 2016
Кеше Н.Назарбаев Үкiметтiң жаңа құрамын бекiттi. Жаңа құ­рамы деген аты болмаса, үкi­мет мүшелерi­нiң денi – “ескi”. Жаңарудың жоралғысына жарайтын ауыс-түйiс ретiнде И.Тас­ма­ғам­бетовтiң Б.Сағын­таевқа орынбасар болып барғанын айтуымыз керек. Жаңалықтың көкесi сол – бұл орында бұрын Д.Назарбаева отырған. Ауыс-түйiстен аман қалған К.Мәсiмов үкiме­тiнiң бiр топ министрi өз орындарын сақтап қал­ды. Олар: Ерлан Ыдырысов – ҚР Сыртқы iстер ми­нистрi, Қалмұхамбет Қа­сымов – ҚР Iшкi iстер министрi,
15 қыркүйек 2016
Тәуелсiз Қазақстанның тарихында әзiрге жалғыз өзi екi мәрте үкiмет басқарған және премьер-министр қызметiнде ең ұзақ отырған Кәрiм Мәсiмовтiң премьер­лiктен кететiнi туралы сыбыс көптен берi жүргендiктен, оның үкiмет­басы орынтағын босатып бергенi көпшiлiктi де, сарапшыларды да аса таңғалдырмады. Есесiне, президент Н.Назарбаевтың оны ҰҚК төрағасы етiп тағайындағаны талайдың таңдайын қақтырды.
8 қыркүйек 2016
НАЗ-51

Одақ құлағанша ес бiлiп, етек жауып үлгергендер ГАЗ-51 деген жүк көлiгiн жақсы бiлуi тиiс. Жарықтық, пыртылдап тоқтамайтын едi ғой. Одан кейiн шыққан ГАЗ-53 пен ЗИЛ өкiре ышқынып, батпаққа батып жатқанда ГАЗ-51 тасбақа аяңмен қасынан өте шығатын. Осы қасиетiнен шығар, ғұмыры да ұзақ болды. Қазақстанға Қытайдан 51 компания көшiрi­ледi екен деген ақпарды естiгенде, ойымызға осы автокөлiктiң сап ете қалғаны.

8 қыркүйек 2016
Алтекең айтқан «азапты дилемма» жақындап келедi
2006 жылы ақпан айының басында Алтынбек Сәрсенбайұлы “Время” газетiне сұх­бат бердi. Сұхбаты “Бiз қайда бара жатырмыз?” (“Куда мы идем?”) деп аталады. 2005 жылғы “кезектен тыс президент сайлауынан” кейiнгi сұхбат болғандықтан, билiктiң қорқаулығы мен азаматтық қоғамның әлжуаздығы баса сөз болады. 2006 жылдың 11 ақпанындағы “Ұлттық қасiрет күнiнен” кейiн белдi басылымдардың бiрқа­тары “Алтынбек Сәрсенбайұлының соңғы сұхбаты” деген кө­ңiлсiз айдармен сая­саткердiң ой-толғамдарын жариялап жатты
6 қыркүйек 2016
Алтынбек соқпағымен
Алаштың бүгiнгi замандағы ардақтысы атанған Алтынбек Сәрсенбайұлының сөзi мен iсi отандастарының жадында. Оны туған күнi қарсаңында ғана емес, әр кезде еске алып, қастерлейтiн халқы бар. Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мемлекет және қоғам қайраткерi, саясаткер А.Сәрсенбайұлының жаяу жүрiп өткен тау жолымен сапарға шығамыз.  Құрметтi халайық, әрiптестер, достар! 10 қыркүйек, сенбi күнi Алатау бөктерiндегi “Алтынбек соқпағымен” жүруге баршаңызды шақырамыз!
6 қыркүйек 2016
Путин «бөтен» болғанша...
Ресей президентi В.Путин 2018 жылы өтетiн президент сайлауына қатысуға қатысты әлi шешiм қабылдамаған. Ол Bloomberg тiлшiсiне берген сұхбатында осылай дейдi.“Қазiргi жағдайда бұл туралы айту ерте. Жұмыс iстеу керек, алдымызға қойған мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыру керек. Халықтың өмiр сүру деңгейiн жақсартып, әлеуметтiк-экономикалық жағдайдың дамуына үлес қосып, елдiң қорғаныс қабiлетiн арттыру қажет.
6 қыркүйек 2016

Соңғы сапарға Самарқаннан аттанған өзбек көшбасшысының жерлеу рәсiмiне оның кiндiгiнен тараған екi қызының бiреуi келе алмады. Бәлкiм, келгiсi келген жоқ. Әйтеуiр әлемдiк БАҚ қара жа­мыл­ған қайғылы топтың арасынан Гүлнара Каримованы таба алмады. Есесiне оның әкесiне арнаған әнi интернеттi кезiп жүр. Естiген адамның сай-сүйегiн сырқыратады деуге келмейтiн де шығар, бiрақ әуезiнде адам жанын тебiрентетiн сиқырлы саз бар.

1 қыркүйек 2016
Қоғамдық санада төңкерiс жасағаны үшiн айыпталады

Өткен аптада, 26 тамызда атыраулық құқық қорғаушылар Макс Боқаев пен Талғат Аянның қамаудағы мерзiмi тағы бiр айға ұзартылды. Жер саудасына қарсы Атырау­да өткен ең алғашқы митингiнi ұйымдастырушылардың бiрi болған қоғам белсендiлерiне көпе-көрiнеу дәлелсiз айып таққан билiктiң оларды босата қоятынына сенбеген көпшiлiктiң күдiгi расқа шықты. Бiрақ, уақыт өткен сайын бұл азаматтардың абақтыда әдiлетсiз отырғанына наразы топтың қатары өсiп келедi.  

беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18»