1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Қазақ» деген мемлекет болмаған, «қазақта шекара болмаған» деген сыңар-езу дүниелер біз үшін өте-мөте қиын мәселе болып отыр. Бұл – сан ғасырлық тарихы бар халық үшін өте ауыр жала. Еліміз, жеріміз, шекарамыз болмаса, бұл жерге қайдан келдік? Бізге ұлан-ғайыр бұл даланы кім әкеліп берді? Бұл жердің өз иесі бар, аумағы бар. Оның иесі – қазақ.
Автор: Бекболат ТІЛЕУХАН
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №53 (16135) 5 шілде, сейсенбі 2016
5 шілде 2016
Үйренсек – қырғыздан үйренейiк

Арыстанбек Мұхамедиұлының мемлекетаралық дау туғыза жаздаған ұшқары пiкiрiн бiз ұмыта бастағанымызбен, айыр қалпақты ағайындарымыз ұмытпапты. Осыдан бiрер күн бұрын мектеп бiтiрушiлерге алтын сертификаттарды тапсырып тұрып, қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев қазақ шенеу­нiгiн жанама түрде болса да бiр түйреп өттi.

Мәдениет саласын басқарып отырған министрдiң: “Мәскеуге немесе өзге қалаларға ұшып барғанда қоғамдық дәретханаларды көршiлерiмiз – қырғыздың жас қыздары тазалап жүр­генi аянышты”, – деген мә­дениетсiздеу сөзiн меңзегендей болған А.Атамбаев: “Бiреу­лер көше сыпырып жүр” дейтiн министрлерге айтарым, ...ешбiр еңбектiң ұяттығы жоқ. Ұры министр болғанша, көше сыпырған артық”, – деп кесiп айтты.
Шынымен де, миллиардтаған ақшаларды оффшорға тығып тастап, судан ақ, сүттен таза кейiп танытып жүргендердiң барлығы бiр­дей адал еңбегiмен байыды ма? Ал егер халық несiбе­сiне қол сұғу арқылы оңай жолмен қоңданса, көлеңкелi жолмен көлденең табыс тапса, ол – ұры емей, кiм?..
Бiрақ өзiне қарамай, өзгелер туралы астамси сөйлейтiндер көп. Дәретхана жуып жүргендерге жаны ашығансып: «Бұл, әрине, адамдық сезiмiңе әсер ете­дi. Олар жап-жас болып бұл iске – қоғамдық әжетхана тазалауға қалай тап болды?» деген сөзi А.Мұхамедиұлын солардың санатынан бiр-ақ шығарды. Өзi кеше кiм болды, қандай баспалдақтардан, қандай сынақтардан өттi? Оның бiрi де ойда жоқ. Құдды министр күйiнде көктен салбырап түскен сияқты. Бәлкiм, шынымен де солай: аспаннан түскен­дiктен де, осылай аспандап, ауа жайылып сөй­леген шығар. Ал түптамыры тереңдегi адамның уәжi де негiздi. Мәселен, осы жиында А.Атамбаев өзiнiң мектептi кiлең беске бiтiре тұра, жағдайға байланысты, кезiнде көше сыпырып, пеш жаққанын, жүк тасығанын да жасырмады. Өмiрге үлкен жолдама алып жатқан жас түлектерге: “Ешқандай жұмыстан арланбаңдар, кез келген жұ­мыс – үлкен мәртебе”, – деп ағалық ақыл қосты.
Бұл А.Атамбаевтың қырғыз жастарын жаппай қара жұмысқа үндегенi емес, әрине. Айтуынша, Қырғызстан – мемлекеттiк қазынаның 20 пайызын бiлiм беру саласына бөлетiн әлемдегi жалғыз ел. Соны ерекше атап өткен Алмазбек Атамбаев: “Бiзде мұнай да, газ да жоқ. Бiрақ сендер барсыңдар. Сендер – бiздiң болашағымызсыңдар”, – деп, жастардан үлкен үмiт күтетiнiн аңғартты. Әрi сертификатпен қа­тар, мектептi үздiк бiтiрген тү­лектердiң әрқайсысына 50 мың сом­нан берiп, бiр-бiр планшет сыйлады.
Осындайда ерiксiз ойлайсың: үйренгiш болсақ, бiз неге осы айналамыздағылардан-ақ үйренбей­мiз: дұрыс ойлауды, дұрыс сөй­леудi және сол сөзiмiзге сай iс атқаруды!..
Н.Қоңыр.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (1)
Болатхан | 1 наурыз 2017 07:40
Марқұм анам Метей айтушы еді : " Тамақтың бір жақсысы қарта еді, ол да бір тегіне тартады "- деп. Түсінбедім дегенімде : " Балам , қазақтың бір сүйсініп жейтін тамағының бірі жылқының қартасы еді . Бірақ сол қартада бір ис бар, тегіне тартытып тұр " - деп. Ел басқарып жүрген азаматтардың атқарған ісіне қарап тегін де шамалауға болады дегіім келеді.
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті