1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақтың жауы – қазақ» деп шулап келеміз. Неміс екіге бөлінгенде «Немістің жауы – неміс» деп ешкім айтқан жоқ, Корея екіге бөлініп соғысқанда, әлі де екі бөлініп отыр, «кәрістің жауы – кәріс» деп ешкім айтқан жоқ, Вьетнам қақ жарылып қақтығысқанда «вьетнамның жауы – вьетнам» деп ешкім айтқан жоқ.  «Адам – адамға қасқыр» деген жалпылама айтылатын сөз болғанмен, дүние жүзінде ондай нәрсе жоқ. Ал «қазақ – қазаққа жау» деп ұран көтеретіндей не басымызға күн туды?
Автор: Мұхтар Мағауин, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №83 (16269) 17 қазан, сейсенбі 2017
25 қазан 2016

Соңғы бiр жылда алғаш өткен “Норман төрттiгiнiң” Берлиндегi келiссөздерi айтарлықтай нәтиже әкелмедi. Украинаның оңтүстiк-шығысындағы қарулы қақтығысты ауыздықтауға қатысты бiрде-бiр құжатқа қол қойылмады. Украина, Ресей, Франция және Германия басшылары тек бұрын қол қойылған, қақтығысты тоқтату мен бiтiмге келудi көздейтiн Минск келiсiмiн қалпына келтiру секiлдi мақсатты көздейтiн “жол картасын” әзiрлеуге келiстi.

6 қазан 2016

Сирия төңiрегiндегi дау-дамайда АҚШ пен Ресейдiң ара қатынасы тығырыққа тiреле бастады. Аймақтағы жағдайды реттеуде Құрама Штаттар Ресей Федерациясымен арадағы байланысты үздi. Анығында, үшiншi қазан күнi Вашинг­тон Сириядағы жағдайды реттеуде Мәскеумен арадағы екiжақты келiсiмдердi тоқтатты. “Сирия бойынша келiсiмдер тұрғысынан алып қарағанда АҚШ пен Ресейге одан әрi талқылайтын дәнеңе қалған жоқ. Бұл Сирия халқы үшiн өте қайғылы жағдай”,

4 қазан 2016

Халықаралық тергеу тобы 2014 жылдың шiлде­сiнде Донбасста құлаған малайзиялық Boeing ұшағын Украинаға Ресейден әкелiнген, кейiн керi әке­тiлген “Бук” зымыран кешенi атып түсiрдi деген қорытынды жасады. Комиссияның есебi “аралық” деп аталса да, шын мәнiнде бұл түпкiлiктi тұжырым. Ресей аяқастынан өзiн ақтап алатын жаңа “бұлтартпас дәйектер” тапса да, ол айғақтары тергеушiлер­дiң шешiмiн өзгерте алмасы, яғни халықаралық қауымдастықтың бұдан басқа нұсқаны қарастырмасы анық.

27 қыркүйек 2016
Қыркүйектiң 26-сы күнi Әзiрбайжан президентi Ильхам Әлиев пен оның отбасының арманы орындалып, билiк көкке көтерiп мақтаған, оппозиция жерге ұрып сынаған референдум өттi. Осы елдi сырттай бақылап жүрген шетелдiк сарапшылар Әзербайжанда көп ұзамай билiк үшiн қақтығыс-тартыстарға жол ашылатынын болжайды.
30 тамыз 2016
Қырғызстанда Мәскеудегi өрттен 14 адамның және Бiшкек-Ош тас жолындағы көлiк апатынан 9 адамның қаза болуына байланысты 29 тамыз қаралы күн ретiнде жарияланды. Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев Мәскеуде болған қайғылы жағдайға қатысты: “Бұл - Қырғызстан халқы үшiн орны толмас ауыр қайғы. Мемлекеттiк органдар құрбан
23 тамыз 2016

25 жыл бұрын, 1991 жылдың 19 тамызында кеңестiк билiктегi бiр топ адам КСРО президентi Михаил Горбачевтiң Кеңес Одағын тәуелсiз мемлекеттердiң федерациясына айналдыру жоспарын жүзеге асыруға кедергi жасамақ болды. Iс жүзiнде, “Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң” мүшелерi қызыл империяның ыдырауын өз қолдарымен жеделдетiп жiбергендерiн ол кезде түсiнбедi.  

18 тамыз 2016

Осы аптаның басында Ресейдiң Ту-22М3 және Су-34 бомбалаушы ұшақтары Сирия аумағын тұңғыш рет Иранның Хамадан әскери әуежайы­нан ұшып шығып бомбалады. Ресейдiң қорғаныс министрлiгi Иран Ислам республикасындағы Хамадан әскери әуежайында барынша бомба толтырылған ауыр ұшақтарының Сирияның Алеппо, Дейр-эз-Зор және Идлиб провинцияларындағы “Ислам мемлекетi” мен “Джебхат ан-Нусра” террорлық ұйымдарының шептерiн шабуылдағанын мәлiмдедi.

19 шілде 2016
Өткен жексенбiде Арменияда патрульдi полицияның полкiне шабуыл жасалып, полиция бөлiмшесiн басып алғандар бiрнеше адамды кепiлге ұстады. Шабуыл кезiнде бiр адам өлiп, төрт адамның жараланғаны туралы дерек бар. Полиция бөлiмшесiн басып алғандар бiрқатар саяси талаптар қойды. Армениядағы жағдайды Түркия­дағы оқиғалардың сарынымен мемлекеттiк төңкерiс ретiнде бағалағысы келетiндер көп. Бiрақ түрiк жерiндегi оқиғалардан айырмашылығы
19 шілде 2016
Бiр қарағанда, Түркиядағы әскери төңкерiс жасау әрекетi бұған дейiнгi әскердiң елдегi жағдайға араласуынан еш айырмашылығы жоқ секiлдi көрiне­дi. Бiрақ бұл төңкерiс бұрынғыларға мүлдем ұқсамайды және сонысымен де саяси сарапшыларды былай қойғанда, түрiк халқының өзi үшiн де түсiнiксiз болып тұр. Түрiк армиясы Османлы империясының жұртында Түрiк Республикасының негiзiн қалаған Мұстафа Кемаль Ататүрiктiң кезiнен бастап зайырлы әрi демократиялық мемлекеттiң қорғаушысы саналады.
12 шілде 2016

НАТО әскери ұйымының кезектi саммитi дәл қазiргi жағдайда Польша астанасында өткенi тарихи мысқыл iспеттi. Өйткенi осыдан 61 жыл бұрын осы елдiң бас қаласында Кеңес Одағының жетекшiлiгiмен социалистiк лагерьге кiрген елдердiң әскери одағы – “Варшава шарты” пайда болған едi. Ал бүгiнде Польша НАТО-ның ең белсендi мүшесi әрi Ресейдiң ұйым аясындағы бiтiспес қарсыласы.

5 шілде 2016
Үйренсек – қырғыздан үйренейiк

Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекетаралық дау туғыза жаздаған ұшқары пiкiрiн бiз ұмыта бастағанымызбен, айыр қалпақты ағайындарымыз ұмытпапты. Осыдан бiрер күн бұрын мектеп бiтiрушiлерге алтын сертификаттарды тапсырып тұрып, қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев қазақ шенеу­нiгiн жанама түрде болса да бiр түйреп өттi.

28 маусым 2016
«Тәуелсiздiк алған күн»
Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуын қалаған Brexit жақтау­шылары 24 маусымды тәуелсiздiк алған күн деп қабылдаса, интеграцияны қолдаушылар қайта референдум өткiзуге үндейтiн петицияға қол жинауға кiрiстi. Әзiрге оған 3 миллионнан астам адам қол қойды. Қалай болғанда да бұл референдум елдегi өзгерiстердi халық жасайтынын, ал мемлекеттi басқарушылар өз iстерi үшiн саяси жауапкершiлiк арқалайтынын көрсеттi. Ұлыбританияға сәуiр айының ортасында аяқ басқан едiк. Содан берi әр жерде референдум­ға қатысты қызу пiкiрталас пен ойталқы ұйымдастырылатын, үлкен саяси шешiмге дайындық науқанының лебi сезiлетiн.
23 маусым 2016
ТАСЫҒАН ӨЗЕНДЕРДIҢ ЗАРДАБЫ ҮЛКЕН
Апат айтып келмейдi. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр өлкесiндегi қазақтар молынан мекен ететiн Алтай және Iле-Қазақ аймақтарында толассыз жауған нөсерден өзен тасып, тасқын судан бiрнеше ауданда адам өлiп, мал шығыны болды. Алтай аймағының Шiңгiл ауданында тұратын этникалық қазақ Қанатбек Байтоллаұлының “Азаттыққа” берген сұхбатына қарағанда, маусымның 17-18-i күндерi жауған жаңбыр Үлкен Шiңгiл өзенiндегi тоспаны бұзып
21 маусым 2016
Путиндi сотқа бердi

2 жыл бұрын Украинаның Донецк облысында құлаған малайзиялық ұшақ жолаушыларының туыстары Ресей мен оның пре­зидентi В.Путиндi Еуропалық адам құқықтары жөнiндегi сотқа бердi. Австралиялық LHD заң­герлiк компаниясы арқылы берiлген шағымның иелерi MH17 рейсiмен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан ұшақтың апатына Ресейдi кiнәлi деп санайды. Шағымға қаза тапқандардың ең жақын 33 туысы қол қойған, олардың 24-i Малайзия азаматтары,

31 мамыр 2016
САВЧЕНКО САЯСАТ МАЙДАНЫНА ШЫҚТЫ
Табаны туған жерiне тиiсiмен Надежда Савченко Украинадағы ең танымал саясаткерге айналды. 2 жыл бойы Ресейде тұтқында болған оның әуежайдағы алғашқы мәлiмдемелерi ұшқыш қыздың елдегi саясатқа жаңа леп әкелетiнiн сездiрткендей болды.
беттер:1 / 2 / 3 / 4 / 5 / 6 / 7 / 8 / 9 / 10 / 11»