1921 жылы 22 наурыздан шыға бастады
Бастапқы
АЙТЫЛҒАН СӨЗ
Қазір зиялы қауым арасында «Елім, жұртым!» деп ұрандаушылар саны басым. Олар бір қарағанда, қазаққа шын жанашыр тәрізді көрінеді. Алайда айналып келгенде, қазақ зиялыларында турашылдық жоқ. Ақиқатында, ұлттың мақсат-мүддесін көздейтін, ұлт үшін шыбын жаны шырқырайтын адам саусақпен санарлық. Осыны біліп отырған халық «біздің зиялыларымыз тым жалтақ» демегенде не дейді?
Автор: Тұрсынбек Кәкішев, жазушы-ғалым
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жас Алаш №85 (16167) 25 қазан, сейсенбі 2016
25 қазан 2016
«Норман төрттiгi»: Батыс Ресейдiң ығына жығылды

Соңғы бiр жылда алғаш өткен “Норман төрттiгiнiң” Берлиндегi келiссөздерi айтарлықтай нәтиже әкелмедi. Украинаның оңтүстiк-шығысындағы қарулы қақтығысты ауыздықтауға қатысты бiрде-бiр құжатқа қол қойылмады. Украина, Ресей, Франция және Германия басшылары тек бұрын қол қойылған, қақтығысты тоқтату мен бiтiмге келудi көздейтiн Минск келiсiмiн қалпына келтiру секiлдi мақсатты көздейтiн “жол картасын” әзiрлеуге келiстi.

Бұл жолғы кездесудiң жалғыз тұшымды нәтиже­сi – Донбасста ЕҚЫҰ-ның қарулы полиция миссиясын орналастыру туралы уағдаластық. Бұған дейiн Украина Ресей қолдап отырған сепаратистердi ауыздықтау үшiн аймаққа бiтiмгерлiк күштерiн жiбе­рудi сұраған едi. Украина президентi Петр Порошенко кездесуден соң журналистермен жүзде­суiн­де “жол картасын” әзiрлеудi украин тарабының жеңiсi есебiнде көр­сеткiсi келгенiмен, Украинаның күткенi бұл емес екенi түсiнiктi. Өйткенi Донбасста жүрген ЕҚЫҰ өкiлдерi ДХР және ЛХР белсендiлерiнiң үнемi жұ­мыстарына кедергi келтi­ре­­тiнiн айтып шағымданады. Қолдарында тапаншадан басқа қаруы жоқ еуропалық полицейлерден халықаралық қауымдастық мойындамаған екi республиканың мұздай қаруланған 40 мыңдық әскерi қаймыға қоймасы анық.
Франция мен Германия мұрындық болған бейбiт келiсiм Донбасста жергi­лiктi сайлау өткiзудi, се­пара­тистердiң бiр бөлi­гiне кешiрiм берудi және Украинаның Донбасс ар­қылы Ресеймен шекте­сетiн шекарасын Киевтiң бақылауына берудi көз­дейдi. Ресей президентi В.Путин Украина басшылығынан алдымен мойындалмаған екi республикамен келiсiп алуды талап етуде. Тек осы жағдайда ғана Кремль Украина соғыс өр­тi шарпыған жер­лерiн өзiне қайтара алады деп мәлiмдейдi. Яғни, Мәскеу ДХР мен ЛХР-дың кем дегенде ерекше мәр­тебеге ие болғанын қалайды. Бұл iске аспаса В.Путин “Орыс көктемiн” қызу қолдаған ресейлiктердiң көз алдында жеңiлiске ұшыраған болады.
Әзiрге Берлинде өткен кездесу Кремльдiң пайдасына шешiлдi дей аламыз. Батыс “украин дағдарысында” Ресеймен ымыраласуға дайын екенiн бiл­дiрдi. Еуроодаққа келуге тыйым салынғандардың тiзiмiнде жүрген В.Путин­нiң көмекшiсi Владислав Сурковтың Берлинде төбе көрсетуi осындай ойға жетелейдi. Германия канц­лерi Ангела Меркель Ук­раи­на Донбасста сайлау өткен соң ғана иесiз ашық жатқан шекарасына бақылау орната алатынын мә­лiмдедi. Өз кезегiнде Украинадағы оппозиция да, қарапайым жұртшылық та Берлиндегi келiссөз нәти­жесiн Порошенконың же­ңiлiсi ретiнде бағалауда. Ал Украина парламентiнiң депутаты Надежда Савченко “мұндай кездесуден кейiн П.Порошенко Украинаның бұрынғы президентi В.Януковичтен кешiрiм сұрап, орнын соған босатып беруi керек” деп мә­лiмдедi. Украинадағы пре­зиденттiк билiк шектеулi екенi белгiлi. Порошенко еуропалықтардың жоспарына келiсiм бергенiмен қазiрдiң өзiнде оны Жоғар­ғы Раданың қабылдамайтыны белгiлi. Және бұл жос­пар Украинаның iшiнде жаңа саяси дағдарыс тудыруы әбден мүмкiн.
Әдiл ҰЗАҚБАЙ.
« алдыңғы бетке  |  келесі бетке »
ПІКІРІН БІЛДІРГЕНДЕР (0)
Пікіріңізді бөліскіңіз келсе:*
Жазылатын пікірдің көлемі 500 символдан аспауы керек
Аты-жөніңіз:*
E-Mail (сайтта жарияланбайды):
Мына код-сандарды енгізуіңізді сұраймыз:*
Жаңарту
* - жазылуы міндетті