1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қартаюға қарсы, яғни жасартатын, мәңгілік өмір сүруге мүмкіндік беретін – дәрі-дәрмектер ойлап табу керек. Міне, қазіргі ғалымдар әлемде осындай шаруалармен айналысып жатыр.
Қазақстан ғалымдармен кездесуінде айтқан ұсынысынан. 04.09.09
Автор: Н.Назарбаев, ҚР президенті
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №34 (16220)   29 сәуір, сенбі 2017
12 шілде 2016
Ағылшын тiлiн үйренудiң саяси астары бар

“Үш тұғырлы тiл” бағдарламасы елде қызу талқыға түсiп, қоғам мен билiк арасындағы кезектi тартысқа айналды. Билiк “үш тiлде бiлiм беру – қажеттiлiк” десе, бiрқатар қоғам қайраткерлерi “бұл – ұлтты жоюға бастайтын жоба” деп Ақорданы айыптауда. Қоғамда билiкке деген сенiм жоғалды. Сол себептi, халық мемлекеттiк тiл тағдырын Ақордадағы ат төбелiндей топқа сенiп тапсыра алмайды.

12 шілде 2016
Тәуелсiз баспасөзге қауiп төндi
КЕЗЕКТЕ – “ТРИБУНА” АПТАЛЫҒЫ
Тәуелсiз басылымды жабудың кезектi нау­қаны басталды. 7 шiлде күнi Алматының Медеу аудандық соты “Алматыжарнама” компаниясының директоры Сыздықовтың “Трибуна” газетiне қарсы берген арыз-шағымын қарауды бастады. 2013 жылы 23 миллион теңге жымқырды деп айыпталған шенеунiк тәуелсiз газеттi өзiн “жемқор” деп атағаны үшiн сотқа сүйреп, 15 миллион теңге талап етiп отыр.
12 шілде 2016

Қазақстанда шендi-шекпендiлер жаппай үн қосатын бiр мереке болса, ол – Астананың тойы. Себебi қала тойының қалтарысында президенттiң туған күнi бұғып жатыр. Сондықтан негiзгi ырду-дырду Астанада өткенiмен, оған елiмiздiң әр аймағы хал-қадiрiнше қатысады. Ұйымдастыратындар – аймақ басшысынан бастап ауыл әкiмiне дейiнгiлер. “Астана күнiне орай” деген желеудiң астарында “көрiнiп қа­лу”, “назарға iлiгу” ниетi жататынын да аңға­ру қиын емес. Тек сол дүниелердiң кейбiрi адамның күлкiсiн келтiрiп, жұрттың жиiркенiшiн тудыратыны жаман.

7 шілде 2016

Кiм не десе, о де­сiн, Әсет Исекешев Астанаға қыдыр боп дарыды. Әйтпесе кiм келiп, кiм кетпеген Астана бұл?! Сол әкiмдердiң қайсысы халық санын еселеп арттыруға үлес қоса алып едi? Ешбiрi де! Ал Исекешев қала тiзгiнiн қолына алғанына екi апта толмай жатып, астаналықтарды 1 миллионға жеткiздi. Ендi осы көбейгенiмiз көбейген. Құдай қаласа, шiлде туған сайын Астана жұрты миллиондап арта бередi. Нұрекең тоқсанға толғанда тiптi қазақтың саны 100 миллионға жетуi де мүмкiн.

1 шілде 2016
ШЕНЕУНIКТЕРДIҢ ҚАЛАЙ КИIНГЕНI МЕН ҚАНДАЙ КӨЛIККЕ МIНГЕНI ЕШТЕҢЕНI ДЕ ШЕШЕ АЛМАЙДЫ
Қазақстанның бюро­краттық аппаратында әлсiн-әлсiн шенеунiк­тердiң этикалық беделiн көтерумен ауыратын әдет бар. “Мәңгiлiк Ел” құрылысшыларының моральдық қасиеттерiне қатысты жанашырлықтың асқынғаны соншалық, ол созылмалы түрге ие болды.  Естерiңiзде болса, бiрнеше жыл бұрын “Нұр Отан” партиясы Қазақстандағы барлық мемлекет­тiк қызметкердiң өңiрiне “Мен жем­қорлыққа қарсымын
28 маусым 2016
БIР ОРНЫНДА ЖҮГIРУ НЕМЕСЕ МӘСIМОВШЕ МӘСЕЛЕ ШЕШУ
Соңғы кездерi Қазақстанның премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов тым белсендi. Теледидарда елбасының алдында мұртын сылап отыратын сырбаз премьер бiраздан берi iргедегi парламент қабырғасына келмек түгiлi, кабинетiнен қарға адым шықпай қалған. Нөмiр сайын Мәсiмовке iздеу салатын “Жас Алаш” секiлдi, өз­ге басылымдар да “Мәсiмов қайда?” деген сыңайдағы мақала басуды әдетке айналдыра бастап едi. Елдi шулатпайын дедi ме, әлде шықпасаң болмайды деген бұйрық түстi ме, кiм бiлсiн, ұйқылы-ояу жүрген, керенау мiнез жандай әсер қалдыратын адам аяқасты қайрат­керлiгi тасып, осы айда үш облыс­қа барып рекорд жасады. Алдымен премьер-министр атыс-шабысының басыл­ғанына небәрi он-ақ күн өткенiнен қорық­пас­тан Ақтөбеге барды.
23 маусым 2016
Қазақ билiгiндегi шендiлер ерке баланың қолындағы ойыншық секiлдi. Қайсысын қайда қою – иесiнiң еркiнде. Қажетiне жаратып, қызықтай тұрам десе де, тозығы жеттiге санап, торкөз жәшiкке атып ұрам десе де, өзi бiледi. Бұл жолы салдырлата шашып жiберiп, қайта жинағанда “ойыншықтарының” саны түгел шықты. Тек кейбi­реуiнiң орны ауысып кеткенi ғана болмаса. Опыр-топыр ауысқан ақ жағалылардың алдында Нұр­лан Нығматуллин тұрғанын баса айтқан ләзiм. Ал­ға­шында бұл жаңалықты естi­ген жұрт бiршама уақыт аңтарылып қалды
21 маусым 2016

“Демократиялық ел” болғаннан кейiн президенттiң ауысып тұрғаны жөн. Әйтпесе бiр адамның таққа жабысып алғаны қай жақсылық дейсiз?! Ал егер ауыспаса ше? Онда қызық үшiн ауызша “ауыстырып” тұруға тура келедi. Қазақ басшысы Ресейдегi сапарында осыған келiңкiрейтiн бiр тосын пiкiр айтты. Негiзi оны қойылған сауалдың жауабы есебiнде жеткiздi. Өкiнiшке қарай, CNN жүргiзушiсi тәп-тәуiр әңгiменi өрбiтiп әкете алған жоқ. Әттең, “Әп-бәрекелдi! 3 қызыңыз болса, бәйбiшеңiз жұмаққа барады екен. Ал ендi сол үшеудiң қайсысының президент болуға құлқы бар?” деп қойса, Нұрекең шешiлiп сала беруi мүмкiн едi.

16 маусым 2016

Ешқандай заңмен тыйым салынбаған, халықаралық келiсiмшарттар аясынан тыс қалған, нақтырақ айтқанда, көзге көрiнбейтiн, бiрақ ең қауiптi әрекет – ақпараттық шабуыл. Ол қай кезде де тоқтаусыз жүрiп отырады, тек жұрт оны байқай бермейдi. Ақпараттық шабуылдың көмегiмен кез келген елдiң iшкi жүйесiне килiгiп, қанды қырғынсыз-ақ жаулап алуға болады. Сарапшылардың пiкiрiнше, бәрi ақпараттық тәуелсiздiк шебiн бұзудан басталады.

16 маусым 2016
Кеше Мәжiлiсте жердi сатуды және жалға берудi тоқтататын заң жобасы мақұлданды. Бұл туралы вице-премьер – ауыл шаруашылығы министрi ­Асқар Мырзахметов мәлiм­дедi. Ол өз сөзiнде “ҚР Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының жұмысын тоқтату туралы және 2015 жылдың 2 қарашасынан ҚР Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы” заң жобасын жасауға президенттiң 2016 жылдың 6 мамырындағы “
16 маусым 2016
Мырзахметовтiң жылжуы ауыс-түйiстiң басы ма?

Ауыл шаруашылығы министрi Асқар Мырзахметов бiр саты жоғары жылжып, Мәсiмовтiң iргесiне келiп тоқтады. Мұны осы аптаның ең үлкен жаңалығы десек те болатын шығар. Өйткенi бүкiл ел назары тегiс ауған Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысына жетекшiлiк ету мiндетi де Мырзахметовке жүктелдi. Оның үстiне қолына алғанына бiр айдан ендi ғана асқан аграрлық саланың ауы мен бауы әлi уысында.

14 маусым 2016
БIРIНШIСI ЕКIНШIСIН ҚАРЖЫЛАНДЫРДЫ ДЕГЕН РЕСМИ АҚПАРАТТАРҒА СЕНЕ АЛАМЫЗ БА?
Көпшiлiктiң көңiлiне күдiк ұялатқан ақпараттың анық-қанығын бiлу үшiн бiз 21 мамырдағы жалпықазақстандық бейбiт жиын-митингiнi ұйымдастырмақ болған белгiлi қоғамдық белсендiлерге мынадай төрт сауал жолдадық:
14 маусым 2016
Америка – Қазақстанның досы, жауы емес
АҚШ-тың Қазақстандағы елшiсi Джордж Крол мырзаға Ашық хат
Құрметтi елшi мырза!
Бiрқатар мемлекеттiк БАҚ Қазақстан мен Америка достық қарым-қатынасына ашық ақпараттық шабуыл жасауда. Билiктiң тiкелей рұқсатымен, Алматыда банк борышкерлерi АҚШ консулдығының алдында “президенттi” қолдау акциясын өткiздi. Жердi жалға беруге қарсы өткен бейбiт жиын қатысушыларына 150 доллардан төлендi, митингiлердiң артында АҚШ Мемлекеттiк де­партаментi тұр деген жалған ақпарат та таратылды.
14 маусым 2016

“Новая газета” (Ресей) өзiнiң соңғы нөмiрiнде Қазақстан билiгiнiң “жер мәселесiне байланысты митингiлердi Тоқтар Төлешов қаржыландырды” дегенiмен мүлде келiспейдi. “Жасыратын ештеңе жоқ, Оңтүстiк Қазақстан мен Батыс Қазақстанның адамдарының болмыс-бiтiмдерi де, мiнездерi де, түсiнiктерi де сәйкесе бермейдi. Оның үстiне бұл өңiрлердегi кландық құрылымдар да әртүрлi, әртектi.

9 маусым 2016
Күнi кеше ғана ресейлiк Рен ТВ арнасының “Военная тайна” бағдарламасы қазақ патриоттарына күйе жаққан хабар таратты. Ондағы айтылған пiкiрлерге жүгiн­сек, Қазақстанда бүгiнде Ресейге қарсы саясат өрiс алып тұр екен-мыс. Ал жер мәселесiне байланысты осыдан бiр ай бұрынғы жиындардың астарында – Украинадағы сияқты “Майдан” ашу ниетi бар және оның артында батыстық күштер тұрған көрiнедi. “
беттер:«1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11 / 12 / 13 / 14 / 15 / 16 / 17 / 18 / 19»