1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
«Хабар» телеарнасын көріп, «Казахстанская правда» газетін оқысақ, сыпыра мақтану мен лепірме сөздерден басың айналады. Осы айтылып жатқанның барлығын өмірде неге байқамайтындығыңа қайран қаласың. Олардың айтуларына қарағанда Қазақстанның керемет табыстарға жеткендігі сондай, америкалықтар, жапондар мен шведтерге бізге қызыға да қызғана қарайтын уақыт болып қалыпты. Ал, азиялықтар, латынамерикасы мен африкалықтар қызғаныштан жарылып өлсе де болады.
www.azattyq.org
Автор: Герольд Бельгер, жазушы, аудармашы.
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №69 (16151) 30 тамыз, сейсенбі 2016
30 тамыз 2016
Қырғызстан қара жамылды

Қырғызстанда Мәскеудегi өрттен 14 адамның және Бiшкек-Ош тас жолындағы көлiк апатынан 9 адамның қаза болуына байланысты 29 тамыз қаралы күн ретiнде жарияланды.

Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаев Мәскеуде болған қайғылы жағдайға қатысты: “Бұл - Қырғызстан халқы үшiн орны толмас ауыр қайғы. Мемлекеттiк органдар құрбан болғандар мен зардап шеккендердiң отбасыларына қолдау көрсету шараларын жасайды. Адам өлiмiнiң шынайы себептерiн анықтау жұмыстарына байланысты Ресейдiң мемлекеттiк органдарымен тиiстi келiссөз жүргiзiледi” деп мәлiмдедi.
Тамыздың 27-сiнде Мәскеу баспаханаларының бiрiндегi өрттен 17 адам, оның iшiнде бiр аяғы ауыр әйел қаза тапты. Марқұмдардың 14-i қырғыз азаматы. Баспаханадағы жұмысшылар ауысымы кезiнде шыққан өрт әп-сәтте 200 шаршы метрден астам жердi шарпыған. 135 өрт сөндiрушi, 31 техниканың көмегiмен сөндiрiлген өрттiң шығу себебiне байланыс­ты екi түрлi жорамал бар. Ресейдiң тергеу комитетi Алтуфьев шоссесiндегi ғимаратты бiреулер әдейi өртеген деп санайды. Соған байланысты тергеу комитетiнiң Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасы “Абайсызда адам өлiмiне және басқа да ауыр зардаптарға соқтырған мүлiктi әдейi құрту және бүлдiру” деген баппен қылмыстық iс қозғаған.
Ал Ресейдiң төтенше жағдайлар министрлiгi өрт электр шамынан шыққан деп санайды. Олардың пiкiрiнше, бұл кезде ғимараттың төртiншi қабатында болған жұмысшылар тез тұтанған оттың түтiнiне тұншығып, шыға алмай қалған.
 Мәскеу қаласының мэрi Сергей Собянин өрт себептерiн анықтау жұмыстарына қатысатынын мәлiмдедi. Және Собянин – ресейлiк ресми орындардан қырғыз елiне қайғылы оқиғаға байланысты көңiл айтқан әзiрге жалғыз шенеунiк. Мұның алдында Ресей президентi В.Путин итальян премьер-министрi Маттео Ренциге Аппенин түбегiндегi зiлзала құрбандарына байланысты көңiл айтқанымен, “бауырлас қырғыз елiне” келгенде үнсiз қалды.
 Аза күнiнде Қырғызстан аумағында және осы елдiң шетелдердегi дипломатиялық және консулдық өкiлдiктерiнде мемлекеттiк тулар төмен түсiрiлдi. Бұл күнi көршi елде телеарна мен радиоларда және мәдениет орындарында ойын-сауық бағдарламаларын көрсетпеу сұралды.
 Қырғызстан үкiметi басшысының орынбасары Гүлмира Құдайбердиева Мәскеуге осы оқиғаның себептерiн анықтауға баратынын және “Мәскеуден баспада шыққан өрттiң себептерiн тексерудi талап ететiндерiн” мәлiмдедi.
Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президентi Алмазбек Атамбаевқа азаматтарының қаза табуына байланысты көңiл айтты.
 Ал Бiшкекте өткен азалы жиында қоғам белсендiлерi елдiң Еуразиялық экономикалық одақтағы әрiптесi – Ресейде еңбек мигранттарына қатыс­ты терiс көзқарастың тыйылмай тұрғанын, бұл елде қырғыз азаматтарына қатысты оқыс, қайғылы оқиғалардың жиiлеп кеткенiн айтып, наразылықтарын бiлдiрдi.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті