7 қаңтар 2010
Демократқа көрсетiлген құрмет
Қырғызстандағы оппозициялық “Ата-Мекен” партиясы өткен жылдың соңында Алматыда қаза тапқан журналист Геннадий Павлюктiң атындағы жүлде тағайындады. Сыйлық Қырғызстанның адам құқықтары мен баспасөз бостандығы, демократия жолындағы күресте белсендiлiк пен табандылық көрсеткен азаматтарға берiлмек.
Геннадий Павлюктi саяси режимнiң құрбаны ретiнде атаған қырғызстандық “Ата-Мекен” партиясының төрағасы Өмiрбек Текебаев: “Геннадий Павлюк тек Қырғызстан ғана емес, Орталық Азияда танымал журналист едi. Ол соңғы кезде Қырғызстанда қоғамдық-саяси iстермен белсендi айналысты. Бiз Геннадий Павлюктi бүгiнгi Қырғызстандағы режимнiң құрбаны ретiнде санаймыз. Павлюктiң ерлiгiне, позициясына баға бере отырып, Қырғызстанда оның идеясын, принциптерiн қолдаған адамдарды қолдап-қолпаштау мақсатында бiз осындай қадамдарға барып отырмыз. Бұл сыйлық Павлюктiң есiмiн есте қалдырумен қатар, Қырғызстандағы патриот азаматтарға моральдық-саяси жағынан қолдау көрсететiн сыйлық болып қалады деп ойлаймыз”, – дейдi.
Геннадий Павлюк атындағы сыйлық ақшалай берiлетiн болады. Оның шарттары әлi қарастырылып жатқан көрiнедi.
Қырғыз журналисi Геннадий Павлюктiң денесi желтоқсанның 16-сы күнi Алматыда көпқабатты үйлердiң бiрiнiң маңынан табылған едi. Ол содан есiн жимаған күйi желтоқсанның 22-сi күнi Алматы ауруханасында көз жұмған болатын.
Қырғыз журналисi Геннадий Павлюктiң денесi желтоқсанның 16-сы күнi Алматыда көпқабатты үйлердiң бiрiнiң маңынан табылған едi. Ол содан есiн жимаған күйi желтоқсанның 22-сi күнi Алматы ауруханасында көз жұмған болатын.




