1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Сталин ашқан Академия тәуелсіздікке қол жеткен кезде жабылды. Қазақ Үкіметі оның жабылуына айдың күннің аманында жол берді. Бұл – біздің саяси жүйенің қателігі. Бұл – факт.  Сөйтіп, 70 жылдан астам тарихы бар Қазақ Академиясының құны бар-жоғы 500 доллар болып шыға келді. Оның бағасын Үкімет те, академиктер де солай деп бағалады.
Автор: Асқар Жұмаділдаев, Профессор, физика-математика ғылымдарының докторы
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №49 (19131) 21 маусым, сейсенбі 2016
21 маусым 2016
Путиндi сотқа бердi

2 жыл бұрын Украинаның Донецк облысында құлаған малайзиялық ұшақ жолаушыларының туыстары Ресей мен оның пре­зидентi В.Путиндi Еуропалық адам құқықтары жөнiндегi сотқа бердi. Австралиялық LHD заң­герлiк компаниясы арқылы берiлген шағымның иелерi MH17 рейсiмен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшқан ұшақтың апатына Ресейдi кiнәлi деп санайды. Шағымға қаза тапқандардың ең жақын 33 туысы қол қойған, олардың 24-i Малайзия азаматтары, 8-i Австралияда және 1 адам Жаңа Зеландияда тұрады. Жәбiрленушiлер Путиннен өтемақы есебiнде 330 млн доллар талап етуде. Демек, марқұмдардың жақындары ұшақты Путиннiң бұйрығымен Ресей әскерi атып түсiрдi дегенге еш шүбә келтiр­мейдi. 

Malaysia Airlines әуе компаниясының Боинг ұшағы 2017 жылы 17 шiлдеде сепаратистер құрған ДХР аумағында атып түсiрiлдi. Ұшақтағы 298 адамның бәрi қаза тапты. О баста ресейлiк ақпарат құралдары сүйiншi сұрағандай “халық жасағының” Донбасста украиндық Ан-26 ұшағын атып түсiргенi туралы хабарлаған. Кейiнiрек Кремльге жақын ақпарат құралдары украин әскери­лерiнiң “Владимир Путин мiнген ұшақты құлатпақ болғаны” жайлы ақпарат таратты. Iле-шала Ре­сейдi қаралау үшiн малайзиялық ұшақты әдейi өздерi атып құлатты деп украиндарды айыптады.
   Бiрақ уақыт өте шындықтың бетi ашылып келедi. Ұшақтың “Бук” зениттi зымыранды кешен атып түсiргенi туралы жорамалды 2015 жылдың қазанында Нидерландының ресми тергеу орындары қуаттады. Мұны ести сала путиншiл медиаресурстар ұшақты украинның әскери бөлiм­дерiнен ұрланған “Буктан” әл­декiмдер атып түсiруi мүмкiн деп тон пiштi. Бiрақ Bellingcat зерттеу тобының мамандары малайзиялық ұшақты атып түсiрген “Буктың” айыру белгiлерiн зерттей келе, оның РФ қарулы күш­терiнiң 53-iншi зениттi-зымыранды бригадасына тиесiлi екенiн көрсетiп бердi. Олар тiптi Курск қаласындағы бригаданың меншi­гiнде делiнген кешеннiң “332” дейтiн дербес нөмiрiн де анықтады. Және дәл осы нөмiрмен белгiленген “Буктiң” апат алдында MH17 рейстi ұшағын құлатқан зымыран ұшырылған ауданға бет алғанын да жария еттi.
Кремльдiң иесi қылмысы ашылып қалған соң, Киселев сияқты сарай тотықұстарының аузымен “украинның әскери бөлiм­дерiнен ұрлап әкеткен зениттi кешенмен ұшақты атып түсiрген “халық жасағын” қылмыскер” ете салды. Бiрақ “Бук” қойынға тығып ұрлап әкететiн автомат немесе граната емес. Мұндай кешендi көшеде жүргендер басқара алмайды. Оны торғай ататын ашатаяқ немесе «ИГЛА» iспеттi көтерiп жүретiн граната атқыш дейсiз бе?
“Бук” ЗЗК кемiнде тек әскери оқу орнын тәмамдаған 4 бiрдей маман басқара алатынын ескерсек, кiнәсiз 298 адамның өлiмiне Путиннiң қатысы жоқ деуге сену қиын. Ұшақ апатының себеп-салдарын зерттеп жатқан халықаралық тергеу тобы күзде Боинг ұшағын атып құлатқан қару жайлы қосымша деректердi жариялайтынын хабарласымен, олардың компьютерлерiндегi мәлi­мет­тердi ресейлiк хакерлердiң ұрламақ болғаны да тегiн емес. В.Путиннiң осыдан кейiн шұғыл түрде Малайзияның премьер-министрiмен кездесуi де оның жанұшыра қимылдай бастағанын көрсетедi. Екiжақты келiссөз­дерден соң, премьер-министр Наджиб Разак ұшақ апаты туралы алдын ала болжамдар жасамауға шақырып қана қоймай, апаттың себеп-салдарын зерт­тейтiн топқа ресейлiк сарапшыларды қосуды талап еттi.
Бiрақ Кремль қанша жанталасса да, мұндай адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың iзiн жасыру мүмкiн емес.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті