1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Баян-Өлгийдегі қазақ отбасын Қазақстанда шығатын мерзімді басылыммен қамтамасыз ету, Ұланбатыр маңайына қазақ теледидарын қосып беру, меніңше, Қазақстанның қолынан келеді. Тіпті, өзге емес, түріктердің өзі Күлтегін мен Білге қағанға арнап керемет Орхон музейін салыпты. Бізді қатты таңқалдырды. Бірақ, біздің шеттегі қазақ диаспорасына көмектесуге ынтамыз аз.
Автор: Дос Көшім, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының жетекшісі
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №79 (16161) 4 қазан, сейсенбі 2016
4 қазан 2016
«Бук» иесi белгiлi. Ендiгi жағдай қалай өрбидi?

Халықаралық тергеу тобы 2014 жылдың шiлде­сiнде Донбасста құлаған малайзиялық Boeing ұшағын Украинаға Ресейден әкелiнген, кейiн керi әке­тiлген “Бук” зымыран кешенi атып түсiрдi деген қорытынды жасады. Комиссияның есебi “аралық” деп аталса да, шын мәнiнде бұл түпкiлiктi тұжырым. Ресей аяқастынан өзiн ақтап алатын жаңа “бұлтартпас дәйектер” тапса да, ол айғақтары тергеушiлер­дiң шешiмiн өзгерте алмасы, яғни халықаралық қауымдастықтың бұдан басқа нұсқаны қарастырмасы анық.

Ендi Батыс Кремльдiң ке­зектi “бұлтартпас дәлелде­рiне” сенбейдi, өйткенi ресей­лiктердiң бұған дейiнгi болжамдары тiптi қарапайым қи­сынға қисық келiп жататын. Мысал келтiрейiк, алдымен Кремльдiң бақылауындағы ресейлiк ақпарат құралдары Торез қаласының маңында Украина қарулы күштерiнiң АН-26 жүк тасымалдаушы ұшағын атып түсiрген “донецк ерiктiле­рiнiң кезектi жеңiсiн” жалаулатып жазды. Құлаған ұшақ Амстердамнан ұшып шыққан малайзиялық жолаушы ұшағы екенi белгiлi болғанда, ресей­лiк ақпарат құралдары донец­кiлiк жасақтарда биiкте ұшып бара жатқан ұшақты атып түсiретiн қару жоқ екенiн айтып шыға келдi. Артынша атып түсiрiлген жолаушы ұшағының жанында украин әскери ұшағын байқадым деген “испан дис­пет­черiнiң” твит жазбасы туралы жарыса жазды. Ақыры “диспетчердiң” твиттер-аккаунты жалған болып шықты.
 Одан әрi ресейлiк журналистер “Боингтi” атып түсiр­ген­­дердiң басты нысанасы Латын Америкасындағы сапарынан қайтып келе жатқан Ресей президентi В.Путин болса керек деген дүдәмал жорамалдарын жариялады. Ол аз десеңiз, көршi елдiң бiлдей басылымдары Ресейдi арандату мақсатында “Боинг” өлген адамдарды тиеп ұшқан-мыс деген ақылға қонбайтын болжамдарды жасап жатты.
Бұл долбарлары ешкiмдi де сендiре алмаған соң, Кремль жандайшаптары “Боинг” жо­лау­шылар ұшағын украиндық “Бук” зымыран кешенi атып түсiрдi деп, оған уәж ретiнде әлдебiр зымыран кешенiнiң жер серiктерi арқылы түсiрiлдi деген суреттерiн көрсеттi. Ұшақтың бортта жасырылған бомбадан жарылғаны, оны украин әскери ұшағы атып түсiр­генi туралы тағы басқа нұсқалары бiрiнен соң бiрi масқарасы шығып әшкереленiп, әлем алдында бет-беделден жұр­дай болған соң, Ресей тарабы соңғы кездерi бұл оқиғаның болғанын ұмытуға тырысқан түр танытқандай едi.  
Ендi бүтiн бiр бөлiм әскери­лерi қызмет көрсететiн, атпақ түгiлi, орнынан қозғап, нысананы көздеу үшiн арнайы техникалық бiлiктiлiктi қажет ететiн зымыран кешенiн кешегi шахтерлер мен көлiк жүргiзушiлерi игерiп кеттi дегенге сөз шығындаудың да қажетi жоқ. Бейбiт жолаушыларды Ресей тарабы неге өлiмге қиды? Ен­дiгi қойылар сұрақ осы. Қылмыс екi жолмен ғана жасалады. Әдейi немесе жанама пиғылда.
 Қаскөйлiкпен емес деген күннiң өзiнде “Букты” Донбасс­қа жеткiзуге бұйрық берген, сондай шешiм қабылдаған адамдар зымыран кешенi қолданылатын ауданда жолаушылар ұшағының, оның iшiнде ресейлiк әуе компаниялары ұшақтарының ұшатынын бiлдi. Одан хабардар болу үшiн кез келген адам қолдана алатын FlightRadar24 сайтын ашса жеткiлiктi. Дыбыстан ұшқыр ұшақтарды құс қанаты талатын биiктен атып түсiруге қауқарлы болғанымен, “Бук” зымыран кешенiнде әскери ұшақты азаматтық ұшақтан айыра алатын құралдың жоқтығын да жақсы бiлдi. Бiрақ сөйте тұра, ұрыс ауданында “Бук” зымыран ке­шенiнiң пайда болғаны және оның қолданылуы мүмкiн екенi жайлы Украина тарабы мен халықаралық авиация қауымдастығын ескертпедi.
Путиннiң қанқұйлы саясатын көре отырып, Ресей билiгi бұл қылмысқа әдейi бармады деп айта аламыз ба? Егер “Буктың” көздегенi басқа нысана болса ше? Ол жақта ресейлiк жолаушы ұшақтарының да тобымен ұшатынын жоғарыда айттық. Украинаны арандату үшiн, әлем алдында бұл елдi кiнәлi етiп көрсету мақсатында өз азаматтары отырған бiр ұшақты құрбандыққа шала салуды көздесе ше? Бұл әрине, жорамал. Дегенмен, ресейлiктердiң ақылға сыймайтын болжамдарына қарағанда бұл ойымыздың жаны бар секiлдi көрiнедi.  
Ерте ме, кеш пе тергеушi­лер “Букты” Украинаға апаруға бұйрық бергендердiң, оны бөтен елдiң аумағына жеткiз­ген­дер мен зымыранды ұшыр­ғандардың есiмдерiн жариялайды. Кремль әдеттегiдей ол адамдардың ешқашан әскерде қызмет етпегенiн немесе 2014 жылға дейiн әскер қатарынан кеткендерiн мәлiмдейдi.
 Ал Батыс халықаралық сот арқылы әлгiлердiң үстiнен үкiм шығарып, Ресейден миллиондаған өтемақы төлеудi талап етедi. Оған көне қоятын Кремль ме, жауап ретiнде екi жақ бiр бiрiне жаңа “санкциялық соғыс” жариялайды. Қы­рымды тартып алғанын мойындамаған елдiң мұны мойындай қоятынына күмәнiмiз бар.
Сөзiмiзге дәлел ретiнде мына оқиғаны келтiрейiн. Бүкiл әлем қайғылы оқиғаға кiнәлi ретiнде айыптап жатқан Ресейде балалар жиһазын жасайтын «CARoBUS» компаниясы “Бук М-1” үлгiсiндегi балалар төсегiн жасап, сатуға шығарды. Кәсiпорынның Антон Коппель дейтiн директоры Жеңiстiң 71 жылдығына арнайы дайындалған “Бук-төсектiң” он шақты үлгiсiн барлық өңiрге жолдағандарын айтып, “мұн­дай төсектi жасағанда тұрған не бар?” деп ағынан жарылыпты.
 Бұл қайғылы оқиға драмалық шешiмiне ендi жеттi. Ал менiң есiме осыған ұқсас басқа оқиғаның тарихы түседi. Өзiнiң бұйрығымен жолаушылар ұшағын жарып жiберген­дер­дi кейiнiрек санкцияларын алуға уәде еткен Батыс елдерi­не ұстатып жiберген басшы ақы­рын­да өтемақыны да төлеуге мәжбүр болған. Бiрақ бiз айтып отырған Муаммар Кад­дафидiң онымен оңай құтылып кетпеге­нiн де оқырман жақсы бiледi. Әрине, Ресей Ливан емес, бi­рақ тарихтың қайталанып отыратын әдетi де бар.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті