1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Еуропа болсын, оның ар жағындағы АҚШ болсын, ешқайсысының «Қазақстанды көтерейік, гүлдентейік» деген титтей де ойы жоқ. Мұнда олар «Қазақстанды пайдаланайық» деген оймен ғана келеді. Барлық жерде жаулап алды. Пайдаланды да, тастай салды. Тыржалаңаш шешіндіреді де, жібере салады. Соны ұғуымыз керек.
Автор: Тоқтар Әубакіров, ғарышкер
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №80 (16162) 6 қазан, бейсенбі 2016
6 қазан 2016
АҚШ-Ресей: Жағдай ушығып барады

Сирия төңiрегiндегi дау-дамайда АҚШ пен Ресейдiң ара қатынасы тығырыққа тiреле бастады. Аймақтағы жағдайды реттеуде Құрама Штаттар Ресей Федерациясымен арадағы байланысты үздi. Анығында, үшiншi қазан күнi Вашинг­тон Сириядағы жағдайды реттеуде Мәскеумен арадағы екiжақты келiсiмдердi тоқтатты. “Сирия бойынша келiсiмдер тұрғысынан алып қарағанда АҚШ пен Ресейге одан әрi талқылайтын дәнеңе қалған жоқ. Бұл Сирия халқы үшiн өте қайғылы жағдай”, – деп мәлiмдедi АҚШ президентiнiң баспасөз хатшысы Джош Эрнест. Ресейдiң сыртқы iстер министрлiгi Вашингтонды “албастымен мәмiлеге келетiнi” үшiн яғни, Дамаск билiгiн тақтан тайдыру мақсатында АҚШ-тың лаңкестермен келiсiмге келу дайындығын жазғырып жатыр. Сонымен Сирия дағдарысына байланысты ресейлiк-америкалық қайшылық қайда апарады? Кейбiр сарапшылар айтып жүргендей, жаһандық дау-дамай, атап айтқанда, үшiншi дүниежүзiлiк соғыс бастала ма?

“Қазiр үшiншi дүниежүзiлiк соғыс туралы айтып, қалыптасқан жағдайды ушықтыруға болмайтын шығар”, – дейдi Ресейдiң геосаяси мәселелер жөнiндегi академиясының президентi Леонид Ивашов. – Дегенмен, қақтығыстар орын алуы әбден мүмкiн. Америкалықтар және олардың одақтастары оның iшiнде Түркия да бар, соғыс iс-шарасын жоспарлап жатыр. Бұлар Сирия аумағында құрлықтық шабуылға дайындалуда. Әңгiме, Ракканы құрсаудан босату жайында екенiн айтып өткен жөн. Түрiк әскерi Сирия аумағын қамти отырып, соққы бередi. Мұндай жағдайда Сирия қарулы күштерi мен Ресей әуе-ғарыш күшi қандай iс-әрекетке барады? Бұл – әрi ауқымды, әрi күрделi мәселе. Сондықтан АҚШ пен Ресей арасында iрi әскери жанжал бас көтеруi ықтимал.
“Кейбiр сарапшылардың үшiн­шi дүниежүзiлiк соғыс туралы айтып жатқаны – дақпырт”, – деп Шығыстану институтына қарасты араб және ислам зерттеу орталығының қызметкерi Борис Долгов БАҚ-қа түсiнiктеме бередi. – Менiңше, соғысқа апаратындай жағдай байқалмайды. Сирия дағдарысы айналасындағы АҚШ пен Ресей қарым-қатынасының шие­ленiсiнде ең алдымен мұны Вашингтон және олардың одақтастары үшiн әу бастағы жүргiзген саясатының заңды жалғасы деп түсiн­ген жөн. Олардың мақсаты – өздерiнiң оң жамбасына келмей­тiн Башар Асад басшылығын кез келген жолмен тайдыру. 
Осыдан бiр апта бұрын АҚШ-тың қорғаныс министрi Эштон Картер Сирия дағдарысында ядролық қару қолдану мүмкiндiгiн жоққа шығармады.
Г.Қапан.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті