1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №50 (16132) 23 маусым, бейсенбі 2016
23 маусым 2016
Күнес, Құлжа, Текес...

ТАСЫҒАН ӨЗЕНДЕРДIҢ ЗАРДАБЫ ҮЛКЕН

Апат айтып келмейдi. Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр өлкесiндегi қазақтар молынан мекен ететiн Алтай және Iле-Қазақ аймақтарында толассыз жауған нөсерден өзен тасып, тасқын судан бiрнеше ауданда адам өлiп, мал шығыны болды.
Алтай аймағының Шiңгiл ауданында тұратын этникалық қазақ Қанатбек Байтоллаұлының “Азаттыққа” берген сұхбатына қарағанда, маусымның 17-18-i күндерi жауған жаңбыр Үлкен Шiңгiл өзенiндегi тоспаны бұзып кеткен. – Бiздiң малшылар мал төлдету қамымен әлi де көктеуде, бiрен-сарандары ендi ғана көшiп жатыр. Қазiр төр жайлаудағы (бөктерден жоғары, тау ұшынан төмен тұстағы жайлау) қар әлi толығымен кете қойған жоқ. Екi күн жауған жаңбырға ерiген қар суы қосылып, өзен арнасынан шығып кеттi. Бұл – Алтай аймағында болып отырған бiрiншi апат. Бұған дейiн мұндай жағдай болмаған едi. Үлкен Шiңгiл аңғарындағы жүздеген тұяқ мал шығыны шықты. Сонымен қатар өзен жағасына жақын жерлерде саяжай ашып, кәсiппен шұғылданатындардың дүние-мүлiктерiн тасқын алып кеттi. Орта жайлауға мал айдап бара жатқан жақын бiр ағайымыз суға кетiп қалды. Мүрдесiн маусымның 20-сы күнi таптық, – деген ол.
 Табиғат апатынан егiстiк жерлердiң бәрi бүлiнген. Шет жақта отырған малшылардан шыққан шығынды билiк әлi толық есептей алмаған. Өйткенi Үлкен Шiңгiл өзенiндегi көш өтетiн өткелдер мен көлiктерге арналған көпiрлердi су шайып кеттi. Оған қоса, төр жайлаудағы байланыс желiсi де құлап, байланыссыз қалдық, – деген малшы.
Тоқтаусыз жауған жауын Iле өзенiн де тасытып, арнасынан шыққан су бiрнеше ауылға жайылып кеткен. Бұл аймақта да адам мен малдың суға кеткенi мәлiм болды. Ақпарат көздерi Тоғыз тарау, Күнес, Нылқы, Құлжа, Текес, Моңғолкүре мен Қорғас елдi мекендерiнде су тасқыны болып, 30 мыңға жуық адамның құтқарылғанын мәлiмдедi.
Жергiлiктi БАҚ-тың хабарлауынша, адам шығыны бар, iз-түзсiз жоғалып кеткендер де жоқ емес. Бұл аймақта 5722 адам қауiпсiз жерге көшiрiлген. 
Сонымен, төтесiнен келген төтенше жағдайдан ауыл шаруашылығына арналған 15 079,98 гектар жер және жайылымға арналған 1 439,9 гектар жер су тасқынынан зиян шеккен. Iле аймағында 211 тұрғын үй құлап, 1354 тұрғын үй тұруға жарамсыз болып қалған. Жергiлiктi тұрғындардың айтуынша, екi аймақта да апатқа ұшыраған аудандарда үкiмет құтқару жұмыстарын жүргiзiп, шыққан шығындарды есепке алып жатыр.
 Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесiнде шамамен бiр жарым миллионға жуық этникалық қазақ тұрады. Олардың денi мал шаруашылығымен айналысады.
 
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті